Блог статистикасы
196
Жазбалар
2749
Өтініштер
132129
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Тарихтан тағылым-өткенге тағзым»

Ы.Алтынсарин гимназия

«Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» тақырыбында өткен

Ы.Алтынсарин музейінің ашылуы туралы ақпарат 

27 ақпан күні Арқалық қаласында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін гимназиясында ұлы ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин музейінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Музейдің ашылу бағдарламасы 2 бөлімнен, яғни салтанатты жиын және концерттік бағдарламадан құралды. Салтанатты жиын гимназия ғимаратының 2 қабатында өтті.  Жиынның қадірлі қонақтары Арқалық қаласының әкімі Балғарин Амантай Кәкімбекұлы, ыбырайтанушы, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік институтының профессоры Серікбай Оспанұлы, қала әкімі орынбасарлары Мусин Ирнат Галиханұлы және Аубакиров Түбекбай Ғапсалықұлы,  аппарат басшысы Бралин Бауыржан Сабыржанұлы, Арқалық қаласының ардагерлері Кәки Ақан, Ғапбасов Жәнібек, Хамит Досжанов, Қайерден Жиенбаев, Әбдіжамалұлы Төлехан, Алматов Орекен, Ержанов Бисенбай, Бектурғанов Рахымжан, Шөптібай Байділдин, Арқалық мемлекеттік педагогикалық иститутының ректоры Куанышбаев Сейтбек Бекенұлы, білім бөлімінің басшысы Маметеков Есламбек Жеңісұлы, білім бөлімінің әдіскерлері және қала мектептері басшылары болды. Сонымен қатар жиынға гимназистер, гимназия ұстаздары,гимназия қамқоршылық кеңесінің төрайымы Касымова Әсем Серікқызы және гимназия ата-аналары қатысты.  

Салтанатты жиын үш тілде Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен басталды. Жиын барысында Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда «Рухани жаңғыру» және «Туған жер» бағдарламасы аясында тарихи маңызы бар жаңа есік айқара ашылатыны туралы нақты тоқталып кетті. Сонымен қатар, бүгінгі ашылған музейде біздің еліміздің, халқымыздың және қазақ даласына алғашқы қоңырау үнін соққан Ыбырай атамыздың тарихы жазылатыны туралы сөз етті. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық тарихы және ұлттық мектеп қалыптастырудағы ерен еңбегі де назардан тыс қалмады.

Гимназистер Ыбырай Алтынсаринге арнаған жүрек жарды өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Олар нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, қазақтың жарық шамы Ыбырай Алтынсарин есімін алған гимназия ордасында білім алатынын мақтанышпен айтты.

Гимназистердің жүрек жарды өлеңдерін кейін Арқалық қаласы әкімі Балғарин Амантай Кәкімбекұлына сөз берілді. Қала әкімі Амантай Кәкімбекұлы өз сөзінде бүгінгі Ыбырай Алтынсарин музейінің ашылуы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтің «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру, тарихи құндылықтарды құрметтеп, өлке,  мектеп тарихын білу мақсатында ұйымдастырылып отырғандығы туралы айтты. Сонымен қатар Ы.Алтынсарин бүкіл өмірін қазақ даласында бала оқытуға, мектеп ашуға арнағаны, оның өлеңдері мен әңгімелері қазақ жастарына тәлім-тәрбиелік мақсатта жазылғаны туралы ерекше атап өтті. Келешек ұрпақты жігерлендіріп, рухтандыру мақсатында даланың дара ұстазы Ыбырайдың ісін, асыл мұрасын келешек ұрпақ, яғни өсіп келе жатқан білім алушылар, жалғастыру керектігі, Ыбырай есімін әркез қастерлеп, оқуда озат болып, тек биік белестерден коріне берулеріне тілек білдірді.

 

Келесі құттықтау сөз ыбырайтанушы, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік институтының профессорыСерікбай Оспанұлына берілді. 

Ыбырай Алтынсарин музейінің ірге тасының қалануынан бастап, бүгінгі күнгі ашылуына дейін белсенді түрде атсалысқан біздің жанашыр ата – аналарымыздың атынан сөз кезегін қамқоршылық кенесінің төрайымы Касымова Әсем Серікқызы алды. Әсем Серікқызы сөз барысында гимназия ата-аналар атынан ыстық лебізін білдіріп, бүгінгі ашылғалы отырған Ыбырай бабамыздың музейі ғасырдан-ғасырға өз жалғасын табуына ықыласын білдірді.

