Блог статистикасы
195
Жазбалар
4191
Өтініштер
169659
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ветеринария


Африкалық шошқа безгегі туралы ақпарат (слайдтар)

БРУЦЕЛЛЕЗ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (слайдтар)


2019 жылғы 1 қаңтарға текті ветеринария саласы бойынша ақпарат

Арқалық қаласы аумағында ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Арқалық қаласы әкімдігінің Арқалық қалалық малдәрігерлік станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ауылдарда орналасқан 16 ветеринариялық пункттерімен бірге жұмыс атқарады.

2018 жылғы наурыз айынан бастап  қараша айы аралығында облыстық ветеринария басқармасымен бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын – алу жөніндегі ветеринариялық іс – шаралардың 2018 жылға арналған жоспарына  сәйкес Арқалық қаласы аумағында тиісті ветеринариялық – профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта ветеринариялық – профилактикалық жұмыстар толықтай 100%  орындалды.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізілді, атап айтар болсақ ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрі бойынша:

-        құтыру ауруына қарсы  – 7120 бас;

-        пастереллез ауруына қарсы – 29800 бас;

-        ойық сібір жарасына қарсы – 49320 бас;

-        ірі қара малының қарасан ауруына қарсы – 14200 бас;

-        ірі қара малының  нодулярлы дерматиті ауруына қарсы – 18000 бас;

-        ірі қара малының  инфекциялық ринотрахеиті және вирустық диареясына қарсы – 2300 бас;

-        жылқының ринопневмония ауруына қарсы – 3200 бас;

-                 жоғары патогенді құс тұмауына қарсы – 20000 басқа  («Агроинтерқұс» ЖШС) вакциналар егілді.

Ауыл шаруашылығы жануарларының туберкулезіне қарсы аллергиялық зерттеулер  жүргізілді, олар:  ірі қара малы – 23000 бас, шошқалар  – 1000 бас, түйелер – 20 бас  және жылқының маңқа ауруына қарсы – 600 бас тексерілді.

Жоспар  бойынша  тексеру уақытында туберкулез ауруымен ауырған мал басы анықталған жоқ.

          Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларының төмендегідей энзоотиялық ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық іс – шаралар жүргізілді:

-        жылқының сақауына қарсы – 4200 бас;

-        ірі қара малының  гиподерматозына қарсы – 9100 бас;

-        жылқының параскаридозына қарсы – 1700 бас;

-        шошқаның аскаридозына қарсы – 2780 бас;

-        шошқаның тілмесіне қарсы – 2780 бас;

-        ұсқ малдардың псороптозына қарсы – 13300 бас.

       

         Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезіне қарсы қан сынамалары алынып серологиялық тексеруден өтті.

       Тексерілген мал басының саны бойынша:

       - ірі қара малы –  24394 бас;

       - ұсақ қара малдар  – 34067 бас;

       - жылқы - 36 бас;

       - шошқа – 2322 бас

       - түйелер – 22 бас;

       - ет қоректілер – 34 бас.

       Арқалық қаласы бойынша жануарлардың жұқалы инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты, алайда ірі қара малының бруцеллезі бойынша күрделі жағдай сақталуда.

      2018 жыл бойынша жоспарлы тексерулер кезінде  (шектеу іс – шараларының нәтижелерін қоспағанда) 411 (төрт жүз он бір) бас ірі қара малынан бруцеллез ауруы анықталды, жұқтыру пайызы – 1,7% (2017 жыл бойынша – 440 бас, жұқтыру пайызы – 1,9%), ұсақ     қара малдар  - 8 бас, жұқтыру пайызы – 0,02% (2017 жыл бойынша – 4 бас, жұқтыру пайызы – 0,01%).

      Елді мекендер бойынша ірі қара малынан бруцеллез ауруы анықталды:

Арқалық қаласы – 16 бас, Аққошқар – 22 бас, Аңғар – 5 бас; Ашутасты - 42 бас, Восточный  – 1 бас, Екідің – 53 бас,  Жалғызтал – 25 бас, Жаңақала – 94 бас, Көктау – 22 бас, Қайыңды ауылдық округі – 52 бас,  Матросов – 32 бас, Молодежный – 17 бас, Мирный – 1 бас, Родина – 5 бас,  Үштөбе – 3 бас, Фурманов – 21 бас.

