Блог статистикасы
196
Жазбалар
2593
Өтініштер
112785
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Айқын» жобасы

«Айқын» жобасы

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің егеменді мемлекетіміздің ең басты құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары және бостандығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік істерге тікелей және өзінің өкілдері арқылы араласуға, мемлекеттік органдарға және өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық шағымдарды жіберуге құқылы.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетімен мемлекеттік органдардың жұмысының айқындығын және азаматтарға олардың өтініштерін қарау барысы туралы мәліметтерге қол жеткізу мақсатында «Айқын» жобасы дайындалып жүзеге асырылуда.

Бұл жоба, өтініштердің қаралу үрдісінің айқындылығын қамтамасыз етеді. Сондай – ақ азаматтарға өз өтінішінің қаралу барысы мен қаралу мерізімін бақылауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органға тікелей жүгінген азаматтарға 18 таңбалы нөмірі бар талон беріледі.

Талонның бірегей нөмірін пайдалана отырып өтініштің қаралу барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты :

-        8 800-080-7777 (стационарлық), 1414 (ұялы) нөмірлеріне қоңырау шалып;

-        - 1012-ге талон нөмірімен SMS – хабарлама жіберіп (барлық байланыс операторларына 15 теңге);

-        - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің http://qamqor.gov.kz сайтына кіріп, «Мемлекеттік органдарға өтініш» бөлімін таңдап, талон нөмірін теріп алуға болады.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР!    

         Өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкері Сізге өз қолымен куәландырылған бірегей нөмірі бар талон беруге міндетті.

          Осы тәртіп бұзылған жағдайда 7-11-05 нөмірі арқылы  Арқалық қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу Басқармасына хабарласа аласыз.


Арқалық қаласы
Аманкелді және Жангелдин
аудандары бойынша
ҚСжАЕ саласындағы заңдылықты
қадағалау жөніндегі аға прокуроры
әділет кеңесшісі                                                                                        А.И. Абжанова 

хат жіберу