Блог статистикасы
195
Жазбалар
3371
Өтініштер
146372
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Үкіметтікемес ұйымдардың басшыларына Хабарлама

Үкіметтікемес ұйымдардың басшыларына Хабарлама 


2015 жылғы 2 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.
Осыған орай «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң ) 41-бабы 5-тармақпен толықтырылды. Яғни, коммерциялық емес ұйымдар (бұдан әрі – КЕҰ), сонымен қатар шетелдiк және халықаралық ұйымдар, жыл сайын 31 наурызға дейінгі мерзімде уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Коммерциялық емес ұйымдардың мәліметтерді ұсыну тәртібі «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен реттеледі.
Жоғарыда аталған Қағидалар мен оған әзірленген Әдістемелік ұсынымдармен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында (mks.gov.kz) танысуға болады («Заңнама» бөлімі, «Министрдің бұйрықтары» бөлімшесі, «ҮЕҰ» бағаны).
Осы ретте, уәкілетті органға КЕҰ-ның, сонымен қатар шетелдiк және халықаралық КЕҰ филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерi) мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы әкімшілік жауапкершілікті, оның ішінде үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруды қарастырады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабы).
Төменде көрсетілген тұлғаларды «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 41-бабының  5-тармағының  бұзушылықты болдырмау үшін  «Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ-не Абай даңғылы 29, 717 кабинетіне немесе 7-55-49 нөмірімен хабарласуын сұраймыз.

хат жіберу