Статистика блога
195
Записей
3156
Обращений
138443
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

«Жаз қызығы таусылмасын» атты 1 күндік палаткалы лагер өтті.

2018 жылдың 7 тамызында «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ тапсырысымен «Көшбасшылар мектебі және Ұланымыз ұлы елдің» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен «Жастар-Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп жанынан құрылған жазғы лагерь демалушыларын 1 күндік палаткалы лагерь қаламызға қарасты БДСО «Құрылысшы» жазғы демалыс лагерінде өткізілді.              Іс - шара мақсаты оқушылардың жан-жақты ой ұшқырлығын жетілдіру, бос уақытын тиімді өткізу, интеллектуалды деңгейін арттыру және қатысушылардың арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады.

Таңғы сағат 07:30 арнайы автобустарымен лагерге барып, әр мектеп өздерінің палатқаларын құрды. Палаткалы лагердің ашылуында «Жастар –Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Амангелді Ахметжанов сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Шараға қала мектептерінен 150 бала қамтылды. Сонымен қатар бағдарлама бойынша таңғы жаттығу жасап, бағдарлама бойынша спорттық іс – шаралар ойнатылды. Атап айтар болсақ, стритбол, асық ойыны, аударыспақ және де көңілді мәре сайыстары өткізілді. Барлық оқушылар барлық спорттық ойындарға ат салысты. Сағат 13:00 де оқушыларға арнайы түскі ас ұйымдастырылды. Түстен кейін балалар нептун күні яғни су ату ойынына қатысты. Лагер демалушылары өздері келген табиғттың суретін салып, биден жарыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар лагер демлушылары «Мен өнерлі баламын» атты өз өнерлерін көрсету сайына қатысты. Іс-шара соңында барлық мектеп алды лагер ұжымдары алғыс хаттармен марапатталды. Демалушылар естелік суретке түсіп көңілді тарқасты.

 

Раздел не найден.

Отправить письмом