Блог статистикасы
196
Жазбалар
2749
Өтініштер
132265
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Арқалық қаласы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезекті отырысы

Арқалық қаласы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезекті отырысы

Арқалық қаласы әкімдігі аппаратының отырыс залында 2018 жылдың 27 ақпан күні, қала әкімінің орынбасары Мусин Ирнат Галиханұлының төрағалығымен Арқалық қаласы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезекті отырысы болды. Ауыл әкімдері мен ұйымдар және мекеме басшыларының қатысуымен өткен отырыста, күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралды. Ауыл әкімдері мен ұйымдар басшылары көктемгі тасқын су кезеңіне қаншалықты дайын екендігі жөнінде баяндамаларын оқыды.

Отырыс қорытындысы бойынша, қала әкімінің орынбасары И.Г. Мусин және Арқалық қаласы төтенше жағдайлар бөлімі бастығы азаматтық қорғау майоры Ж.М. Әбдірахманов, комиссия мүшелеріне көктемгі тасқын су кезеңін ешқандай апатсыз және адамдар мен материалдық шығындарды болдырмау үшін нақты тапсырмалар берді.  

 


«1402» ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны

                                                                                                        

 

 

    Арқалық қаласы

ТЖБ-нің бас маманы

Хасенов Самат Бақытұлы

хат жіберу