Блог статистикасы
195
Жазбалар
4191
Өтініштер
169678
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Спорт

2019 жылдың 1 қаңтарына Арқалық қаласында
дене шынықтыру және спортты дамыту жұмыстары туралы
ақпарат

Дене шынықтыру және спортты дамытудың Өңірлік бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде Арқалық қаласы бойынша 2016-2020 жылдар аралығында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың санының артқандығының орнықты үрдісі байқалады.

2019 жылдын 1 қаңтарына текті спорттық құрылғылардың саны 132 бірлікті құрады, оның 43-і ауылды жерлерде орналасқан.

2018 жылы дене шынықтыру және спорт саласындағы штаттағы қызметкерлердің саны - 168. Дене шынықтыру мамандығы бойынша жоғары білімі бар қызыметкерлердің саны - 143, бұл дене шынықтыру және спорт саласындағы штаттағы қызметкерлердің 85,1 %. Спорт әдіскерлерінің саны - 17 адам. Жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру мұғалімдері - 65 адам. Арнаулы орта оқу орындарындағы оқытушылар мен дене тәрбиесі жетекшілері саны - 13 адам. Жоғары оқу орындарының оқытушылары саны - 13 адам.

Қалада спорттық секциялардың саны – 372, облыстық орташа көрсеткішке ара-қатынасы 5,4 % құрады. Халықты іс-шаралармен қамту – 27695 немесе өнір халқы санының 66,9 %.

2018 жылы Арқалық қаласында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың саны 14095 мың адам, немесе халық санының 34,0 % құрайды. Спорт клубтарында дене шынықтыру, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде дене шынықтыру және спортпен айналысатын, 7 жастан 18 жасқа дейін жасөспірімдер мен балаларды қамту үлесі балалар мен жасөспірімдердің жалпы санына 2609, немесе 38,9%.

2019 жылдың 1 қаңтарына мүгедектер санының, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындары 189 адам немесе өнір мүгедектері санының 11,3 % қамтылған. Өнір халқының президенттік тестілеуді тапсырушылары 2018 жылы 9071 адамды құрады немесе 21,9%.

2019 жылдын 1 қаңтарына текті Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Арқалық қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КММ-де 747 адам спортпен айналысады немесе барлық оқушылар санының 11,2 %. Секциялар спорттың 6 түрінен өткізіледі: дзюдо, қазақ күресі, футбол, гір спорты, бокс, ауыр атлетика. БЖСМ жаттықтырушылар санының барлығы 16 адам. Штаттағы жаттықтырушылардың саны 11 адам. «1-спорттық разряды» және «спорт шеберіне үміткер» спорттық разряды берілген оқушылардың үлесі - 58 адам немесе БЖСМ контингентінің 7,8 %.

2018 жылдың қорытындысы бойынша әр спорт түрлерінен облыс чемпионаттарына және біріншіліктеріне қатысқан спортшылар – 457 адам, немесе спорт түрлерінен секцияларға, топтарда шұғылданатындадың 6,2%. Облыстық чемпионаттарда, біріншліктерде жүлделі орын алған спортшылардың саны 207, немесе облыстық жарыстарға қатысқандарға ара-қатынасы 49,7%.

Кешенді облыстық жарыстарда алған орындар: «Тың-2018» спартакаидасы – 5 орын, ұлттық спорт түрлерінің фестивалі – 9 орын, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы фестиваль – 9 орын, шаңғы спортының фестивалі – 13 орын.

Жыл басынан өткізілген осындай ірі жарыстар, қалалық шаңғы спорт Фестивалі «Лыжня зоровья-2018», колледж оқушылары мен институт студенттерді арасындағы «Жаңа Толқын» қалалқ спартакиадасы, қалалық еңбек ұжымдары арасындағы «Жігер» спартакиадасы, қазақ күресінен «Арқалық-Барысы-2018» қалалық турнирі, «Тың-Целина-2018» ауылдық спартакиадасы, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасындағы қалалық спартакиада.

        Сондай-ақ белгілі бір ірі мейрамдарға орай әр-түрлі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, «Наурыз мейрамы», 1 мамыр, 7 мамыр, 9 мамыр, қыркүйек айында «Денсаулық фестиавлі», сондай-ақ желтоқсан айының мерекелеріне орай ұйымдастырылды.

