Блог статистикасы
196
Жазбалар
2654
Өтініштер
124553
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Бизнес



ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРУ ӨҢІРЛІК КАРТАСЫ   (Қосымшаға сілтеме)




Кәсіпорындар назарына!

  «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» АҚ-мен қаржыландырылған инновациялық жобаларын ақпараттық қолдау шеңберінде, «Qsolution» ЖШС Жобасы бойынша (қоса ұсынылады) ақпаратты  Сіздің назарыңызға ұсынамыз.

Жоба туралы ақпарат

«Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ


Жеке кәсіпкерлік субъектілері назарына! (15/08/2017)

«Қазақстан даму банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» АҚ экономиканың басым салаларында лизингтік қаржыландыру жүзеге асырылатынын хабарлаймыз (бизнес-ұсыныс қоса ұсынылады).

                                                                                                                                 «Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ


«Startup «Bolashak» стартап-жобасының 30 млн теңге жүлде қорымен байқаудың екінші кезеңі басталды

«Болашак» ассоциациясы «Даму» қорымен бірге қазақстандық кәсіпкерлік талабы бар жастарды қолдау мақсатында жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін бизес-жобаларды республикалық байқаудың екінші кезеңінің басталуын хабарлайды.

Байқау туралы Ережеге сәйкес, Қазақстанның 18 бен 29 жас аралығындығы барлық жастары қатыса алады.

Стартап-жоба байқауы «Болашак» ассоциациясының 3 грантын, I орын – 7 млн теңге, II орын – 6 млн, III - орын 5 млн теңге, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының «жасыл экономика» саласындағы стартаптарды жүзеге асыру үшін Бағдарламасын дамытуға 15 млн теңге гранты қарастырылған.

Оған қоса қызықты идеялардың авторлары инвесторлардан инвестициялар және «Даму» қорынан қолдау алады.

«Startup «Bolashak» байқауының өтуін республикалық телеарналардың бірінен реалити-шоу форматында көруге болады.

Байқауға қатысу үшін өтінімдер 23 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін жалғасады, құжаттар аймақтық «Даму» қорының барлық кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталықтарында жалғасады. Жеңімпаздардың есімдері 26 қарашада Марафонның бизнес-жобасында белгілі болады.

«Startup «Bolashak» байқауы екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде байқау комиссиясының мүшелері 20 дан кем емес ең қызықты идеяларды таңдап алады, авторлары бизнес-тренигтер өтеді.

Екінші кезеңде 10 ең мықты жобалар кеңесшілер мен кәсіби менторлармен бірге бизнес-жобаны дайындауға кіріседі.

«Болашак» ассоциациясының Стартап-жобасы Елбасының Ұлттық «100 нақты қадам» жоспарының іске асуына бағытталған бизнес саласындағы жастарды қолдаудың бірден бір құралы.

Байқауды ұйымдастырушылар және серіктестері: Ассоциация «Болашак» Ассоциясы, «Даму» Қоры, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Бағдарламасы.

Демеушілер: «KazInvestBank» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ.

Өтінім беру және кеңес алу үшін: «Байтерек» Холдингінің кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында (бұдан әрі - КҚО), мына мекен-жай бойынша: Қостанай қ-сы Әл-Фараби даңғылы 65, 65 «Бизнес-Центр», 1 этаж,   09.00-дан 18.00 –ге дейін., анықтамалар үшін телефон: 8(7142) 990 -300.

          Өтінімді толтыру үлгісі, оны толтыру тәртібін және құжаттар тізімі КҚО қызметкерлерінде. Сонымен қатар өтінім үлгісін «Болашақ» Ассоциациясының ресми сайтынан www.bolashak.kz және «Даму» Қорынан (төменде көрсетілген) жүктеп алуға болады.

Буклетті жүктеп алу

«Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ

МҚМ арқылы қарыз алушыларға микрокредит беру шарттары

Ақырғы қарыз алушы – заңды тұлғалар, шаруа (фермерлік) қожалықтары, кәсіпкерлік қызметімен айналысатын жеке кәсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметімен айналысатын жеке тұлғалар, соның ішінде жеке қосалқы шаруашылық жүргізетіндер. Жеке тұлғалар үшін микрокредит алғаннан кейін жеке кәсіпкер ретінде міндетті түрде тіркелуі қажет;

Микрокредит валютасы – теңге;  

Бір ақырғы қарыз алушыға қарыз сомасы – 15 000 000 теңгеге дейін;

Бір ақырғы қарыз алушығаминималды қарыз сомасы – 500 000 теңге;

