Блог статистикасы
195
Жазбалар
3619
Өтініштер
153638
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы



1.     «Мемлекеттік тілдің латын қаріпіне көшуі» жобасы

2.     «Қазақстанның киелі жерлері»  жобасы

3.     «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы

4.     «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жобасы

5.     «Туған жер» жобасы 

6.     Ы.Алтынсарин гимназия «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» тақырыбында өткен Ы. Алтынсарин музейінің  ашылуы туралы ақпарат



  Файзолла Сатыбалдыұлы

 «Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   ұйымдастыруымен 2018 жылдың 1 қараша күні сағат 11.00-де Ә.Боранбаев кинотеатрында ақын, дін және қоғам   қайраткері - Файзолла Сатыбалдыұлының 135 жылдығына арналған «Шерлі жылдар шежіресі» атты еске алу кеші болып   өтті. 

 Дін өкілдері, тарихшылар мен филолог мамандар, студенттер мен ақынның ұрпақтары қатысқан кеш барысында   Файзолла Сатыбалдыұлының өмірі мен қайраткерлігіне, ақындығына қатысты баяндамалар тыңдалып, ақын өлеңдері   оқылды.

 Белгілі жыршы Кәки Ахан ақынның «Тоқымбет» жырының үзіндісін жырлап берсе, Амангелді ауданынан арнайы келген   дәстүрлі әнші Айтан Сейдахмет Файзолланың «Міржақыпты жоқтап» шығарған өлеңін нақышына келтіріп өз мақамымен   орындап берді. Келушілер Файзолла Сатыбалдыұлының ғибратты ғұмырына қанып, тағылымды кештің куәсі болып   қайтты.



«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» «Рухани қазына» кіші бағдарламасы шеңберінде өткізілген «Арайлы Арқалығым» атты халық шығармашылық фестивалі

       «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, мемлекеттік   әлеуметтік  тапсырысы бойынша         Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жанынан құрылған   «Жасампаз» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» «Рухани   қазына» кіші бағдарламасы шеңберінде «Арайлы Арқалығым» атты халық шығармашылық фестивалі 2018 жылдың   қазан күні Арқалық қаласының қазақ жасөспірімдер театрында өткізілді. Фестивалдің негізгі мақсаты Елбасымыздың   «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іргерлету және Арқалық қаласы аумағы бойынша халық арасынан талантты   тұлғаларды елге таныту. Фестиваль халық шығармашылығы тақырыбын ашатын“Жорға” би тобының “ Ертұран”   «Пролог» театрланған би қойылымымен фестиваль шымылдырығы түрілді. Шараға қатысыушылар салтанатты түрде   сахнаға шақырылып, көрермендермен таныстырылды. Қазылар алқасы мен фестиваль құрметті қонақтары   таныстырылып, алғашқы құттықтау сөз «Нұр Отан» партиясының Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші   орынбасары -  Хамзин Нұрлан Сейтжанұлына берілді.     Фестивалді Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық   колледжінің саз бөлімінде оқитын дарынды да талантты студенттерімізден құралған   “Ата мұра” домбырашылар  ансамблі және «Ерке наз» қобызшылар тобы ерекше музыкалық шығармаларымен ашып берді.  Мерекелік бағдарламаға атсалысқан ұжымдардың қатарын Арқалық қаласындағы “Дала тарихы” облыстық мұражайы, №2 облыстық әмбебап кітапханасы, сонымен қатар Ашутасты, Үштөбе, Восточный, Ашутасты, Фурманов, Қайынды ауылдары, Арқалық қаласы көпсалалы колледжі толықтырып отыр. Қаламызға белгілі тұлғалар, қадірменді қонақтар болып, төрімізге жайғасты. Атап айтар болсақ, қала әкімінің орынбасары- Аубакиров Т.Ғ, «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы - Кусулбаева Ж.А, «Нұр Отан» партиясының Арқалық қалалық филиалытөрағасының бірінші орынбасары -  Хамзин Н.С, «Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы -  Айтмағанбетова М.К, Арқалық қаласы жастар ресурстық орталығының директоры -  Ахметжанов.А.С қатысты. Қазылар алқасында  ҚР мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының құрметті азаматы, сазгер  Өмірбек Жұмағали Сүйлейменұлы, оқу ісінің үздігі «Інжу- Маржан» вокалдық тобының  жетекшісі – Жақыпбекова Қарлығаш Жақыпбекқызы, ҚР мәдениет қайраткері, Облыстық меценаттар клубының лауреаты, Арқалық қаласының «Жыл адамы» - Абенов Бораш Казыбекович , Қалалық мәдениет сарайының директоры – Жумабаева Алмагул Сейтжанқызы, ҚР мәдениет қайраткері, «Ақбота» халық би ансамблінің жетекшісі - Жусипов Ерсін төрелік етіп,әділ бағаларын берді. 


