Блог статистикасы
196
Жазбалар
2653
Өтініштер
124331
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Культура и развития языков

1.    2017 жылғы 1 сәуірге текті Мемлекеттік орган жайлы жалпы ақпарат.

«Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің миссиясы мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтерді ұсыну, мемлекеттік тілді және қалада тұрып жатқан басқа да этникалық топтардың тілдерін белсенді дамыту болып табылады.

«Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

           мәдениет және тіл саясаты саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасау;

           ұлттық және мәдени ерекшелігін дамыту үшін жағдай жасау, мәдени дәстүрлердің сабақтастығын сақтау, дарынды тұлғаларды қолдау;

           мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету, қалалық Мәдениет сарайының, ауыл және ауылдық округтері клуб мекемелері мен кітапханаларының жұмысын жетілдіру;

           қалалық мәдениет және тілдерді дамыту саласы ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және инфрақұрылымын дамыту.

Алғашқы мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет 22.02.1999 ж.

Қайта тіркелгені 07.02.2006 ж., 22.05.2009 ж.

Куәлік № 49-1937-25-ММ  БСН  050240006629

   

2.     Мемлекеттік органның ведомстволық бағыныштағы мекемелердің тізімі мен олардың басшылары туралы ақпарат.

«Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағыныштағы мекемелер:

1) «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі, директорының міндетін атқарушы –Досова Ажар Кенжеғарақызы;

2) «Арқалық қалалық мәдениет Сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, директоры – Қасенов Асхат Аманжолұлы;

3) «Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, директоры – Қалмағанбетова Баян Сәруарқызы.

8.     Конкурстарды, тендерлерді өткізу.

        «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4 бабы негізінде (заң ережесін қолданбау) жұмыс жасайды.

     9. Азаматтарды қабылдау кестесі. 

         «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың  II-тоқсанында азаматтарды жеке мәселелермен қабылдау кестесі 

Мемлекеттік органның атауы Азаматтарды қабылдайтын тұлғаның аты-жөні Азаматтарды қабылдайтын тұлғаның лауазымы Азаматтарды қабылдау күні және уақыты Мемлекеттік органның мекен-жайы Байланыс телефоны
«Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мәметеков
Есламбек Жеңісұлы
Мемлекеттік мекемесінің  басшысы Сәрсенбі
сағат 16.00-ден -18.00
Жұма
сағат 16.00-ден -18.00
Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, 710 каб. 7-02-67


15. Статистикалық ақпарат.

2017 жылдың 1 сәуірге қатысты  491 мәдени-көпшілік  іс-шаралар өткізілді, немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 100,6 % құрады. Көрермендердің қамтылуы – барлығы 56098 адамды құрады, немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 101,9%.

16. Аналитикалық ақпарат.                                                                                            

Арқалық қаласы мәдениет
саласының жағдайы туралы ақпарат

Жүйені дамыту.

2017 жылдың 1 сәуіріне қатысты қалада 36 мәдениет нысандары қызмет етеді.

Қалалық бюджет есебінен қаржыландырылатын Арқалық қаласының мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының жүйесі:

34 мәдениет нысаннан тұрады, оның ішінде 19 клуб мекемелерінен, олардың 18 - мемлекеттік мекемелер (10 ауылдық клуб пен 7 Мәдениет үйі) және 1 мемлекеттік емес мекемеден: ЖШС есебінен – Восточный ауылдық Мәдениет үйі және 15 ауылдық кітапханадан, оның ішінде 15 - мемлекеттік.

 Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын 3 мәдениет нысаны: «Арқалық қазақ жасөспірімдер театры» МКҚК, «Арқалық қаласындағы №2 Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы» ММ, «Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайы» ММ қызмет етеді.

Кадрлар. Арқалық қаласының мәдениет саласында, қалалық бюджет есебінен қаржыландырылатын, барлығы 125 адам, оның ішінде 72- шығармашылық қызметкерлер жұмыс істейді, оның ішінде кәсіби білімімен – 48 (66,6%), кәсіби мамандыққа оқуға жіберілген мамандар саны – 13.

