Блог статистикасы
196
Жазбалар
2749
Өтініштер
132129
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Суға түсу маусымы басталар алдындағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы мектеп оқушыларымен кездесу

Суға түсу маусымы басталар алдындағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы мектеп оқушыларымен кездесу

Ағымдағы жылдың 27 сәуірі күні «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесінде, Арқалық қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, бас маман Хасенов Самат Бақытұлы және аға инженер, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мұхаметжанов Мерей Ерболатұлының қатысуымен судағы қауіпсіздік іс-шараларын сақтау туралы 8,9,10,11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Мамандар балалар лагерлерінің жетекшілеріне 2015 жылдың 19 қаңтардағы № 34 су айдындардағы қауіпсіздік қағидаларының талабына сәйкес, суға шомылу маусымы басталар алдында барлық демалыс аймағының иелеріне:

- су айдындарда демалыс орындарының тиісті жабдықталуына, сонымен қатар адамдардың (балалардың), оқыс оқиғаларға душар болмауына жауапты екендігі жөнінде ескертті.

Кездесу барысында мамандар «Суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шараларын сақтау», «Жұқа мұз», «Өрт қауіпсіздігі» және «Көкшетау техникалық институтына түсу шарттары» тақырыптарында сөз сөйлеп, оқушыларға қауіпсіздік шараларын әрдайым естен шығармау керек екенін түсіндірді. Мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің сұрақтарын қойып, осындай маңызды кездесу үшін, оқушылармен мұғалімдер келген мамандарға өз алғыстарын білдірді.

 

ҚР ІІМ ТЖК Қостанай облысының ТЖД

Арқалық қаласының төтенше жағдайлар бөлімі

хат жіберу