Статистика блога
195
Записей
3619
Обращений
153494
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Шабыт» сыйлығының лауреаты

«Шабыт» сыйлығының лауреаты

Қостанайдағы Меценаттар клубының «Қазына» және «Шабыт» сыйлығының жыл үздіктерін марапаттау рәсімінің марапатталатындар қатарында «Білім» номинациясы бойынша Б. Майлин атындағы №3 орта мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары, география пәнінің мұғалімі Зайнуллин Мұрат Рауилұлы да болды.

Қостанайда 2000 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келе жатқан облыстық Меценаттар клубы тағайындаған «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтарын тапсыру салтанаты өтті. Айта кету керек, елімізде теңдесі жоқ осынау «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтары 2000 жылдан бері тапсырылып келеді. Атаулы марапатқа «Әдебиет», «Бейнелеу өнері», «Театр өнері», «Музыка өнері», «Вокал өнері», «Хореография», «Журналистика», «Ғылым», «Мәдени мұра», «Ауыл жанашыры», «Білім», «Шығармашылық ұжым жетекшісі» аталымдары бойынша жоғары кәсіби шеберлігімен озып шыққан алуан түрлі саланың мамандары ие болады. «Кәсіпкерлеріміз өңірдің дамуына үлес қосып келе жатқан, еңбегімен оқ бойы озық шыққан сала мамандарына қаржылай демеу көрсетіп отырады. Бір қуантатыны, жылдан жылға Меценаттар клубы сыйлығына үміткерлер қатары көбейіп келеді. Осыдан төрт жыл бұрын небәрі 80 адам қатысса, биыл 150 үміткер тіркелді. Еңбектері еленген жыл үздіктерін құттықтаймын. Ал кәсіпкерлерімізге өз атымнан алғысымды білдіремін. Жомарт жандардың әлі талай игі бастамаға мұрындық болатынына сенімдімін», - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов салтанатты рәсімдегі құттықтау сөзінде. Меценаттар өткен 18 жыл ішінде құны 226 миллион теңге болатын 448 сыйлық тапсырыпты.

Биылғы жылы «Шабыт» сыйлығының «Білім» аталымы бойынша лауреаты және 250000 қаржылай сыйақысын 2015 жылы Петропавл қаласында өткен X Халықаралық «Талантты ұстазға- дарынды оқушы» атты педагогикалық олимпиаданың I орын иегері, 2016 жылы Қостанай қаласында өткен жаратылыстану және математика бағытындағы пәндер бойынша өткен облыстық мұғалімдер олимпиадасының II орын иегері, 2017 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалының ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық инновациялық жобалар фестивалінің II орын жүлдегері Зайнуллин Мұрат Рауилұлы иеленді.

Мұрат Рауилұлының «Шабыт» сыйлығының лауреаты атануы жылдармен келген еңбегінің нәтижесі және бұл марапаты алдағы ізденіс жұмыстарына шабыт берері хақ.

 
Отправить письмом