Блог статистикасы
195
Жазбалар
3371
Өтініштер
146380
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаттары»

«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ – іне қарасты білім беру мекемелерінде «Жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаттары» іс-шарасы өткізілді 

         «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ білім беру мекемелерінде білім басқармасының 2017 жылғы 28 - қарашадағы №5337 хатына сәйкес, 29 - қараша күні «Жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаттары» іс-шарасын өткізді.

         Білім беру мекемелерінің 9 - 11 сынып оқушылары арасында жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ұсынған баяндама, ақпараты негізінде адал болу, мемлекетке жанашырлықпен қарау және жемқорлыққа қарсы күресуге атсалысу қажеттігі жөнінде ескертілді. Сонымен қатар ұсынылған ҚР заңдарының баптары түсіндіріліп, жан-жақты ақпараттар берілді. Аталған іс-шара бойынша оқушылардың өзіндік ойын білу және дұрыс бағыт беру мақсатында топтық жұмыстар жүргізілді. Сыныптарда оқушылар өзара топтарға бөлініп, жаңа формат бойынша постер сызып, берілген тапсырмалар бойынша оларды қорғай білді. Барлық мектептерде аталған «Жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаттарына» - 853 оқушы қатысты. 

         Білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасында «Жемқорлықтың алдын алу сағаттары» іс-шарасы өткізіліп, мектеп ұжымдары қатыстырылды. Аталған іс-шара барысында мектеп басшылары, әкімшілігі жемқорлық саясатының елімізде жүзеге асырылуы бойынша және бұл сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға түсінік берді. Сонымен қатар мектеп жұмыстарына тоқталып, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары ашылып, жұмыс жасап жатқандығы және ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Парасатты азамат» бұрыштары бар екендігін тілге тиек етті.

         Аталған сағат барысында ұсынылған баяндама, ақпарат бойынша ҚР заңдары, оның баптары бойынша жан-жақты түсініктер беріліп, жемқорлыққа қарсы біріккен түрде күресу қажеттігін ескертті. Жалпы мұғалімдер арасында өткізілген іс-шараға - 487 мұғалім қатысты.  

хат жіберу