Блог статистикасы
195
Жазбалар
3158
Өтініштер
138528
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жиі қойылатын сұрақтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кім үміткер бола алады?

ҚР баспана алуға кезекке қою үшін тиісті елді мекенде тұрақты тұру қажет (тұру мерзміне қарамастан).

Коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан мынадай тұлғаларға ұсынылады (әкімдіктер жалға алған пәтерлер, егер қорға кірсе):

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларға (онлайн жеңілдіктердің болуы туралы анықтама алу*);
  • республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 3,1 есе төмен отбасының әр мүшесіне баспана ұсыну туралы жүгінер алдында соңғы он екі ай үшін жиынтық орташа айлық табысы бар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына. Ең төменгі күнкөрістің 3,1 есе мөлшерінің коэффициенті жетім-балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;
  • мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, ғарышкерлікке үміткерлерге және мемлекеттік сайлау лауазымындағыларға;
  • ҚР заңнамасына белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтарға.

*Ескерту. Жеңілдіктердің болуы туралы анықтаманы (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС апатын жоюшыларға, әскери-интернационалистерге)  онлайн алуға болады, ол үшін ЭЦҚ керек емес. Сіз  туысқандарыңызға да көмектесесіз, себебі анықтаманы тек өзіңізге ғана емес, сонымен қатар туысқаныңызға да ала аласыз.

Бұл жерде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж болып табыласыз, егер:

  • коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке қоюда және ұсыну сәтінде ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үй болмаса;
  • сіздің отбасыңыз тұрып жатқан баспана белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға жауап бермесе;
  • біріккен оқшауланбаған тұрғын бөлмелерде екі және одан да артық отбасы тұрса;
  • сіздің отбасыңызда кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарымен ауыратын науқастар болса (ҚР Үкіметінде бекітілген аурулардың тізімі бойынша), онда бір бөлмеде (пәтерде) бірге тұру мүмкін емес.

Мемлекеттен тұрғын үйді кім бөледі?

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы органнан жалға алынған тұрғын үй тұрғын үй комиссиясының шешімі және тұрғын үйді жалға алудың жасалған шарты негізінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша әкімдіктің шешімі бойынша ұсынылады.

Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй тұрғын үйді ұсыну туралы мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй комиссиясының шешімі және жасалған тұрғын үйді жалға алу шарты негізінде ұсынылады.

Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй  тұрғын үйді ұсыну туралы мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының шешімі және жасалған тұрғын үйді жалға алу шарты негізінде ұсынылады.

Құжаттарды тапсыру кезінде тұрғын үй комиссиясы құрылады, оның шешімі бойынша бұрын тапсырылған құжаттар негізінде тұрғын үй ұсынылады. Тұрғын үй комиссиясы кезекке 30 күнтізбелік күн ішінде қою туралы шешім қабылдайды, одан кейін кезек нөмірі көрсетілген хабарлама береді.

Тұрғын үй комиссиясы – бұл тұрғын үй мәселелері бойынша шешімді шығаруға уәкілетті және әкімдіктерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелер жанынан құрылады. Тұрғын үй комиссиясы тұрақты негізде әрекет етеді.

Тұрғын үй комиссиясы кем дегенде бес адамнан тұрады (мүшелерінің саны тақ болуы міндетті ) және оның құрамына кәсіпорын басшысы (орталық мемлекеттік органдарды  қоспағанда), жауапты хатшы, заң, қаржы, кадр қызметтерінің басшылары (бар болса) және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кіреді.

Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйге үміткерлердің өтініштерін қарастырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын, нақтылығын тексереді, өтінішті қанағаттандыру немесе бас тарту туралы құжаттарды ұсынуды тексереді. Жалға алған жағдайда жалға алу шартын жасау мәселелері және тұрғын үй үшін төлем мөлшерін анықтайды, ал қызметтік немесе мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендірген жағдайда жекешелендіру шартын жасау туралы мәселелерді қарайды және төлемге шот ұсынады. Сондай-ақ тұрғын үй комиссиясы ақпаратты ұсыну бойынша мемлекеттік органдарға сұраныстарды орындайды, есептеулерді жүргізеді және материалдар мен мәліметтердің сақталуы және басқалары үшін жауап береді.



Мемлекеттен тұрғын алаңының қандай мөлшеріне үміткер болуға болады және тұрғын үй қандай болуы тиіс?

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 75-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттен тұрғын үй бір адамға пайдалы ауданның 15 шаршы метрден кем емес және 18 шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден артық емес мөлшерде ұсынылуы мүмкін.

Егер отбасында жоғарыда көрсетілген аурулардмен ауыратындар болса, онда оларға жеке бөлме ұсынылады. Сондай-ақ алынатын пәтердің ауданы егер отбасында жүктілігінің мерзімі 22 аптадан артық жүкті әйел болса үлкен болуы мүмкін.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 76-бабына сәйкес  ұсынылатын тұрғын үй тұрмысқа жайлы болуы, қала сызбасында және мүгедектерге арналған қажетті шарттарды ескерумен орналасуы тиіс.


Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қайда бару керек және қандай құжаттар қажет?

Жүгінудің екі жолы бар. Дәстүрлі – онда жергілікті атқарушы органға, яғни әкімдікке жүгіну, яғни құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет.

Қызметті алуда кезекке қою үшін құжаттарды беру кезінде уақытты үнемдеу үшін мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады. Ол үшін қажетті құжаттарды тіркеп осы сілтеме бойынша өту және ЭЦҚ сұранысына қол қою қажет.


Мемлекеттен тұрғын  үйді қалай алуға болады немесе қандай жағдайда маған бас тартуы мүмкін?

Өкінішке орай, сіздің бұл сұрағыңызға ешкім нақты жауап бермейді. 30 күнтізбелік күн ішінде сіз тұрғын үйді алуға кезекке қою туралы немесе бас тартудың негізді жауабы бар хабарлама аласыз. Хабарламада сіздің ағымдағы кезегіңіздің нөмірі көрсетілетін болады. Егер құжаттар онлайн берілсе – онда хабарлама сіздің жеке кабинетіңізге келеді, ал егер әкімдікте болса жеке өзіңіз ала аласыз немесе сізге почтамен жібереді.  

Тұрғын үйді онлайн алуға кезекті бақылау өте қолайлы. Ол үшін ЭЦҚ алудың қажеттілігі жоқ және құжаттардың қандай түрде берілгені маңызды емес. ЖСН және сіз кезекте тұрған аймақты көрсету жеткілікті.

Кезек тәртібі өзгеруі мүмкін, оларға сәйкес тұрғын үй ұсынылатын азаматтардың үш тобы бар, (әр топ бойынша өз кезегі бар):

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылар;
  • халықтың әлеуметтік әлсіз топтары;
  • мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланатын лауазымды атқаратындар;
  • ҚР заңнамасымен белгіленген апатты тәртіптегі жалғыз тұрғын үйі бар азаматтарға.

Жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органнан жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығына Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары ие.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларының 12-бабына сәйкес әкімдік жыл сайын тұрғын үй алуға кезектегілер тізімін жыл сайын жаңартады. Дәл осы себепті  сізге тұрғын үй қажеттілігі айғағын растау үшін жыл сайын мәліметтерді ұсыну өте маңызды.

Жыл сайын 1 сәуірден 1 желтоқсанға дейін құжаттарды тапсырғандағы өтініштен басқа құжаттардың дәл сол тізімін ұсыну қажет.




хат жіберу