«Рухани жаңғыру», «Рухани қазына» кіші бағдарламасы шеңберінде «Мақтанышым - туған өлке» атты туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеу бойынша
қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 

 2018 жылдың 26 қазан күні Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Рухани жаңғыру», «Рухани   қазына» кіші бағдарламасы шеңберінде «Мақтанышым - туған өлке» атты туған өлкенің тарихы мен мәдениетін   зерттеу  бойынша қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

 Конференцияны ұйымдастырушы: «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ   мемлекеттік  әлеуметтік тапсырысымен  «Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» КМҚК жанынан   құрылған  «Жасампаз» жастар ұйымы өткізді.

 Конференцияның басты мақсаты:             

 -студент жастар мен жоғарғы сынып  оқушыларының ғылымға деген қызығушылығын арттыру және туған жерді,   отанды  сүйюге, құрметтеуге, мақтан етуге тәрбиелеу.

 § Іс шараларды өткізу арқылы, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші   бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру;

§ Студент жастар мен жоғарғы сынып  оқушыларының,  туған өлке тарихын танып білуге деген қызығушылығын арттыру;

§ Оқушы-студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;

§ Ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;

§ Қазақстан Республикасының зияткерлік  әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Конференцияға қатысушылар: Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры   мен оқытушылары, студенттері, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының басшысы және ғылыми қызметкерлері, Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы, қызметкері, колледж  директорлары және орынбасарлары, оқытушылары. Мектеп директорлары мен мұғалімдері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Конференцияға барлығы 130 адам қамтылды.

Конференцияға    жалпы  - 50 ге жуық ғылыми жұмыстар қатысты іріктеу кезеңінен өткен  26 жұмыс секция жұмысында қорғалып, жеңімпаздар анықталды. Іріктеуден өткен үздік деп танылған 26 жұмыстың тезистері жинаққа енгізілді. Жинаққа    номері алынып, Республикалық кітаптар палатасына заңды түрде  тіркелді.

 Конференцияда сөз алғандар:

1. Құттықтау  сөз  Қосылбаева Жаннат Әскерқызы-  «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы»

2. Алғы сөз Темірбеков Нұрлыхан Мұқанұлы - Ы.Алтынсарин  атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі   проректоры, техника ғылымдарының кандидаты.

3.  Рухани жаңғыру», «Рухани қазына» кіші бағдарламасы шеңберінде «Мақтанышым - туған өлке» атты туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеу бойынша қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына  қатысушыларды құттықтау сөзі. С.О.Алматова – Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық  колледжі директоры 

4. Баяндама оқығандар  «Туған жерім аңыз тұнған киелі өлкем»Терек Рауан Абдуллажанұлы.  Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері 

5. «Рухани жаңғыру » «Туған жер» кіші бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижелігі»   Карашинова Алмагул Серикбаевна – А.Құнанбаев атындағы № 6орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 

6. «Кітапханалардың өлкетанулық  қызметі » Сейткожина Гулнар Кенжегазиновна  – Арқалық қаласы облыстық№2  әмбебап- ғылыми  кітапхана қызметкері

Пленарлық отырыстан кейін, қатысушылар мен қонақтар КОФЕ-БРЕЙККЕ шақырылды. Қонақтар арнайы жайылған дастархъан басындағы кездесуге 20 минут уақыт берілді.

Конференция секция жұмыстарымен жалғасты.

Секция жұмыс бағыттары:

1 секция Жаратылыстану-математика бағыты бойынша
      1.Туған өлке табиғаты мен жер асты қазына байлығы.3 жұмыс

      2. Оқу орындары мен білім ошақтары – 1 жұмыс

      3. Өлкеміздің заманауи келбеті, жаңа инвестициялық  жобалар - 1 жұмыс..

2 секция.Қоғамдық-гуманитарлық бағытыбойынша
«Туған өлкенің тарихи ескеркіштері мен мәдени ошақтары» тақырыбында жұмыс жасайды. 5 жұмыс 

3 секция.«Өлке мақтанышы мен танымал тұлғалары» тақырыбында жұмыс жасайды. 12 жұмыс 

Секция жұмысынан соң қатысушылар мәжіліс залына қорытынды кезеңге шақырылды. Қорытынды кезеңде секциялардағы қазылар алқасына сөз берілді. Қазылар алқасы қатысушылардың қорғаған ғылыми- жұмыстарын талқылады. Қатысушыларға ұсыныстары мен ескертулерін жолдады.

Кезек марапаттау рісіміне беріліп жеңімпаздар анықталды. Жетекшілік еткен оқушылар мен конференцияның өтілуіне атсалысқан қонақтарға алғыс хаттар табысталды. Қатысушылар тарапынан ұйымдастырушылық деңгейі жоғары деген бабаға ие болды.


     Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 16 тамыз 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қалалық   апталық  «Торғай» газетінің төл мерекесіне орай  «Газет- халықтың құлағы, көзі, һәм тілі» атты кездесу кеші өткізілді. Кешті оқу залының қызметкері   Ыбыраева Айкерім жүргізді. Кездесудің мақсаты, қаламызда апта сайын шығып тұратын «Торғай» қалалық газетінің шығу тарихымен таныстыру.   Тілшілердің жұмысымен танысып, еңбегін бағалау. Оқырмандардың газет туралы білімдерін кеңейтіп, өз пікірі, ойы қалыптасқан заманымыздың   белсенді азаматтары бола білуге шақыру болып табылады.

