Блог статистикасы
195
Жазбалар
5038
Өтініштер
203694
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қала басшылығы

"АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ" мемлекеттік мекемесі


мекен-жайы: Қостанай облысы Арқалық қаласы, Абай даңғылы 29 үй

Жеке қабылдауға жазылу 104 кабинетте жұргізіледі 

Байланыс телефондары: 7-02-32, 7-01-42

e-mail: arkalyk@kostanay.gov.kz


 РАИСОВ ЕРЛАН АМИРГАЛИЕВИЧ

Арқалық қаласы әкімінің коммуналдық сала мәселелері жөніндегі орынбасары.
               Раисов Ерлан Әмірғалиұлы 1982 жылы 4 наурызда Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Кұрғұз ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген, 2019 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін "Экономист" мамандығы бойынша бітірген.

       Өзінің еңбек жолын 2005 жылы Қарабалық ААБ сот орындаушысы болып бастады.

     2006-2008 жж. Қарабалық ауданының әділет басқармасының жылжымайтын мүлікті тіркеушісі.

       2008-2010 ж. "Қостанай облысының ХҚКО"ММ Қостанай ауданы филиалының басшысы.

       2015-2018 жж. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы.

       2018-2019 жж. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ басшысы.

       2019 жылдың шілдесінде Арқалық қаласы әкімінің коммуналдық сала мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына кірді.


Қадағалайтын бөлімдер мен мекемелер:
  • «Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,  автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» 
  • ГУ "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" 
  • «Арқалық жылу-электр компаниясы» КМК; 
  • «Іскер-Арқалық» ЖШС;
  • тел:   +7(71430) 7-01-12
  • факс: +7(71430) 7-02-32 
  • e-mail: 

       


   

ХАМЗИН ДАРХАН НҰРЛАНҰЛЫ
    Арқалық қаласы әкімінің ауыл шаруашылығы сұрақтары бойынша орынбасары

         Хамзин Дархан Нұрланұлы 1985 жылы 27 желтоқсанда Қостанай облысы Арқалық қаласында туған. 2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «қаржы бакалавры» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2008 жылы «Арқалық қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ жергілікті бюджетті жоспарлау бөлімінің жетекші маманы қызметініен бастады. 2009 жылы «Арқалық қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ жергілікті бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметіне ауысты. 2010 жылы «Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ-нің жергілікті бюджеттің орындалуы және сараптау секторының меңгерушісі болды. 2014 жылы «Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не басшы болып тағайындалды. 2018 жылдың сәуір айынан Арқалық қаласы әкімінің ауыл шаруашылығы сұрақтары бойынша орынбасары лауазымында қызмет атқарады. 

Қадағалайтын бөлімдер:

  • "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" ММ
  • "Арқалық қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі"
  • "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ
  • "Арқалық қаласы әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі" ММ
  • "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ
  • "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" ММ                                                                                                                                                                            



ӘУБӘКІРОВ ТҮБЕКБАЙ ҒАБСАЛЫҚҰЛЫ 
Арқалық қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары

    Әубәкіров Түбекбай Ғабсалықұлы 1959 жылы 1 қарашада Қостанай облысы Жангелді ауданы Көктал ауылында туған. 1979 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын «математика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады. Өзінің еңбек жолын 1979 жылы Жангелді ауданы Көкалат ауылының Албарбөгет орта мектебінде мұғалім болып бастады. 1981 жылдан бастап - Жангелді ауданы Көкалат ауылының Албарбөгет орта мектебінің тәрбие жұмыстары бойынша ұйымдастырушысы болып қызмет атқарды. 1982-1988 жылдар аралығында Жангелді ауданы Көкалат ауылының А. Нұрманов атындағы негізгі мектебінің директоры болып қызмет атқарды. 1988-1991 ж.ж.- Жангелді ауданы Тәуіш ауылының Қаратүбек орта мектебінің директоры. 1991-1993 ж.ж. - Жангелді ауданы Шилі ауылының К.Жармағанбетов атындағы орта мектебінің директоры. 1993 жылдан бастап 1994 жылға дейін Жангелді ауданы Көкалат ауылының Албарбөгет орта мектебінің директоры. 1994 жылы Жангелді ауданы Көкалат ауылының А. Нұрманов атындағы совхозы директорының орынбасары болып еңбек етті. 1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін – Жангелді ауданы Албарбөгет ауылының, Көкалат ауылының әкімі. 1997 жылдан бастап 2000 жылға дейін - Жангелді ауданы Милісай ауылының С. Мәуленов атындағы орта мектебінің директоры. 2000 жылдан бастап 2002 жылға дейін Жангелді ауданы Торғай ауылының Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің директоры. 2002 жылдың мамыр айынан бастап – «Жангелді ауданыныі ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Жангелді ауданының Торғай ауылы. 2002 жылдан 2012 жылға дейін Жангелді ауданының әкімі орынбасары. 2012 жылдан 2013 жылға дейін – Жангелді ауданы Торғай ауылының әкімі. 2013 жылдан 2014 жыл аралығында «Жангелді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды. 2014 жылдан 2016 жылға дейін – Жангелді ауданы әкімінің орынбасары. 2016 жылдан 2017 жылға дейін «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. 2017 жылдың қазан айында әлеуметтік сала бойынша қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қадағалайтын бөлімдер:
  • "Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі" ММ
  • "Арқалық қаласы әкімдігінің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
  • "Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ
  • "Арқалық қаласы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі"  
  • "Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ



БРАЛИН БАУЫРЖАН САБЫРЖАНҰЛЫ  
Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысы

     Бралин Бауыржан Сабыржанұлы 1979 жылы қарашада Қостанай облысы Амангелді ауданының қабырға ауылында туған. Білімі жоғары. 2000 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығы бойынша білім алды. Еңбек жолын 2000 жылы Б. Майлин атындағы№ 3 орта мектепте еңбекке баулу мұғалімі болып бастады, 2008 жылдан 2009 жылдар аралығында директордың орынбасары болды. 2009-2015 ж.ж. Сарөзен орта мектебінің диреторы қызметін атқарды. 2015 жылдың қазанынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Үштөбе ауылының әкімі болды. 2018 жылдың 12 қаңтарынан қала әкімінің өкімімен Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.

Қадағалайтын бөлімдер:

 

тел: +7(71430) 7-01-42 
факс: +7(71430) 7-02-32
E-mail: b.bralin@kostanay.gov.kz



 


                                                                                            



                                                                                                                                                  


                                                                                                                               

  


хат жіберу