Блог статистикасы
196
Жазбалар
2593
Өтініштер
112894
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әлеуметтік және жұмыспен қамту

1. «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлімі) жергілікті (қалалық) бюджеттен қаржыландыратын жұмыспен қамту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін орындауға уәкілденген атқарушы орган (мемлекеттік орган) болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативті – құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Арқалық қаласы аумағында жұмыспен қамту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыру Бөлім қызметінің мәні болып табылады.
Бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.
3. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін бөлім мынандай қызметтерді жүзеге асырады:
1) қалалық әлеуметтік бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырылуына қатысады;
2) еңбек және әлеуметтік – экономикалық қатынастар жөніндегі қалалық және салалық (тарифтік) келісімдердің орындалуына ықпал етеді;
3) барлық меншік түрлеріндегі мекемелерге ұжымдық шарттар келісімдер жасауға көмек көрсетеді;
4) халықтың тұрмыстық деңгейін көрсетуге және тұрақтандыруға бағытталған аймақтық бағдарламалар, нормативтік құжаттар дайындауға қатысады, олардың орындалу барысын талдайды;
5)  өз құзыры шегінде халықтың тұрмыс деңгейін және табысын көтеру, кедейлікті төмендету мәселелері жөніндегі шаралардыәзірлеуге қатысады;
6)  экономикалық нарықтық өзгерістерді зерттейді, халықтың тұрмыс деңгейін зерттеу жөнінде талдау жұмыстарын жүргізеді;
7)  азаматтардың, мекемелердің бөлімнің құзырына жататын мәселелер жөніндегі өтініш – арыздарын қарап, қажетті шаралар қабылдайды;
8)  қалалық жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
9)  еңбек рыногындағы жағдайларды болжайды, талдау жасайды;
10) жұмыспен қамту мәселелері жөнінде ақпарат базасын құрады;
11) жұмыспен қамту мәселелері жөнінде ақпарат базасын құрады;
12) жоғары органдарға жұмыспен қамту саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
13) кедейшілікті төмендету жөніндегі қалалық бағдарламаны әзірлейді жүзеге асырылуына қатысады;
14) жоғары органдарға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
15) халыққа арналған әлеуметтік көмек көрсетудегі мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асыру;
16) әлеуметтік көмек алуды қажет ететін тұлғалардың контингентін анықтау;
17) әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдар санын анықтау;
18) әлеуметтік қорғауға мұқтаж аз қамтылған азаматтар мен отбасылардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетеді;
19) балалы отбасыларына жәрдемақы тағайындау жне төлеумен айналысады;
20) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеумен айналысады;
21) қалалық деңгейде бекітілген әлеуметтік көмектің басқа түрлерін көрсетеді, осы мәселе бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;
22) мүгедектерді оңалту жөніндегі қалалық бағдарламаны әзірлейді және жүзеге асырады;
23) денсаулық сақтау, білім беру органдарымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау, кемтар балаларды медико-педагогикалық және түзетулік қолдау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдарымен қарым – қатынас жасайды;
24) мүгедектерді арнайы жүру құралдарымен, протездік – ортопедиалық бұйымдармен, сурдо – тифло – техникалық құралдармен қамтамасыз етуге құжаттар қабылдайды және ықпал етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіп бойынша мүгедектерді санаторлық – курорттық емделумен қамтамасыз етеді;
25) мүгедектер бойынша деректер банкін қалыптастырады;
26) мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету, жалғызілікті қарттарға, мүгедектер мен еңбекке қабілетсіз азаматтарға қызмет көрсету бөлімдерінің, әйелдер, жасөспірімдер мен балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді;  
4. Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді конкурс тәсілімен өткізілуі қарастырылмаған.  
Аз қамтылған отбасылар туралы ақпарат
Арқалық қаласы бойынша 2017 жылғы 1 сәуірге текті аз қамтылған отбасылар саны 19 отбасы, оның ішінде 83 адамды құрайды. Кедейшілік деңгейі 0,2 %-ды құрайды.  

