Блог статистикасы
195
Жазбалар
4937
Өтініштер
196854
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ауыл шаруашылығы

Арқалық қаласы бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мекен-жайлары мен телефондарының


Ауыл шаруашылығы бойынша 2019 жылғы 1 қаңтарына текті ақпарат

Арқалық қаласы бойынша биылғы жылғы себілген жалпы егістік көлемі–277 714  гектар, оның ішінде:

бидай және бұршақты дақылдары 264 849 гектар, соның ішінде жаздық жұмсақ бидай238 227 гектар,

арпа18 275 гектар, сұлы1 501 гектар, тары390 гектар,

нұт2 539 гектар, жасымық3 917 гектар.

майлы дақылдар4 078 гектар, оның ішінде зығыр – 1 134 гектар, мақсары -2 774 гектар, қыша – 170 гектар.

жемшөптік дақылдар8 656 гектар, оның ішінде судан шөбі -5 272 гектар, көп жылдық еркекшөп - 947 гектар, бидай қоспа шөп дақылдары – 2 437 гектар.

картоп-105 гектар, көкөністер16 гектар, бақша дақылдары10 гектар.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 264 849 гектар, шабылды және бастырылды жалпы түсім 258 мың 761 тн құрады, орташа өнімділік 9,8 ц/га. Өткен жылмен салыстырғанда  дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар  өнімділігі 5,5 ц/га болған.

Қостанай облысы Арқалық метеостанциясының мәліметіне қарағанда, 2018 жылдың мамыр айынан бастап 30 тамызына дейін 98,1мм жауын-шашын түсті. Жауын-шашын өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін жеткілікті болды.

жұмсақ бидай238 227 га шабылды және бастырылды, жалпы түсім жиыны 233 мың 692 тн., өнімділігі 9,8 ц/га құрайды,

арпа - 18 697 га шабылды және бастырылды, жалпы түсім жиыны 22 мың 442 тн., өнімділігі 12,3 ц/га құрайды,

сұлы - 1501 га шабылды және бастырылды, жалпы түсім жиыны 1222 тн., өнімділік 8,1 ц/га құрайды,

тары - 390 га шабылды және бастырылды, жалпы түсім жиыны 195 тн., өнімділігі 0,5 ц/га құрайды

нұт - 2 539 га шабылды және бастырылды, жалпы түсім жиыны 1086 тн., өнімділігі 4,3 ц/га құрайды.

жасымық - 3 917 га шабылды және бастырылды, жалпы түсім жиыны 286 тн., өнімділігі 0,8 ц/га құрайды.

Биылғы жылы жақсы өнім алған шаруашылықтар "Азия-1" ЖШС -13,0 ц/га, (Родина ауылы.), "Нұр-Жайлау НС" ЖШС -11,2 ц/га, (Матросово ауылы.), "Алиби-Сенім "ЖШС-9,1 ц/га, (Восточное ауылы), "Адилбек "ЖШС-9,7 ц/га, (Молодежное ауылы),  "Елена" ЖК -12,0 ц/га, (Целинный ауылы.), "Бірлестік" ШҚ -11,0 ц/га, (Матросово ауылы), "Ырыздык" ШҚ -15,7 ц/га, (Молодежное ауылы), "САЗ" ШҚ -20,0 ц/га, (Молодежное ауылы),"Журагат" ШҚ -12,0 ц/га, (Родина ауылы), ),"Жорга" ШҚ -12,0 ц/га, (Ангарское ауылы)

Майлы дақылдар бойынша - 4 мың 078 га егілді, жалпы түсім жиыны - 1 мың 48 тн. өнімділігі 2,6 ц/га. Өткен жылмен салыстырғанда майлы дақылдар өнімділігі 2,5 ц/га.

Картоп алаңы-105,0 га, жалпы түсім жиыны-945 тн, өнімділігі-90,0 ц/га,

Көкөніс алаңы-16,0 га, жалпы түсім жиыны-136,0 тн, өнімділігі-85,0 ц/га,

Бақша алаңы-10,0 га, жалпы түсім жиыны-80,0 тн, өнімділігі-80,0 цн/га.

2018-2019 жылдарға арналған картоп, көкөніс өнімдерінің резервтік қорын салу бойынша жоспар - тапсырма шеңберінде 6 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен келесі көлемде көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша меморандумдар жасалды:

- картоп-саны 582 тонна;

- сәбіз-74 тонна,

- қырыққабат-159 тонна;

- пияз-39 тонна.

