Блог статистикасы
195
Жазбалар
3253
Өтініштер
142563
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялады:

«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, лауазымдық еңбек ақысы қызмет өтіліне байланысты 77 512  теңгеден 104 943 теңгеге дейін.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұрығымен бекітілген (бұдан әрі-Ережелер), «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу Ережесінің 76, 77 тармақтарына сәйкес мемлекеттік органға құжаттар берген Қазақстан Республикасының азаматтары конкурс қатысушылары болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2018 жылғы 05 наурызынан 2018 жылғы 15 наурызға дейін (Ереженің 72-тармағының 4) тармақшасына сәйкес 7 жұмыс күні, жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күнінен кейінгі келесі жұмыс күні).   

Жалпы конкурсқа қатусушылардың құжаттарын қарау күні 2018 жылғы 19 наурызда. Үміткерлермен әңгімелесу күні 2018 жылғы 20 наурызда.

Қорытынды отырысының күні 2018 жылғы 20 наурызда (ереженің 94 тармағына сәйкес, конкурстық комиссияның шешімі үміткердің қатысуынсыз ашық дауыс беру жолымен қабылданады).

Лауазымға тағайындау жоспарланған күні 2018 жылғы 26 наурызда немесе 2018 жылғы 02 сәуірінде (конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған адам мемлекеттік лауазымына тағайындауға құқығы бар, конкурстық комиссия шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күн өткен соң жарияланған лауазымға қабылдайды. Ереженің 100-тармағына сәйкес, егер конкурсқа қатысуға бір үміткердің және алған конкурстық комиссияның оң қорытындысы бойынша, конкурстық комиссияның қорытынды отырысының күннен бастап оның мақсаты жүзеге асырылуы мүмкін).

Жарияланған конкурстарға ақпарат Арқалық қаласы әкімінің ресми сайтында орналасқан сондай-ақ, барлығына қолжетімді орындарда орналастырады.

       

           Бірыңғай конкурстық

           комиссияның төрайымы                                                         Б. Мұқышева

хат жіберу