Блог статистикасы
196
Жазбалар
2824
Өтініштер
135046
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ауылшаруашылық қызметкерлері мерекесіне орай «Дархан дала ерлері!» атты мерекелік іс-шара

Ауылшаруашылық қызметкерлері мерекесіне орай «Дархан дала ерлері!» атты  мерекелік іс-шара.

2017 жылдың 9 қараша күні «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында ауылшаруашылық қызметкерлері мерекесіне орай «Дархан дала ерлері!» атты  мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шарада «Арқалық қаласы әкімдігінің ауылшаруашылық» ММ басшысы Нұрлыбеков Ғалымбек Ибрашұлы баяндама жасады. Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапаттау үшін сөз Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Мейірманов Болат Нұртанұлына беріліп, жалғаса келе қаламыздың қамбасын толтырып, ырысын молайтып жүрген еңбек ардагерлерін құттықтап өзінің жүрек жарды жылы лебізін айтты.  Мерекелік тілекті қала әкімі Балгарин Амантай Кәкімбекұлы алып, ол өз сөзінде ауылшаруашылық еңбеккерлерін айтулы мейрамдарымен құттықтап және марапаттап, мерейлі мерекеге жиналған ел-жұртты мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Салтанатты мерейлі мерекеде еңбектегі зор табыстары, өндірушілік жоғары сапалы үшін және ауылшаруашылық қызметкерлері күніне орай: Ауыл шаруашылығы саласындағы көп жылғы және жемісті еңбектері үшін қала әкімінің алғыс хатымен марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыс етті. Мерекелік іс-шараның соңы Мәдениет сарайы жанынан құрылған көркемөнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, мереке иелеріне және келген қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Арқалық қалалық Мәдениет сарайы әдіскері Қасымбаева. А.

хат жіберу