Статистика блога
195
Записей
3256
Обращений
142588
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Жаңа оқу жылында IT кабинеті ашылды

Жазғы демалыстан соң білім ордалары оқушыларымен қайта қауышты. Биылғы бір жаңалық №4 мектепте IT сыныбы өз жұмысын бастады. Білім күнімен №4 мектеп оқушыларын қала әкімі Эльдар ҚОНЫСБАЙҰЛЫ арнайы құттықтап, жаңа оқужылында барлығына сәттілік тіледі. Онымен қоса құны 1 миллион теңгеден асатын IT кабинетін ашты. – Бұл жерде тоғызыншы – он бірінші сынып оқушылары виртуальды моделдеуді үйренеді. Осы моделдеу арқылы әрі қарай«Жасұлан» БЖО барып, кәнігі құлтемірмен жұмыс жасайды. Оған екі сағат бөлінген, маманымыз бар, барлық компьютерлер ғаламтор желісіне қосылған. Мұндай орынның ашылуына «Нұр отан» партиясы, Арқалық қалалық филилалы да өз үлесін қосты,- деп ақпарат берді №4 мектеп директоры Нұрлан СӘДУОВ. Айта кетейік, №4 мектеп оқушыларының санымен қала бойынша көш басында. Биыл да бұл мектепте 5 бірдей 1-ші сынып ашылды. Оның төртеуі мемлекеттік тілде, біреуі орыс тілінде білім береді. Бірінші сыныпқа биыл барған 130 бүлдіршінді қоса есептегенде, №4 мектеп оқушыларының саны1135 –ке жетіп отыр.


                                                                                                                                                                                                                   «Арқалық хабары»

 
Отправить письмом