 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  (МАӘК) тағайындау бойынша ақпарат

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес тағайындалады. Арқалық қаласы бойынша 2017 жылғы 1 сәуірге текті әлеуметтік  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 14 өтініш берушіге, оның ішінде 53 алушыларға 835,7 мың. теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (МАӘК) тағайындалған.
Кесте
№ р/н Аймақ Өтініш берушінің саны, адам. Алушылар саны, адам. Сомма, мың теңге
1 Арқалық қ. (қала бойынша) 14 53 835,7
  БАРЛЫҒЫ: 14 53 835,7

18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік  жәрдемақылар тағайындау бойынша ақпарат  

18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес тағайындалады. Арқалық қаласы бойынша 2017 жылғы 1 сәуірге текті 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 501 өтініш берушіге, оның ішінде 1405 балаға 9906,1 мың теңгеге тағайындалып төленген.
Кесте
№ р/н Аймақ Өтініш берушінің саны, адам. Балалар саны, адам. Сомма, мың теңге
1 Арқалық қ. (қала бойынша) 320 856 6026,0
2 Аққошқар ауылы 4 13 92,9
3 Аңғар ауылы 21 60 428,9
4 Ашутасты ауылы 33 102 729,2
5 Восточное ауылы 11 29 207,3
6 Екідің ауылдық округі 1 1 7,1
7 Жалғызтал ауылы 3 9 64,4
8 Жаңақала ауылы 9 30 214,5
9 Көктау ауылы 3 11 78,6
10 Қайыңды ауылдық округі 11 34 236,0
11 Матросово ауылы 5 14 92,9
12 Мирное ауылы 0 0 0
13 Молодежное ауылы 3 9 64,3
14 Родина ауылдық округі 39 110 776,7
15 Үштөбе ауылы 9 35 229,4
16 Фурманово ауылы 28 89 636,3
17 Целинное ауылы 1 3 21,4
  БАРЛЫҒЫ: 501 1405 9906,1

Мүгедектер бойынша ақпарат
 
МЗТО деректеріне сәйкес Арқалық қаласында 1694 мүгедек бар, оның ішінде:
1) І топ – 154;
2) ІІ топ мүгедектері - 781;
2) ІІІ топ мүгедектері – 618;
3) 141 мүгедек-балалар.
«Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылдың 1-сәуіріне мүгедектерге жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес төмендегідей қызметтер көрсетті:
1) 67 мүгедекке 11466 дана міндетті гигиеналық құралдар берілді, соның ішінде мүгедек балаларға 5068 шт., 1 мүгедекке 3536 дана дәретқабылдағыш берілді, 1 мүгедекке 12 дана зәрқабылдағыш берілді;
2) 22 мүгедек балаға мемлекет тарапынан 444,8 мың теңге сомасы төленген.
3) Қостанай оңалту орталығына 7 мүгедек, Жітіқара оңалту орталығына 1 мүгедек емделуге жіберілді.
4) Мекеме қарамағында жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 7 мүгедекке жеке көмекші және естуі бойынша 10 мүгедекке ымдау тілі маманы әлеуметтік қызметтерін көретеді.
  2017 жылдың 1 сәуіріне тұрғын үй көмегінің көрсетілген жөніндегі мәлімет.
  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексі, «Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 жылғы  20 желтоқсандағы № 647 бұйры, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегiн көрсету» ережесi, Арқалық қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы «Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы»
  Қаржыландыру жоспары бойынша  2017 жылы 44647,0 мың теңге қарасытырылған, 2017 жылдың 1 сәуіріне тұрғын үй көмегіне 879 отбасынан өтініш түсті. Түскен өтініш бойынша  5700,0 теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалды, 5700,0 теңге төленеді.
   
Жұмыспен қамту секторы туралы ақпарат
 
Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 ақпандағы № №482-V «Халықты жұмыспен қамту» заңына сәйкес «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не 01.04.2017 жылда жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдірген халық саны кестеде көрсетілген:

Көрсеткіштер Есептік айға Жыл басынан
Барлығы Соның ішінде ауылды жерлер Барлығы Соның ішінде ауылды жерлер
1 2 3 4 5 6
1 Халықты жұмыспен қамту мекемесінде ағымдағы жылдың басынан тіркеуде тұрған адам саны     128  
2 Арызданған адам саны 160 39 496 86
3 Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау іс-шараларымен қамтылған адам саны 141 10 259 25
4 Соның ішінде жұмысқа орналасқындар 65 15 324 40
5 Олардың ішінде: әлеуметтік жұмыстар 35 10 109 12
6 Жастар тәжірибесі бойынша жұмыс орындар 0 0 0 0
7 Қоғамдық жұмысқа қатысқандар 21 3 147 17
8 Кәсіби даярлау, қайта даярлау және мамандықты жоғарлатуға жіберілгендер 0 0 0 0

хат жіберу