Устеме ақы – несиелеудің әр жылына 4 % ;

Микрокредит мерзімі –36 айға дейін (айналым құралдарын толықтыруға – 12 айға дейін; өндірісті ашу не/немесе кеңеуту үшін 36 айға дейін)

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – 12 айдан аспайды;

Қамтамасыз ету – Кепілді қамтамасыз ету саясатына сәйкес;

Мақсатты тағайындалуы – ауылды елді мекендерде, шағын және моноқалаларда кәсіпкерлік қызметінің барлық түрлерін дамыту. Кредиттер алдыңғы кредит қарыздарын жабуға, жылжымайтын тұрғын үй мүлігін, жер телімдерін және сауданы сатып алуға берілмейді;

Ақырғы қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:

- кредитке өтініш беру күніне текті салық және өзге де міндетті төлемдер бойынша қарыздың болмауы;

- соңғы есепті кезеңге (өтініш берген ағымдағы ай) ЕДБ және басқа қаржылық институттар алдында мерзімі өткен қарыздың болмауы;

- өтінішті қарау кезеңіне жағымсыз несие тарихының болмауы;

- микрокредитті мақсатты тағайындау бойынша пайдалану.

Қарыз алушының міндеттемелерді орындауына негізгі шарттар: жылжымалы мүлік, жылжымайтын мүлік, жер телімдері, автокөлік, ауылшаруашылық техникасы, құрылғылар, мал, үшінші тұлғаның кепілдемесі және кепілгерлігі;

Қарыз алушының жауаптылығы – Қарыз алушымен қарыз қайтару мерзімі бұзылса, Қарыз алушы Қарыз берушіге мерзімі өткен қарыз сомасынан әр күн үшін 0,05 % мөлшерінде өсімпұл төлейді, бірақ 10 % аспайтын мөлшерде.

Қарыз алушы қарыз сомасын немесе оның бөлігін нысанасыз пайдаланған жағдайда, Қарыз беруші шартымен Қарыз алушы оған нысансыз пайдалаған қарыз сомасынан 10 % айыппұл төлейді. Төленген айыппұл және өсімпұл сомалары қайырымдылыққа жіберіледі

Негізгі қарызды жабу мерзімділігі – ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет және 1 жылда 1 рет.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (ШОКС) аймақтық қаржыландыру Бағдарламасы бойынша ШОКС несиелеу шарттары:

ШОКС үшін құралдарды орналастырудың негізгі шарттары:

Мақсатты топ – Қостанай облысы аумағында тіркелген және жобаларын жүзеге асырушы бастаушы және жұмыс жасайтын кәсіпкерлер;

Бір қарыз алушыға Кредиттің максималды сомасы – 80 000 000 теңге – жұмыс жасайтын кәсіпкерлер үшін; 20 000 000 теңге – бастамашы кәсіпкерлер үшін;

Номиналды пайыздық мөлшерлеме - 8,5% аспайтын;

Кредит мерзімі:   

– негізгі құралдарды сатып алуға және жаңғыртуға 84 айға дейін;

– айналым құралдарын толықтыруға 36 айға дейін.

Кредит валютасы – теңге;

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі банктің шешіміне сәйкес 24 айдан жоғары болмайды;

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі банктің шешіміне сәйкес 12 айдан жоғары болмайды;

ШОКС-не қарыз келесі мақсаттарға ұсынылады:

- негізгі құралдарды сатып алуға және жаңғыртуға,

- айналым құралдарын толықтыруға.

ШОКС несиелеу саласы, ауылды жерлерде, моноқалаларда, облыстық орталықта (Қостанай қ.) салалық шектеулерсіз жобаларын жүзеге асырушыларға және/немесе жүзеге асыруды жоспарлаушыларға,

Қарыз алушыларға келесі мақсаттарға қарыз ұсынуға тыйым салынады:

- заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу;

- қаржылық көмекті қайтару (ақысыз және пайызсыз);

- сенім артылғандар (агенттер) қызметін өтеу;

- аффилиирленген тұлғалардан негізгі құралдар, активтер сатып алу;

- ШОКС қолданыстағы қарыздар/кредиттерін қайта қаржыландыру;

- акцизді тауарлар/өнімдерді шығару;

Аталған бағдарлама бойынша қаржыландыруда ШОКС үшін негізгі шарпттар:

- Жобаның «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» немесе Қордың өзге Бағдарламалары Ережесіне сәйкес келген шартында Даму қоры кепілдемесінің болуы;

