Статистика блога
196
Записей
2749
Обращений
132136
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын негізге ала отырып, Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында атқарылған жұмыстар:

 

17 наурыз 2017 жыл.
«Ер адамдардың белдігі» тақырыбында лекцияда мұражай қорындағы күміс белдіктер туралы айтылды.

 

4 сәуір 2017 жыл.
«Сырмақ пен тұскиіз» тақырыбында лекция өткізілді. Мұнда сырмақ пен тұскиіздің айырмашылығы оның жасалу тәсілдері, оған пайдаланатын мата түрлері, тұскиіз бен сырмаққа салынатын ою-өрнек түрлері мен оны жасайтын халық шеберлері туралы айтылды

 

5 сәуір 2017жыл.
Торғайдағы 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісінің айбынды батырларының бірі және бірегейі, теңдесі жоқ сүрмерген  Кейкі батырдың қилы тағдыры жайлы «Құлан Кейкі туралы не білеміз?» атты тақырыптық лекцияға қаладағы барлық мектептердің оқушылары шақырылды.


 

7 сәуір 2017 жыл
Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті комзитор Бақытжан Байқадамовтың  туғанына 100 жылдығына орай «Саз өнерінің классигі» атты ән кеші өтті. Кешке Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің музыка бөлімінің камералық ансамблі, Б.Байқадамов атындағы өнер мектебінің оқушылары, Б.Бақытжановтың шәкірттері, «Қазына» ардагерлер ансамблінің мүшелері шақырылды.

 

17 сәуір 2017 жыл.
«Мұражай қорындағы орамалдар коллекциясы» тақырыбында лекция тартудың жас ерекшелігіне байланысты ерекшеліктері, орамалдың ғұрыптың мәні туралы айтылды.

 

7 мамыр 2017 жыл.
Отан қорғаушалыр  күніне «Қайрат» спорт кешенінде «Ұлттық ойындар» спорттық сайысы өтті. Сайысқа қаладағы № 1, № 6, № 4 жалпы орта білім беретін мектептердің оқушыларынан құралған командалар бес түрлі ойын бойынша сынға түсті. «Ұлттық ойындар» сайысына қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің мамандары төрелік жасады.

 

30 мамыр 2017 жыл.
Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының 100 жылдығына  орай «Алаш қонған ақ боз үй» атты көрме құрылып, өткен ғасырдың басында ел тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт зиялыларының ғибратты ғұмырлары жайында экскурсия жасалды.

 

1 маусым 2017жыл.
1 маусым – балаларды қорғау күніне орай мұражайға келуші балаларға «Алтын сақа» ертегісі қойылды.

 

4 шілде 2017 жыл.
А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы білім беретін мектеп лагерінің балаларына «Мұражай қорындағы аяқ киімдер»тақырыбында лекция өтті.


Отправить письмом