Статистика блога
195
Записей
3256
Обращений
142593
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Қоғамда түрлі әлеуметтік жағдайлармен балаларды мектепке қажетті киім-кешек, оқу-құралдарымен қамту қиынға соғып жатады. Аталған мәселені шешудің бір жолы – еліміз бойынша жүргізіліп келе жатқан – «Мектепке жол» акциясы екені мәлім.

«Қарайласқанның қазаны ортаймас» деп, қайырымдылық шара-сына қала әкімі Эльдар КҮЗЕНБАЕВТЫҢ өзі ат-салысты. Акция аясында әкім № 4 мектептің 9 сыныбында оқитын Мәдина САҒДАТҚЫЗЫН өз жұмыс бөлмесінде қабылдап, оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен мектепке киетін киім – кешегін де сатып алып берді. Жаңа оқу жылында сәттілік тілеймін. Сабағыңды өте жақсы оқы. Әжеңнің сенімін ақта. Бар арман – мақсатың орындалсын,- деп тілегін де жеткізді Эльдар ҚОНЫСБАЙҰЛЫ. «Мектепке жол» акциясы негізінен асыраушысынан айырылған, әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларға арналған. Қала әкімі қайырымдылық жасаған Мәдина да асыраушысынан айырылып, нағашы әжесінің қамқорлығына алынған. Оқушы қыздың нағашы әжесі немересіне көрсетіп отырған қамқорлығы

үшін жүрекжарды алғысын жеткізді. «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» дейді ғой. Міне, қаламыздың әкімі баламызға қамқорлығын

көрсетіп жатыр. «Жетім көрсең жебей жүр» деген қазақта сөз бар ғой. Мәдина жалғыз қызымнан қалған 5 баланың 3- ші перзенті. Балаларға тек бүгін ғана емес, білім бөлімінің, № 4 мектептің тарапынан әрқашан көмек беріліп келеді. Осы үшін өз ризашылығымды білдіремін,- дейді балаларды қамқорлығына алған Қатима ҚОЙШЫМАНҚЫЗЫ.Өткен оқу жылында «Мектепке жол» акциясы арқылы қала аймағындағы 382 оқушыға 2 млн. 746 мың 300 теңгенің көмегі көрсетіліпті. Биыл да бұл қайырымдылық шарасы жомарт жандардың арқасында жүзеге асуда. Мысалы жуықта бір ғана «Алюминқұрылыс» ЖШС 500 мың теңгеге 50 баланың оқуға қажетті құралдарын сатып алып берді.

Айта кетсек, «Мектепке жол» акциясы арқылы әркім де қайырымдылық шараларына қатыса алады. Онда қаражаттың мөлшері нақты белгіленбеген. Мұқтаж оқушыға киім-кешек пе, сөмке ме, оқу құралдарын ба, не алып бергіңіз келсе де өз еркіңіз. Оған жеке адамдар да, ұжым болып та ат салыса алады.

 

Дархан АМАНТАЙҰЛЫ

 
Отправить письмом