Блог статистикасы
196
Жазбалар
2593
Өтініштер
112894
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жастар саясаты

2016 жылдың 1 қарашасына Арқалық қаласында
мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы
АҚПАРАТ

      Қаладағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 12773 адамды құрайды, оның ішінде: қаланың жастары – 8917, ауылдағы жастар- 3856. Оның ішінде ерлер – 5725, әйелдер – 7048.

     Қалада 7 жастар ұйымдары мен қозғалыстар жұмыс істейді: (АрМПИ жанындағы) «Альянс студентов Казахстана» жастар ұйымының Қостанай өкілдігі, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты, колледждерде «Заңгер», «Ритм», «ЗЭМ», «Педагог», «Жалын» (жастар істері жөніндегі комитет) жастар қозғалыстары құрылған.

     Жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтерді көрсету мақсатында 2016 жылдан бастап қалада Арқалық қаласы әкімдігінің Жастар саясаты бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ жұмыс істейді.ЖРО жанында ауылдық жастарға қатысты жылдық жоспар бекітілді.

     Өңірде мемлекеттік жастар саясатын, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға қаржыландыру.

2016 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жергілікті бюджет қаражатынан 3 млн. 826 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 2 млн. 150 мың теңге бөлінді.Арқалық қаласында жастардың жұмыссыздық деңгейі 0,4%-ды құрайды.

2016 жылға арналған қала әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысының жұмыс жоспары бекітілді.

Арқалық қаласы әкімдігі жанында 4 кезекті кеңес отырысын өткізу мына мәселелер бойынша жоспарлануда:

1. Дарынды жастарды қолдау және жастардың бос уақытын қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы.

2. Мектеп және студенттік демалыс кезеңінде оқитын жастардың демалысын ұйымдастыру туралы.

3. Жастар арасындағы салауатты өмiр салтын насихаттау және нашақорлыққа қарсы күресті алдын алу бойынша жұмысы туралы.

4. Жас отбасылар мен жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру туралы.

5. 2016 жылға арналған Жастар ресурстық орталығы қызметінің қорытындысы туралы.

6. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту» төртінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылатын «Жас кәсіпкерлік мектебі» жобасын іске асыру туралы.

7. Оқу орындарында жастар ісі жөніндегі комитеттердің жұмысын ұйымдастыру туралы.

8. «Жастар саясаты саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру туралы».

9. Жастар ортасында тіл саясатын дамыту туралы.

Осылар бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Әкімдік, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы және жастар ұйымдарымен жастар арасында өткізілетін іс-шаралар бойынша ақпарат.

1 қараша жағдайы бойынша Арқалықта жастар белсенді түрде қатысқан 70-тен астам іс-шаралар өткізілді. Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында Тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар және Алғыс айту күніне орай пікір-талас алаңдар, дөңгелек үстелдер, фото көрмелер, қайырымдылық акциялар, ардагерлерге және халықтың әлеуметтік жағынан осал жіктеріне көмек көрсету акциялары, интеллектуалдық ойындар, КТК ойындар, ойын-сауық-демалыс және спорттық іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар қаламызда алғаш рет жас мамандармен жұмыс жасау мақсатынада «Алға Жастар!» көңілді-танымдық сайысы өткізілді. Барлық іс-шаралар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған және этносаралық бірлік аясында өткізіледі.

Жастар саясатын іске асыру шеңберінде Жастар саясатын іске асыру шеңберінде жастар «Жұмыспен қамту 2020 жос картасы» бағдарламасының іс-шараларына қатысады. Қаланың белсенділерімен денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі, сондай-ақ білім және жастармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері тобының бірлескен көшпелі отырысы өткізілді, 100-ге жуық адам қатысты.

Сонымен қатар, өңiрлерде мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру мәселелерін шешу бойынша кәмелетке толмаған азаматтардың істері жөніндегі комиссияның 9 отырысы өткізілді.

хат жіберу