Жем-шөп базасын нығайту мақсатында жем-шөп дақылдарының егістік алқабы 8 мың 656 га құрады, оның ішінде, көпжылдық шөптер 946 га, бір жылдық шөптер 5 мың 272 га, бидай қоспа шөп дақылдары – 2 437 га.

Арқалық қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға мал қыстату кезеңіне 74,7 тонна 1,5 жылдық шөп дайындау тапсырмасы берілген. Қазіргі таңда тапсырма 100 пайыз орындалып, дайындалған мал азығы тасылып алынды, сондай-ақ сабанды дайындау бойынша жоспар жеткізілді, орындалуы 58 мың 700 тн немесе 100,0 пайыз орындалды.  Бұл мал шаруашылығын одан әрі сенімді дамыту үшін жақсы негіз.

          Егістікті күту агротехникалық іс-шаралар уақытында өткізілді. Арамшөптерге қарсы бойынша химиялық өңдеудің жүргізілген алаңы 188,0 мың гектар, (оның ішінде жер үсті жұмысы – 167,0 мың гектар және авиа жұмысы – 21,0 мың гектар.) 2017 жылмен салыстырғанда 7,6 мың гектар артық.

Сүрі жер өңдеу жұмыстарына 70 000 гектар жоспар белгіленген, толығымен 3-ізінің алқабы 100 пайызға орындалды, соның ішінде химиялық өңдеу ізі – 4,5 мың гектар.

          Топырақты күзгі өңдеу жұмысы 93 мың. га алқапта жүргізілді. Шегіртке зиянкестеріне қарсы 500 га өңделді.

          Аудандастырылған сорттардың, жоғары репродукциялардың тұқымдық материалын себуге ерекше назар аудару қажет.

Тұқым сортын жаңартуда биыл, элиталық тұқымдармен және бірінші репродукциялы бидай тұқыммен 2018 жылы себілгені 33,9% - ға (оның ішінде элита 9,6%-ға, бірінші 24,3%-ке), екінші репродукциялы – 18,6%-ға, үшінші репродукциялы – 30%-ға және 4,5 репродукциялы-17,5%-ға. Тұқым сорты 2018 жылы 9,6% жаңартылды. (Жоспар 6%)

          Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ағымдағы жылғы негізгі міндеті элита тұқымдарының қажетті мөлшерін, 1-3 репродукциялы себуді қамтамасыз ету болып табылады. 2019 жылы егуге 26 мың тонна жоспарланған және тұқымдық материалы 100 пайызға дайын.

2018 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына несие беру жұмыстары.

Несиелендіру бағыты бойынша 2018 жылы Көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ  арқылы 31 шаруа қожалығы жалпы сомасы 451,690 млн. теңге алынды, соның ішінде Кредиттік серіктестігі "Арқалық" ЖШС несиелендірілгені 15 шаруа қожалығы 264,140 млн. теңге, Кредиттік серіктестігі "Ак жол несиесі" ЖШС несиелендірілгені 4 шаруа қожалығы 13,650 млн. теңге және тікелей несие алушылар "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-нан  "Агробизнес" бағдарламасы бойынша 12 шаруа қожалығы жалпы сомасы 173,9 млн. теңге құрайды.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы   "Егінжай" бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 2 шаруа қожалығы жалпы сомасы 9,8 млн. теңге несие алды.

Барлығы 33 шаруа қожалығы жалпы сомасы 461,490 млн. теңге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы  несиелендірілген. (2017 жылы алынған несие сомасы 453 млн.140 мың. теңге).

"Қарабалық" Ш/Қ ( Үштөбе ауылы) 2012-2015 жылдары "Тобыл" ӘКК АҚ алдындағы кредиттік қаражаттың берешегі 3 млн. 944 мың 130 теңгені құрайды.

"Тобыл "ӘКК" АҚ өкілдері ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде "Қарабалық" ШҚ банкроттық арқылы қарызды есептен шығару мәселесін қарастыру туралы өтініш берді. Соттың қарауы ағымдағы жылдың 22 қарашаға тағайындалды. 