 

Елді мекендердің атауы

2018 жылдың ЖОСПАРЫ

2018 жылы тексерілген қан сынамаларының саны

Орындалу пайызы (%)

Анықталған ауру малдар саны;

бас

 

 

Жұқтыру пайызы

(%)

 

 

ІҚМ

ІҚМ

ІҚМ

ІҚМ

 

ІҚМ

Арқалық

1570

1611

102,6

16

 

0,9

Аққошқар

1032

935

90,6

22

 

2,3

Аңғар

777

779

100,3

5

 

0,6

Ашутасты

2295

2374

103,4

42

 

1,7

Восточный

1220

1033

84,7

1

 

0,1

Екідің

2554

2497

97,8

53

 

2,1

Жалғызтал

558

527

94,4

25

 

4,7

Жаңақала

2151

2251

104,6

94

 

4,2

Көктау

1436

1497

104,2

22

 

1,5

Қайыңды а/о

2046

2320

113,4

52

 

2,2

Матросов

3431

3224

94,0

32

 

0,9

Молодежный

938

724

77,2

17

 

2,3

Мирный

586

699

119,3

1

 

0,1

Родина

1166

1416

121,4

5

 

0,4

Үштөбе

649

606

93,4

3

 

0,5

Фурманов

883

825

93,4

21

 

2,5

Целинный

1102

1076

97,6

0

 

0

БАРЛЫҒЫ:

24394

24394

100,0

411

 

1,7

 

Ветеринариялық – санитариялық ережеге сәйкес бруцеллез ауруына қарсы оң нутиже көрсеткен жануарлар, 15 күн аралығында санитарлық союға тапсырылуы қажет. Оң нәтиже көрсеткен малдар міндетті түрде сау малдардан оқшау ұсталып, «Б» әрпімен таңбаланады.

Наурыз айынан бастап ауру малдар Қостанай қаласының аумағында орналасқан мал сою пункттеріне санитарлық союға тапсырылды. Бүгінге күнге текті 411 бас бруцеллез ауруымен ауырған ірі қара малдарының 366 басы санитарлық союға тапсырылды. Қалған 45 бастың 18 басы өліп қалған (қажетті құжаттары және фото суреттері бар), 1 бас ауру малды Жаңақала ауылынан Аманкелді ауданы Қарасу ауылына ауру малдың иесі туысына тірідей беріп жіберген. Қазіргі уақытта Аманкелді аудандық ветеринария бөлімі ауру малды анықтап, аудандық жергілікті полиция қызметі және ветеринариялық инспекциямен бірлесіп жұмыстар атқаруда. 26 бас ауру малдарды иелері өздерінің қажеттеріне сойып алған. Бұл ауру малдардың иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құжаттар дайындалып, 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынды.

Осыған қарамастан, ауру малдарды санитарлық союға тапсыру кезінде қиындықтар туындайды, атап айтқанда кейбір бруцеллез ауруымен ауырған жануарлардың иелері ауру малдарды санитарлық союға тапсыруға келіспей, өздерінің қажеттеріне сойып алады. Қалалық ветеринариялық қызмет тарапынан  бірнеше рет ескертулер жасалынып, мал иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   

2018 жылдың мамыр – қараша айлары аралығында қалалық ветеринария бөлімі тарапынан 15 ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі уақытта 3 адам, ауру малдардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, құжаттары дайындалуда.

2018 жылы Арқалық қаласы бойынша ірі қара малдарының бруцеллез ауруының алдын алып, ауру малдардың санын азайту мақсатында ірі қара малдары толықтай тексеруден өтті және басқа жақтан сатып алынған, келген малдар карантинге қойылып тексерілді.

Арқалық қаласына қарасты бірнеше ауылдарда ірі қара малдарының ұйымдасқан түрде бағылмауына байланысты, жазғы жайылымға малдардың профилактикалық ветеринариялық іс – шаралар жасалғаннан кейін ғана шығарылуын ескеріп, биылғы көктемгі ветеринариялық іс – шаралар кезінде мал басы толықтай тексерістен өтті. Ауыл әкімдерінен сұрайтынымыз алдағы уақытта ауыл шаруашылығы жануарларын, соның ішінде ірі қара малдарын бағуды ұйымдастыруды қолға алулары қажет.

Көктемгі ветеринариялық іс – шаралар жұмыстары жүргізілген уақытта бруцеллез ауруына серологиялық тексеру барысында ірі қара малдарының бруцеллезі 3 (үш) елді мекен бойынша көп анықталды. Олар: Жалғызтал, Фурманов және Қайыңды ауылдық округінің Алуа ауылдары. Сәуір айында осы аталған ауылдардағы бруцеллез ауруы анықталған малдардан санитарлық сою кезінде патологиялық материалдар алынып облыстық ветеринариялық зертханасына полимеразды тізбектік реакциясына тексеруге тапсырылды. Мамыр айының соңында облыстық ветеринариялық зертханасының тексеруі нәтижесінде бруцеллез ауруы анықталды.

