Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ағымдағы жылы ұсыну мерзімі 31 наурыз жексенбіге түскеніне байланысты 1 сәуірде аяқталатынын хабарлайды.
https://drive.google.com/file/d/1c6tUshy0R1KLMq-78fIrDhzpt-_O3rSc/view
ҮЕҰ-ға infonpo.kz сайтындағы электрондық есеп беру нұсқасын уақытылы толтыруды ұсынамыз.
ҚР ҚДМ үкіметтік емес ұйымдарды ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабардар етеді (04/02/2019)
ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына мәліметтерді ұсынудың кезекті есеп кезеңінің өтуі туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы 31 наурыз жексенбіге түскеніне байланысты ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады (ҚР Азаматтық кодексінің 175-бабына сәйкес егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады).
Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.kz. веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыруды ұсынады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.
Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі қалды.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Үкіметтікемес ұйымдардың басшыларына Хабарлама (04/02/2019)
2015 жылғы 2 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.
Осыған орай «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң ) 41-бабы 5-тармақпен толықтырылды. Яғни, коммерциялық емес ұйымдар (бұдан әрі – КЕҰ), сонымен қатар шетелдiк және халықаралық ұйымдар, жыл сайын 31 наурызға дейінгі мерзімде уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Коммерциялық емес ұйымдардың мәліметтерді ұсыну тәртібі «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен реттеледі.
Жоғарыда аталған Қағидалар мен оған әзірленген Әдістемелік ұсынымдармен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында (mks.gov.kz) танысуға болады («Заңнама» бөлімі, «Министрдің бұйрықтары» бөлімшесі, «ҮЕҰ» бағаны).
Осы ретте, уәкілетті органға КЕҰ-ның, сонымен қатар шетелдiк және халықаралық КЕҰ филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерi) мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы әкімшілік жауапкершілікті, оның ішінде үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруды қарастырады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабы).
Түсініктеме алу үшін «Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ-не Абай даңғылы 29, 717 кабинетіне немесе 7-55-49 нөмірімен хабарласыңыз.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу үшін өкілетті тұлғалардың тізімі
№ |
мемлекеттік органның атауы |
Т.А.Ә. |
қызметі |
байланыс |
|
Арқалық қаласының әкімдігі |
Әубәкіров Түбекбай Ғабсалықұлы |
Арқалық қаласы әкімінің орынбасары |
8-71430- 7-12-00 e-mail: sulpak1401@mail.ru |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақы тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдар ҮЕҰ дерекқорында болуы керек
17. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорынамәліметтерді ұсыну рәсімі жетілдіріліп отыра ма?
Дін істері және азаматтық қоғам істері министрлігі ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер беру рәсімдерін жеңілдету бойынша жұмысты жалғастыруда. Сондай ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық жүйесін біріктіру бойынша мәселе пысықталуды, бұл ҮЕҰ-ға ұйымдар қызметіне қатысты ақпаратты жыл сайын жаңартуға мүмкіндік береді.