Есепті кезеңінде қаланың шығармашылық ұжымдары 7 облыстық, 2 республикалық, 2 халықаралық байқауға қатысты.        

Бюджет.

Арқалық қаласының мәдениет саласының 2017 жылға арналған бюджеті 165614,0 мың теңгені құрады. 1 тұрғынға шығындар – 3902 теңге.

Барлық ауылдық кітапханалар мен клуб мекемелері компьютерлендірілген (100%). Интернет желісіне 1 кітапхана (7%) мен 5  клуб мекемелері қосылған (28%).

Арқалық қалалық Мәдениет сарайы жанында 95 шығармашылық ұжым жасайды, онда 1265 қатысушы бар. «Халықтық» атағы бар  3 ұжым: қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Қазына» ардагерлер хоры, «Акбота» би ансамблі. «Үлгілі» атағы бар 1 ұжым:  «Інжу-маржан» вокалдық тобы.

Клуб мекемелері бойынша жергілікті бюджет есебінен:  сахналық киімдерді тіктірту - 1070,0 мың теңге, мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу – 511,0 мың теңге.

Кітапханалар бойынша жергілікті бюджет есебінен:  1121,0 мың теңгеге сомасына кітап қоры толықтырылды.

Мәселелер: Арқалық қалалық Мәдениет сарайы ғимаратын қайта жөндеуден, Арқалық қаласындағы №2 Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы және Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайы ғимаратын жөндеуден өткізу қажет.

Тілдерді дамыту саласы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін қалалық бюджетте «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа тілдерін дамыту» бюджеттік  бағдарламасы 2017 жылға қаржыландыру 7475,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілді оқыту курстарына 1054,2 мың теңге, ағылшын тілді оқыту курстарына –  789,1 мың теңге, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау бойынша ұйымдастырушылық, әдістемелік, мәдени іс-шараларды өткізуге – 286,0 мың теңге.

            2017 жылдың 1 сәуіріне қатысты 104 тыңдаушы мемлекеттік тілді оқыту курстарына қатысып жүр.

            2017 жылдың 1 сәуіріне қатысты 121 тыңдаушы ағылшын тілді оқыту курстарына қатысып жүр.

 2017 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша мемлекеттік басқару органдарындағы құжатайналымының жалпы көлеміндегі мемлекеттік тілдегі іс жүргізудің үлес салмағы – 90%.

         Кіріс құжаттарының жалпы саны – 8746, оның ішінде мемлекеттік тілде – 7567,  арасалмағындағы пайызы – 86,5, ал шығыс құжаттарының жалпы саны – 6274,  оның ішінде мемлекеттік тілде – 5867, арасалмағындағы пайызы – 93,5 көрсетіп тұр.

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

Орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастары арасындағы «Ой-сана» атты қалалық байқауы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасындағы «Тілдарын» атты қалалық байқауы.

17. «Арқалық  қаласы  әкімдігінің  мәдениет  және  тілдерді  дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және ведомствоға қарасты ұйымдарының мекен-жайлары, электронды поштаның мекен-жайлары мен анықтама телефондары:

«Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Заңды тұлғаның орналасқан жері: Арқалық қаласы, Абай даңғылы,29, тел (факс) (871430) 7-02-67, 7-01-68.

Электронды поштаның мекен-жайы: kulturaark@ mail.ru;


«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі

Заңды тұлғаның орналасқан жері: Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21, тел. (871430) 2-11-44

Электронды поштаның мекен-жайы: cbs10@bk.ru;

 

««Арқалық қалалық мәдениет Сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Заңды тұлғаның орналасқан жері: Арқалық қаласы, Абай даңғылы,27, тел. (871430) 7-64-93,        тел (факс) 7-54-80

Электронды поштаның мекен-жайы: dvorec@bk.ru;

 

«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

Заңды тұлғаның орналасқан жері: Арқалық қаласы, Абай даңғылы,29, тел (факс) (871430) 7-18-80 Электронды поштаның мекен-жайы: centr-yazik@mail.ru.

хат жіберу