Блог статистикасы
195
Жазбалар
4937
Өтініштер
196846
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Образование

Арқалық қаласы әкімдігі білім беру жүйесі туралы 2019 жылдың 1 қаңтарына текті ақпарат

Арқалық қаласы білім беру жүйесінде 26 мектеп жұмыс жасайды. Олардың ішінде 16- орта мектеп, 8- негізгі мектеп, 2- бастауыш мектеп.

12 мектепте оқыту мемлекеттік тілде, 13 мектепте қазақ және орыс тілдерінде, бір мектепте орыс тілінде жүргізіледі.

3-6 жас арасындағы балалардың 100% жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру және тәрбиемен қамтамасыз етілген.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 33,3% құрайды.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың дағдысы мен машығының даму индикаторлары жүйесіне сәйкес машығы мен дағдысының деңгейі жоғары және орта 5-6 жастағы балалардың үлесі 70,5%.

Мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық үрдісті 222 педагог жүргізеді. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру базалық білімі бар педагогтар саны 122 (54,9%). 

Ұзартылған күн жұмыс жасайтын мектепке дейінгі мекемелердің саны 73,3% құраса, қысқа күн жұмыс жасайтындар саны 26,7%.

Арқалық қаласына қарасты қала және ауыл мектептерінде 2018-2019 оқу жылының басында  оқушылар саны – 6700, жаңартылған білім беру мазмұнымен қамтылған балалардың үлесі 71,2%.

Балалардың жалпы санынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың үлесі 6,7%.Отбасыға орналастырумен қамтамасыз етілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қайта анықталған балалардың жалпы санындағы үлесі 50%

Қаланың білім беру жүйесінде білім беру үрдісін 852 педагог жүзеге асырады. Жоғары және бірінші санатты педагогтердің саны тұрақты 46% құрайды. Білім беру мекемелерінде 15 магистр жұмыс жасайды.

2018-2019 оқу жылында білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасқан жас мамандардың үлесі 11,3 % құрады.

Білім беру мазмұнын жаңарту  бағдарламасы аясында 601 педагог курстан өткізілді, ол жалпы педагогтер санының 70,5 % құрайды. 2018 жылы жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 193 педагог курстан өткізілді. Апатты жағдайдағы мектептер жоқ.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға  білім беруге жағдай жасалған мектептердің саны 84,6% құрайды (22 мектеп).

Кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген мектептер саны 100%.

 «Золотой ключик»  балабақшасында мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған  және көптілділікті енгізуге арналған эксперименттік жұмыс 2017 жылдың қыркүйек айынан 2020 жылдың мамырына дейін жалғасады.

2017 жылдан қалалық білім бөлімінің бұйрығы негізінде  эксперимент  алаңы бойынша  химия және информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізілуде (Ы. Алтынсарин атындағы  гимназия, №2 орта мектебі).

АКТ пайдаланатын мектептердің үлесі 100% құрайды.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен 2 млн.536 мың теңге қаражат бөлініп, «Жас жауынгер курсы» (836000 теңге), «Көшбасшылар мектебі» (1 млн.теңге), «Ұланымыз ұлы елдің» (700000 теңге) атты үш жоба жүзеге асырылды.

5467 оқушы  қосымша білім берумен қамтылған, ол  жалпы оқушылар санының  81,5% құрайды.

Оқушыларды клуб, үйірме жұмыстарына тарту    76,7% құрайды.

«Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер қозғалысына тартылған балалардың үлесі 64,1% құрайды.

Қала мектептерінде спорттық секцияларға 54,4%  оқушы тартылған. Мектептер 75 %  спорттық жабдықтармен қамтылған.

хат жіберу