 

Біздің ҚР чемпиондары мен жүлдегерлері

2018 жылы ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында әр спорт түрлері бойынша 12 спортшы Қазақстан Республикасының чемпионы атанды, олар:

1. Сағитбек Асылан – дзюдодан (жастар арасында, Талдықорған қ., 04-07.03.2018ж.);

       2. Әбутай Тимур – қазақ күресінен (2001-2002ж.т. жасөспірімдер арасында, Жезқазған қ., 18-22.04.2018ж.);

3. Бекболат Жаслан - қазақ күресінен (23 жасқа дейінгі жастар арасында, Қостанай қ., 19-22.04.2018ж. Қазақ күресінен ҚР спорт шебері нормативін орындады);

4. Немченко Егор – гір спортынан екі дүркін чемпионы (жасөспірімдер арасында, Ақсу қ., 14-16.02.2018ж., Талдықорған қ., 15-16.03.2018ж.);

5. Цуркан Антон – гір спортынан (жастар арасында, Ақсу қ., 14-16.02.2018ж.);

6. Төлеген Ғалижан – гір спортынан (жастар арасында, Ақсу қ., 14-16.02.2018 ж.);

7. Есенгелді Серік – жауыңгерлік самбодан (1998-1999ж.т. жастар арасында, Теміртау қ., 19-20.10.2018ж. Жауыңгерлік самбодан ҚР спорт шебері нормативін орындады);

8. Кенжебекова Жаннұр – белбеу күресінен (23 жасқа дейінгі жастар арасында, Қапшағай қ., 01-04.06.2018ж. Белбеу күресінен ҚР спорт шебері нормативін орындады);

9. Мұқанов Ербол – жекпе-жектен (ерлер арасында, Павлодар қ., 13-16.09.2018ж. Жекпе-жектен ҚР спорт шебері нормативін орындады, Қазақстан құрамасына өтті, әлем чемпионатына жолдама алды);

10. Алкеев Данияр – жауыңгерлік самбодан (23 жасқа дейінгі жастар арасында, Қостанай қ., 19-22.11.2018ж. Жауыңгерлік самбодан ҚР спорт шебері нормативін орындады);

11. Жұмағали Алмас – жауыңгерлік самбодан (23 жасқа дейінгі жастар арасында, Қостанай қ., 19-22.11.2018ж. Жауыңгерлік самбодан ҚР спорт шебері нормативін орындады);

12. Булатов Алтынбек – самбодан (ардагер шеберлер арасында, Қостанай қ., 11-14.04.2018ж.);

 

Қазақстан Республикасының чемпионатында 12 спортшы жүлдегер атанды (Бекболат Жаслан, Ыбырай Сабина, Ертас Әл-Фараби, Сейтқұл Манас, Қаблан Нұрсұлтан, Қазымбек Аружан - қазақ күресінен, Константинов Юрий, Хайруллин Данияр – гір спортынан, Суингарина Лунара, Галымбекқызы Айсұлу – ауыр атлетикадан, Шыңғыз Сырбай – тоғызқұмалақтан, Галибеков Бекжан – жекпе-жектен, Беденов Нурислам, Коволев Виктор – шаңғы жарысынан).

Халықаралық және республикалық жарыстарда 10 спортшы жеңімпаз атанды, 23 спортшы жүлдегер атанды.

2019 жылдың 1 қаңтарына берілген разрядтар саны: 3 жасөспірімдер разряды – 17; 2 жасөспірімдер – 68; 1 жасөспірімдер – 2; біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы – 3; спорт төрешісі – 79; 3 разряд – 58; 2 разряд – 42; 1 разряд – 17; спорт шеберіне үміткер – 46.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР спорт шебері атағын орындады: Бекболат Жаслан – қазақ күресі, Кресс Анатолий – гір спорты, Бейсенова, Айгул – ауыр атлетика, Мұқанов Ербол – жекпе-жек, Есенгелді Серік – жауыңгерлік самбо, Әбілтаев Әли – кигбоксинг, Жұмағали Алмас, Алкеев Данияр – жауыңгерлік самбо, Кенжебекова Жаннұр – белбеу күресінен.

 

 

хат жіберу