- Кредит мерзімі аяқталғанға дейін сақталатын жаңа жұмыс орындарын ашу. Жаңартылған кредиттік жүйелер бойынша қолжетімді мерзімін ұзарту, кредит мерзімі аяқталғанға дейін кейінгі сақталуымен жұмыс орындарын қайта ашу.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ 26 КОМПАНИЯСЫ«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТТЫ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

6-8 мамыр мерзімі аралығында «Көрме» көрмелік орталығында, «Бәйтерек» Холдингімен «Даму» Қоры ұйымдастырған, «Қазақстанда жасалған» атты Көрме өтті. 300 отандық компаниялар 5000 астам тауар әкелді. Қостанай облысын Рудныйдан,Қостанайдан, Лисаковсктан, Жітіқарадан, Арқалықтан және Жангелді ауданынан 26 компания таныстырды.

Көрме келушілеріне Ерғалиева Ғалия, Омарова Гульнур, Исюмбаева Гаухар, Магданова Татьяна жасайтын сәнді, бірқилы және ұлттық киімді, Мухамедгалиева Кульшат, Сандыбаева Гулим, Мұқанова Ақтоты жасайтын дәмді пісірілген нанды, Кеңес Мұратбектің табиғи жоғары сапалы майын, Танашова Розаның жартылай дайын өнімін бағалауға, «Тойбастар» дүкенінің өнімдерінде ұлттық бейненің барлық әркелкілігін көруге, «СарыаркаАвтоПром» зауытында шығаратын, JAC S3 автомобилін тестілеуге мүмкіндік түсті..

АВЕНТА плюс компаниясы вентиляция және кондициялау жүйесін ұсынды, және де жұқа табақты мырышталғын және даттанбайтын болаттан жасалған өнімдер – қасбеттің әдемі безендіретін, біртума өнімдердін ұсынды.

Қазақстанның құрылыс компаниялары Эталон-2013, ГК БК-Строй жүзіндегі сапалы құрғақ қоспалар, темір бетонды өнімдер, керамикалық кірпіштер, шағыл жеткізушілерін таба алды.

Тек қана біздің елдің аумағында ғана емес, оның шегінен де тыс сатылатын ең үздік ұн Қостанай облысында жасалатыны ешкімге де құпия емес. Аруана-2010 ЖШС және Қостанай ұн тарту компаниясы дәл осы ұнды ұсынды.

Қостанай облысы бойынша мобильді астық кептіргіш жинау Отписорт ЖШС жүзеге асырады, Ақбаев Алидің 3D ПОЛИМЕР компаниясы эксклюзивті едендік төсем әзірлеу және жасауда мамандандырылған, Рудный РВД ЖШС жоғары қысымды жең өндіреді, Нұрғали Ерлан полиграфиялық өнім өндіреді және баспаханалық қызмет көрсетеді.

Азмаганбетова Жанат келушілерге көрсету үшн, 20 шаршы метрде Амарант сауда таңбасының жиһазын барынша орналастыруға тырысты. Көп емес орналастырылды және бұл компания өндіретін, барлық жиһаз сұрыпталымының аз ғана бөлігі.

Көрмеде қызмет саласындағы қатысушлыар да болды: Анкауов Багланның «Arlan Design» авторлық интерьер дизайны студиясы және Чечулина Ксенияның Home Hotel атты үйше қонақ үй желісі.

Баян Сұлу – Ұлттық чемпионы астаналық тұрғындар мен қала қонақтарына өз өнімін - шоколад, карамель, ирис, печенье, вафли, зефир және тағы басқа ұсынды.

Бұл Қостанай облысында бар байлық емес, өкінішке орай көрмелік орталық барлық қалағандарды сыйдырмады.

Көрме өткізу аясында қазақстандық өндірушілер Форумы өтті. Форумда ҚР инвистициялар және даму Министрі Асет Орентайұлы Исекешевтен Қостанайлық «Аруана-2010» компаниясы салтанатты түрде шағын бизнес категориясында ең нәтижелі өндіруші есебінде Диплом берілді.

Көрменің әр қатысушысы өзіне барынша пайда ала алды: біреуі өз тауарына жарнама жасады, біреуі әлеуетті серіктес, инвесторлар тапты,ал біреулері мастер-класс пен треннингтерге қатыса алды. Көрмеге қатысу тек қана өзін және өз өнімдерін ғана көрсету емес, іскерлік байланыстар орнату мен әлеуетті серіктес және жеткізуші табу мүмкіндігі.

«Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Даму» Қоры мен Қостанай облыстық әкімшілігі өңірдің шағын және орта кәсіпкерлік саласына 1 млрд. теңге бөледі

Аталған Меморандумға «Бәйтерек» ҰБХ АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары барысында қол қойылды. Құжат бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру үшін Қостанай облыстық әкімшілігі 500 млн. теңге, «Даму» Қоры 500 млн. теңге бөледі. Қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы босатылады. Бағдарламаға қатысушыларға салалық шектеу қойылмайды. Несие айналымдағы қаражатты толықтыру мен құрал-жабдықтарды жаңғыртуға деп бөлініп отыр. Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін 80 млн. теңгеге дейін, ісін жаңа бастағандар үшін 20 млн. теңгеге дейін қарыз беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8,5 %. Негізгі құралдарды алып, жаңғырту үшін 84 айға дейін, айналымдағы қаражатты толтыру үшін 36 айға дейінгі мерзімге беріледі. Аталған бағдарламаға сәйкес, несие алған кәсіпкерлер кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қорының кепілдемесін пайдалана алады.

           «2016 жылы «Даму» Қоры елдің өңірлеріне арналған нысанды-мақсатты бағдарламалар аясын кеңейтпек. Біз өңірлердегі кәсіпкерлер үшін 23,6 млрд. теңге бөлмекпіз. Оның ішінде 8,7 млрд. теңге әкімшіліктердің қаржысы. Өңірдің даму бағытына қарай, ауыл мен аудандардағы жобаларға басымдық берілетін болады. Екінші деңгейлі банк филиалдарына   7-8 пайыздық мөлшерлемемен қолға тиетін несие қаражаттары салынады. Өздеріңіз байқап отырғандай, пайыздар төмендеп, қолжетімді бола түскен. Біз Қордың кірісі азаятынын түсінеміз. Алайда Қор пайданың астында қалуды емес, кәсіпкерлерге арзан, ұзақ мерзімді әрі қолжетімді несие беруді мақсат еткендіктен, осындай қадамдарға барып отырмыз. Осының арқасында шағын бизнестің мойнындағы борышы жеңілдеп, кәсіпкерлер саны арта түспек»,- деді Меморандумға қол қойған Қор басшысы Қаныш Тулеушин.

Биылғы жылдың басынан бері «Даму» Қоры Астана қаласы әкімшілігімен 2 млрд. теңге, Алматы облысының әкімшілігімен 3 млрд. теңге, Батыс Қазақстан облысы әкімшілігімен 1 млрд. теңге, Маңғыстау облысы әкімшілігімен 900 млн. теңге және Қызылорда облысы әкімшілігімен 1,5 млрд. теңгенің меморандумына қол қойған.

2009 жылдың желтоқсан айы мен 2015 жылдар аралығында Қор аймақтық қаржыландыру бағдарламаларына деп екінші деңгейлі банктерге 9,7 млрд. теңге салса, оның 4,5 млрд. теңгесі әкімшіліктердің қаражаты.

ЛОГО ДАМУ «Даму» Қоры – бұл ұлттық даму институты, 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.  Баспасөз қызметінің тел.: +7 (727) 2445566 (ішкі 1042) сайт:

                                                                         Қостанай облысында Гранттық қаржыландыру бойынша 16 жоба мақұлданған

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Қостанай облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасыаясында, мемлекеттік гранттарға талаптанатын кәсіпкерлердің сұранымдарын қарастыру үшін Аймақтық Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Конкурстық іріктеуге барлығы 188 сұраным түсті. Жинап келгенде конкурстық комиссиямен жалпы сомасында 30 млн.теңге болатын, 16 жоба мақұлданды. Барлық жобалар облыс қалаларында және аудандарында жүзеге асырылады. Идеялар өте қызықты және әр өңірдің экономикалық дамуына өте пайдалы. Бұл жаңа жұмыс орындарын туындыру да, бюджетке салық түсіру де.