Ауыл және ауылдық округтер әкімдері "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-мен бірлесіп 2018 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге алынған кредиттерді ауыл шаруашылығы құрылымдарымен өтеуге тұрақты мониторинг жүргізуге жұмыс жасау қажет.

Машина-трактор паркінің дайындығы.

Ағымдағы жылдың егін жинау компаниясына 603 бірлік астық жинайтын комбайндар, оның ішінде 63 бірлік жоғары өнімді (Джон-Дир, Кейс, Клаас, Акрос және т.б.), олар дәнді дақылдардың 35 пайызына дейін шабылуын қамтамассыз етеді. Жүк көліктері 305 бірлік, 950 бірлік түрлі модификациялы тракторлар, соның ішінде "Кировец" маркалы - 371 бірлік, трактор тіркемелері - 634 бірлік, автовесалар - 20 бірлік және механикаландырылған ток - 13 бірлік қатысты. Биыл 1 комбайнға жүктеме орташа есеппен 440 гектарды құрады.

Ауыл шаруашылық техникасының жаңартылуы

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасының жетіспеушілігі және трактор паркінің техникалық жай-күйніің ескіруіне байланысты көптеген ауыл шаруашылық құрылымдары егінді  оңтайлы мерзімдерінде далалық жұмыстарына мүмкіндігі жоқтығына және өндіріс көлем өнімдерінің сапасын төмендетеді.

Осыған қарамастан жыл басынан бері өз қаражаты есебінен және лизинг арқылы 6 бірлік трактор маркасы "Беларус" және К-744,           11 бірлік комбайн, КАМАЗ маркалы жүк автомобильдері 2 бірлік, 5 бірлік отандық және шетелдік бүріккіш және басқа да тіркемелі ауыл шаруашылығы агрегаттары, жалпы сомасы - 692 млн. теңге сатып алынған. (бұл-ауыл шаруашылығы «Возрождение-2004» ЖШС, «АСХОС» ЖШС, «Оралбек-А» ШҚ, «Жасар» ШҚ, «Раслан» ШҚ, «Асар-1» ШҚ, «Азия» ШҚ, «Сункар» ШҚ, «Көктем» ШҚ, «Арина» ШҚ, «Тускей Е» ШҚ және «Елена» ШҚ) (2017 жылы 387  млн. теңгеге сатып алынды.)

Жанар-жағар майдың материалдарымен қамтамасыз ету туралы.

Күзгі егін ору жұмыстарына 4463 тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінді. Оның 2 760 тоннасы Атыраулық, 1 706 тоннасы Павлодарлық жанар-жағар май. 1 литр жанар-жағар майдың бағасы 172 теңге құрады. Жабдықтаушы операторлар: «QAZAQPETROLEM» ЖШС, Omega Trade Plus" ЖШС», «Kst trade» ЖШС, «Зерновой Пул Казахстан–К»  ЖШС және «Костанайнефтепродукт» ЖШС.

Бөлінген жанар-жағар майдың 4 126 тоннасына келісім-шарт жасалып (92%), 3 060 тоннасының қаражаты төленіп тасылып алынды (74%).

2018 жылғы субсидия ақпараты.

Ағымдағы жылы облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға бюджеттен 27,3 млрд. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде:

-өсімдік шаруашылығына – 10,9 млрд. теңге;

-мал шаруашылығына – 5,3 млрд. теңге;

-басқа да бағыттарға – 11,1 млрд. теңге.

Қазіргі таңда Арқалық қаласы бойынша Қостанай облысының ауыл шаруашылық басқармасына тұқым шаруашылығын дамыту үшін субсидиялау тізімі беріліп сомасы 40 млн. 383 мың 800 теңге 20-ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне төленді.

2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы қаулысы 25.01.2018 жылғы №39 Қостанай облысы әкімдігімен бекітілді. Қостанай облысының ауыл шаруашылық басқармасына Арқалық қаласы бойынша субсидия алатын 16-ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің тізімі ұсынылып 52 млн. 251 мың теңге субсидия төленді.

«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің және биопрепараттартардың құнын субсидиялау қағидаларының бекітілуіне байланысты 69 шаруашылық тауарын өндірушілерінің өтінімдері қабылданып Қостанай облысының ауыл шаруашылық басқармасына жалпы сомасы 145 млн. 550 мың. 470 тенге тізімі ұсынылып және төленді.

хат жіберу