Құрметті қонақтардың сөздерінен кейін, Ы.Алтынсарин музейінің тұсау кесер рәсімі Арқалық қаласының әкімі Балғарин Амантай Кәкімбекұлына және Арқалық мемлекеттік педагогикалық иститутының ректоры Куанышбаев Сейтбек Бекенұлына берілді. Барлық қонақтар 3 қабатта орналасқан Ыбырай Алтынсарин музейінің тұсау кесер рәсіміне жиналды. Ыбырай Алтынсарин музейінің жанында 5 және 11 - сынып оқушылар қонақтарды зор қошеметпен қарсы алды. Арқалық қаласының әкімі Балғарин Амантай Кәкімбекұлы және Арқалық мемлекеттік педагогикалық иститутының ректоры Куанышбаев Сейтбек Бекенұлы сыңғырлаған қоңырау үнімен музейдіңлентасын қиып, Ыбырай Алтынсарин музейін ашты.

Ы.Алтынсарин музейінің тұсау кесер рәсімінен кейін барлық қонақтар гимназия рәсім залында өтетін концерттік бағдарламаға жиналды. Концерттік бағдарламаның негізгі мақсаты: ұлы ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбегі,  қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең ізі мен еңбегін таныстырып, насихаттау арқылы, келешек ұрпақ бойына тәуелсіз  және патриоттық сана қалыптастыру болды. Концерттік бағдарлама Ыбырай Алтынсариннің ерен ерлігіне арналған өлең жолдарынан басталып, ұлы ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин туралы видеоқойылыммен жалғасты. Ұстаздардың ұстазы атанған Ыбырайдың ерлігін гимназистер сахналық қойылым арқылы көрсетті. Қойылым барысында анасы баласына Ыбырай бабымыздың ерлігін баяндап береді.Гимназистер бала Ыбырай, жас Ыбырай және ағартушы ұстаз Ыбырайды сомдады. Қойылым барасында Ыбырай барлық қиындықты жеңіп, қазақ даласына мектеп ашып, қазақ балаларын оқыту ісімен айналысқаны және өз кезінде қазақ елін басқа елдермен иық теңестіру, қазақ жұртын білім арқылы рухтандыру болғанын көрсетті. Қойылымның тәрбиелік маңызы өскелең ұрпаққа  өте зор болды. Гимназистер Ыбырайдың ерлігіне еліктей, мақтана, қызыға да қарап, мәз болғандай. 

Келесі кезек әдеби қойылымға жалғасты. 7 сынып оқушылары Ыбырай Алтынсаринға арнап жүрек жарды өлеңдерін оқыды. Әдеми қойылымның негізгі мақсаты: Ыбырайдың аңсаған арманының орындалып, жатқаны және оның сол кезде болашақты болжай алатын қабілеті, болашақтың жаршысы екенін көрсету болды.

Қазақтың қасиетті үкілі домбырасының үні Ыбырайдың жүрегінен терең орын алған. Ыбырай Алтынсарин музыка мектебін ашпақ болған. Міне, Ыбырай бабамыздың құрметіне гимназистер «Адай» күйін халыққа тарту етті.

Талай дана – данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың ақыны, жазушы, драматургы атанған, Ыбырайдың шәкірті, ізбасары Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет «Алтынсарин – қазақтың жарық шамы» атты жүрекжарды өлең жолдарын жыр еткен болатын. Осы әнді жас, талантты, гимназия оқушылары Мырзағали Әділхан мен Сыздыкова Камиланын орындауында барша қауым құрметпен тамашалады.  Ыбырайдың «Таза бұлақ» әңгімесін оқушылар қойылым арқылы көрсетті. Қойылым орыс тілінде және өте жоғары дәрежеде болды. 5 - сынып оқушылары «Ыбрайым- аңыз» және Диқан Бағнұрдың «Торғайым» әнін тамашалады.

     Концерттік бағдарлама соңында гимназистер «Біздің уақыт келді...» әнін орындап, Ыбырайдың аңсаған арманы жеткендігін айтып, барлық қауымға сәттілік тіледі.

хат жіберу