Осы жағдайларға байланысты   Жалғызтал, Фурманов және Қайыңды ауылдық округінің Алуа ауылдары  бойынша ауыл әкімдерінің шешімі негізінде аталған ауылдарда 2018 жылғы қыркүйек айынан бастап ірі қара малдарының бруцеллезі бойынша шектеу іс – шаралары басталып, сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге текті Фурманов және Қайыңды ауылдық округінің Алуа ауылдарында 4 (төртінші) рет қан сынамалары алынып, серологиялық тексеруге Арқалық аудандық ветеринариялық зертханасына тапсырылды.

Сауықтыру іс – шараларының барысында Жалғызтал ауылы бойынша бірінші рет диагностикалық тексеру кезінде  9 (тоғыз) бас ауру  ірі қара малдары анықталды. Екінші – үшінші рет тексерулердің нәтижелері бойынша ауру малдар болған  жоқ. 2018 жылғы 12 қарашада  Жалғызтал ауылы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын объектілерге (мал қораларына) қорытынды залалсыздандыру жұмыстары (дезинфекция) жүргізіліп, олардан         30 (отыз) дана сынамалар алынып облыстық ветеринариялық зертханасына тапсырылды. 2018 жылғы 16 қарашада залалсыздандыру жұмыстарының сапасының зертханалық тексерістерінің нәтижесі шықты. 2018 жылғы              16 қарашада «Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» мемлекетік мекемесінің «Жалғызтал ауылында  ірі қара малының бруцеллезіне шектеу іс – шараларын алып тастау туралы» № 01-20/1015 ұсынысы шықты. Алдағы күндері Жалғызтал ауылы бойынша шектеу іс – шаралары ауыл әкімінің шешімі бойынша тоқтатылады.

2018 жылғы қыркүйек айынан бастап ірі қара малдарының бруцеллезі бойынша шектеу іс – шаралары басталып, сауықтыру жұмыстары жүргізілген уақытта жоғарыда аталған үш ауылдар бойынша бруцеллезге қарсы диагностикалық тексерудің нәтижелері:

-        Жалғызтал ауылы бойынша – 9 бас ауру ірі қара малы;

-        Фурманов ауылы бойынша – 37 бас ауру ірі қара малы;

-        Қайыңды ауылдық округінің Алуа ауылы бойынша – 27  бас ауру ірі қара малы анықталып отыр. Барлығы: 73 бас.

Фурманов және  Қайыңды ауылдық округінің Алуа ауылдары бойынша сауықтыру жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар 2018 жылғы көктемгі және күзгі бруцеллез ауруына қарсы диагностикалық тексерудің нәтижесі бойынша Жаңақала ауылы ірі қара малының бруцеллезі бойынша қолайсыз аймақ болып отыр. Қыркүйек айында бруцеллез ауруы анықталған малдардан санитарлық сою кезінде патологиялық сынамалар алынып облыстық ветеринариялық зертханаға тексеруге тапсырылды.   Облыстық ветеринариялық зертханасының тексеруі бойынша бруцеллез ауруы анықталды. Қазіргі уақытта 2018 жылғы 13 қарашадағы «Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» мемлекетік мекемесінің № 01-20/993 ұсынысы негізінде Жаңақала ауылы әкімінің  ірі қара малдарының бруцеллезі бойынша шектеу іс – шараларын қою туралы шешімі әзірленуде. Ауыл әкімінің шешімі күшіне енген уақыттан бастап Жаңақала ауылы аумағында сауықтыру іс – шаралары жүргізілетін болады. Ауыл аумағында орналасқан барлық жеке және заңды тұлғалардың қолдағы ірі қара малдары толықтай шектеу іс – шараларына кіреді. 

Сонымен қатар қала бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендірілуі жүргізіліп, компьютерлік дерекқорына енгізу және шығару  жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Қазіргі уақытта ауыл  шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру компьютерлік дерекқорына жыл басынан жүргізілген ветеринариялық іс – шараларын енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Қалада орналасқан ішкі сауда объектілерінде (базарларда) және қалалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде сатылатын жануарлардан алынатын өнімдердің ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринария бөлімінің мамандары күнделікті бақылау және қадағалау жұмыстарын Арқалық аудандық ветеринариялық зертханасының мамандарымен бірлесе отырып жүргізеді. Аталған бақылау және қадағалау жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін ветеринария бөлімінің екі маманы қызмет жасайды. 

          Ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларының алдын алу мақсатында барлық жоспарлы жұмыстарды  толықтай сапалы орындау және қадағалау қаланың ауыл шаруашылығы жануарларының өсуіне тікелей әсер етеді.

хат жіберу