Мысалға Арқалық қаласында «Мобильді планетарий», ал Амангелді ауданында 500 тоннаға көкөніс сақтау қоймасын ашу жобалануда. Жангелді ауданында кәсіпкер орташа тапқа   мал дәрігерлік дәріхана ашуды және ауыл шаруашылық жануарлар мен үй құстарына дәрігерлік көмек беруді жобалайды. Лисаковск қаласында грант арқасында караоке-бар ашылады. Нан мен нан-тоқаш өнімдерін жасау бойынша, өндірістік қуаты тәулігіне 2000 килограмм болатын цех Наурызым ауданында ашылады. Алтынсарин және Қарасу аудандарында аяқ киім жөндеу шеберханасы пайда болады. Және де Алтынсарин ауданында мини-баспахана салу жобасы мақұлданды. Әулиекөл ауданында «Балаларға арналған ойын бөлмесі» ашылады. Қарабалық ауданында халыққа жеке секторда су жүргізетін құбырды траншеясызды салу бойынша қызмет көрсетіледі. Ұзынкөл ауданында гранттық қаражатқа жақын уақытта көкөніс және көк жем өсіру бойынша гидропонды қондырғыдағы жыл бойғы жылыжай салыну басталады. Ал Жітіқара ауданында грант көмегімен ұсақ тасты- мастикалық асфальтобетонды қоспа үшін «EcoTop» тұрақтандырғыш қосындысын өндіру цехы іске қосылады. Сақинаның темір-бетонды өнімдерін өнідру және оны қондыру Федоров ауданында іске қосылмақ. Сарыкөл ауданында комиссия «Солнечный вегетарий» - жеміс-жидек, көкөніс және гүлдер көшеттерін өсіру жобасын мақұлдады. Қостанай қаласында 2 жоба мақұлданды - «BESTkz» экскурсия бюросы және кез-келген металлдық бетке гальваникалық төсем түсіру.

Осылайша грант дегеніміз өз бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін шынайы бастама деп айта аламыз. Өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға гранталушыларға сәттілік тілейік!

«Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Даму» Қорының Қостанай филиалы мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындар бойынша пресс-тур өткізді

Бизнесті бүгінгі деңгейдегі мемлекеттік қолдау, оның үлкен маңызы туралы және кәсіпкерлік секторды әлеуетті ынталандыру туралы айтуға мүмкіндік береді. Бұған, «Даму» Қорының Қостанай филиалы ұйымдастырған, пресс-тур аясында аймақтық және республикалық БАҚ өкілдерінің көзі жетті. Журналисттерге облыстың, түрлі қызмет аясында өзінің бизнес-идеясын жүзеге асыратын,төрт кәсіпорынына баруға мүмкіндік берілді. Онда кәсіпорындар қандай мемлекеттік бағдарламамен қолданғанын айтты:

Рудный қаласының «Real RD» компаниясы бөлмеаралық есіктер мен қасбет жасаумен айналысады. Компания «Моноқалаларды дамыту бағдарламасы 2020» бойынша 3млн. теңге мөлшеріндегі қайтарымсыз грант арқасында жабдық сатып алды.

Қостанай ауданының, көкөніс өсірумен айналысатын «ТЭРРА» шаруа қожалығы да мемлекеттік қолдаумен пайдаланды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша компания, жылына 14% мөлшерінде, оның ішінде «ТЭРРА» үлесіне 4% ғана түсетін, ал қалған пайыздар мемлекеттен субсидия ретінде кеткен, 136 миллион теңге алды. Алынған несие қаражатына көкөніс қоймасы салынды және жабдықтар сатып алынды. Тағы бір несиені –жылына 16% мөлшерінде, 180 миллион теңге –ШҚ айналымдағы қаржыны толықтыруға алды.

«Аруана 2010» ЖШС Қостанайда ұн өндірумен айналысады. Осы жылы, «Өңдеу өнеркәсібі саласында айналысатын, шағын және орташа кәсіпкерлік субьектілерін қолдау бағдарламасы» аясында, кәсіпорынмен жеңілдікті 6% мөлшерінде жабдық сатып алуға несие алынды. 30 миллион теңге дәнді дақылдарын өңдеу мен тазарту желісін алуға жұмсалды. Кәсіпорын мақтанышы – ұнның ылғалдылығын бағдарламалық бақылайтын италияндық жабдық. Оның арқасында өнімнің наубайлық қасиеті бірталай жақсарады.

«Ақ желкен» бала-бақшасының ашылу мүмкіндігі «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы арқасында жүзеге асырылды. 7 % мемлекет субсидиялайтын, ал қалған 7 % ғана бала бақша өтейтін, 20 миллион теңге несие қаражатына керекті жиһаз, техника, ойыншықтар және дидактикалық материал алынды. Бала-бақша Мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы аясында жұмыс істейді – әкімдік ғимаратты сенімгерлікпен басқаруды жеке тұлғаға тапсырды. Бұрын, қазір бала-бақша қызмет ететін, ғимаратта қалалық әскери коммисариат орналасқан. Меншікті қаражат есебіне ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді. Бүгінгі күнде 9 топ әрекет етеді, оның ішіндегі 2-де оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекеме 335 орынға шамаланған, қазіргі кезде 275 бала қабылданды.

«Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі


хат жіберу