Блог статистикасы
195
Жазбалар
3170
Өтініштер
139095
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өрттен құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында өткен жарыстың қорытындысы

     Ағымдағы жылдың 19 мамыры күні Арқалық қаласының аймақтық жасөспірімдер арасында өрттен құтқару спорты бойынша жарыс ұйымдастырылды. Аймақтық жарысқа Жангелді, Амангелді аудандарының жасөспірімдерімен Арқалық қаласының Родина орта мектебінің жасөспірімдер өрт жасағы қатысты. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Әділбек Ерденбаев команданың өкілі және Родина орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Камалиев Жансерік бастаған жасөспірімдер өрт жасағы аймақтық кезеңнен І орын алып, Қостанай облысында 23 мамыры күні өткен өрттен құтқару спорты бойынша жарыстан, жалпы командалық ІV орыннан көрінді. Команда құрамы 3 ер бала және 3 қыз баладан құралды. Атап өтер болсақ, ер балалар арасында Қабылов Ерболат шабуыл сатысымен жекелей өнер көрсетіп жүлделі ІІІ орын, қыз балалар арасында Шалқар Тоқжан шабуыл сатысымен жекелей сында ІІ орын және жүз метрлік кедергілерден өтуден ІІІ орын, Жасұлан Қаракөз жүз метрлік кедергілерден өтуден ІІІ орындарды иеленді. Команда өкілдері Ерденбаев Әділбекке, Камалиев Жансерікке және Жұмашев Шыңғысқа, Арқалық қаласы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері өз алғыстарын білдіреді.


Арқалық қаласы
ТЖБ-нің бас маманы
Хасенов Самат Бақытұлы.    
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
«1402» ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны


хат жіберу