Блог статистикасы
196
Жазбалар
2593
Өтініштер
113013
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ақындар мүшайрасы

«Ойлы жас, өлеңменен сырласымдай,
Сырлассам да құмарым тұр басылмай
Айтып өткен ақында арман бар ма,
Жүрегінің түбіне кір жасырмай»

Мұқағали Мақатаев

 

«Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Арқалық қалалық Мәдениет сарайының ұйымдастыруымен «Жыры қалды жалынның ұшқынындай» атты жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Мүшәйраның негізгі мақсаты Ұлттың ұлы мұраты – Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің, сондай-ақ рухани құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығын көпшіліктің, жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы оларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа бағыттау. Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру болып табылды.

Мү­шәйра  арқылы қаламызға қарасты оқу орындарының жас ақын­дарын жыр додасында өз бақтарын сы­науға шақырып, нәтижесінде 12 үміткер қатынасты. Бұл жолғы мүшәй­раның алтын қазығы, жыр арқауы – Ұлт-азаттық көтерілістің қаһарманы Кейкі Көкембайұлының құрметіне және Нұрхан Ахметбеков пен Ғабит Мүсіреповтің 115 - жылдығына арналды. Асқақ рух пен терең сезімге тұнып тұрған нәзік те намысты жырлар туындатқан  жас жазба ақындарымыз барынша қазақ халқының ұлы ақындарының еңбектерімен мен Кейкі батырдың ерен ерліктерін жырға қосты.  Аталмыш іс-шараның барысы бойынша жазба ақындармыздың өлеңдегі өресін, қаламыздың белді ақыны, облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жүнісұлы  бастаған қазылар алқасы баға берді. Сахнаға кезекпен шығып,  өлеңдерін оқыған жас ақындарымыздың көкірегінен шыққан жыр жолдары жырсүйер қауымның жүрегінен орын алып, нәтижесінде қазылар алқасының шешімі бойынша үшінші орын Әуезхан Ернұр мен Жетпісбай Арайлымға берілсе, екінші орын Айтбаев Еркінғазы мен Тұрғынбаева Айжанға тиесілі болды. Өлең бәйгесінің бірінші орынын Сарманов Рамазан, ал «Бас жүлдені» еншілеген Ералиев Сағадат жеңімпаз атанды. Қалған қатысушыларға номинациялар беріліп, барлық қатысушы үміткерлерге бағалы сыйлықтар табысталды. Қаламыздың  абыройын асқақтатқан жас дүлдүл ақындарымызға осындай жеңістері көп болып, «Поэзия асқарында қанаттары талмай қалықтап ұша берсін!, - демекпіз.

 


Орындаған: қалалық Мәдениет сарайының әдебиет

бөлімінің меңгерушісі: Замзагүл Тапалова

хат жіберу