     Кездесуге қаламыздың құрметті азаматы, оюшы, өлкетанушы Шөптібай Байділдин  мен облыстық «Қостанай таңы» газетінің Арқалық қаласындағы   меншікті тілшісі Мұрат Жүнісұлы арнайы шақырылды. Қонақтарға газеттің тыныс тіршілігі, алатын әліпбиі, туған, жер туралы арнайы дайындалған   сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алынды. Сонымен қатар, оқырмандар газет журнал туралы заманға сай көкейлеріндегі сұрақтарын қонақтарға   қойды. Кешке Әбсәлем Рүстем өз ән шашуын жолдап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

      Іс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері, оқырмандар және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кешке келген қонақтар мен оқырмандарға арнайы қойылған көрме таныстырылды. Қорытынды сөз кітапхана директоры Қазына Байсабекқызына беріліп, келген қонақтарға алғыс білдірді. Сөз соңында қонақтарға кітаптар сыйға тартылды. 



«Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру» жайлы өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы ақпарат

    Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығында 2018 жылдың 20 тамызында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту   басқармасының тапсырмасы бойынша «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру» мәселесінің аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

   Әкімдік, білім және мәдениет саласы қызметкерлері қатынасқан шарада А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ф.ғ.д., профессор, «Нұр шаңырақ»   қоғамдық бірлестігінің өкілі А.А.Әбсадықовқа сөз кезегі беріліп, ол жиналған жұртшылыққа Қазақ тілін латын графикасына көшірудің мәні мен   маңызын түсіндірді.

   Кездесу барысында дөңгелек үстел қатысушылары «жаңа қазақ әліпбиіне» қатысты толғантқан көкейтесті сауалдарын қойып, тиісті   жауаптарын алып, өз пікірлерін ортаға салды. 




«Рухани жаңғыру аясындағы кітапханалар міндеті» аймақтық көшпелі  зерделі кеңес.

       2018 жылдың 25 шілде күні Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен  Елбасы   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы және «Қазақстанның киелі жерлер   географиясы» жобасын жүзеге асыру аясында  Екідің ауыл кітапханасында «Рухани жаңғыру аясындағы кітапханалар   міндеті» тақырыбына  аймақтық көшпелі  зерделі кеңес өтті.

      Аймақтық зерделі кеңестін  мақсаты – Қазақстанның киелі орындарымен танысу, мол тарих пен құнды деректерге бай   өлкеміздің  қадір-қасиетін барынша ашып көрсету, кітапхана қорындағы бай мұраны кітап сүйер оқырмандарға насихаттау   болды.

      Зерделі кеңеске,    «Арқалық қаласы әкімдігінің  мәдениет және тілдерді  дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің   басшысы Жаннат Әскерқызы Қосылбаева  бас маманы Өтегенұлы Олжас,  Мәдениет сарайының директоры Жұмабаева А. С., №2 ОӘҒК  кітапхана ісі жөніндегі   директорының орынбасары Жанғалиева Р. Ж.   және  кітапханашылар мен мәдениет сарайының қызметкерлері қатысты.

     Зерделі кеңесте, «Кітапхана – рухани жаңғыру ошағы» тақырыбында кітапхана директоры Құсайын Дәмет Есенжолқызы «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында кітапханаларда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталса, библиограф  Садуакасова Сандуғаш Ғазезқызы «Қостанай обылысы Торғай аймағының киелі жерлерінің ақпараты» атты библио - жолсілтеменің тұсаукесерін өткізді.

      Екідің  ауылының кітапханашысы Оспанова Гүлжан Нұртайқызы «Бір кітапта өрілген Екідің тарихы» тақырыбында өткен өлкетану кешінде Құт дарыған қасиетті Екідің өңірі ел мұраты жолында басын бәйгеге тіккен батырларымен, бірлік пен татулыққа үндеген  ақын – абыздары, киелі тарихи ескерткіштері, тамаша тума таланттары жайында  тоқтала отырып  Екідің ауылынан  шыққан  ақын –жазушыларының «Туған елге» арнаған өлеңдерін оқыса,  мәдениет сарайының әншілері Елугүл мен Берік әннен шашу –шашып,  «Ақбота» би ансамблі  тамаша би өнерін көрсетті.

      Жаңақала ауыл кітапханашысы Есмағанбетова  Айткүл  Амирқамзақызының таныстыруымен «Жайнай бер, кенен өлкем, кемел далам!» кітап көрмесіне шолу жасалып, кітапханалық библиографиялық өнімдерге арналған  «Өлкесі тарих –даласы дастан» тақырыбындағы көрмеде экономика ғылымының докторы Кенжегали Сағадиевтің 80 жылдығына арналған  «Дара тұлға» атты библиографиялық көрсеткіші, жергілікті қаламгер жазушы Жақсылық Жүнісұлының 75 жылдығына «Баспасөз ардагері»,   сазгер Қалибек Деріпсалдиннің 65 жылдығына «Саз саңлағы» деген тақырыптарда жаднамалар шығарылып  зерделі кеңеске қатысушылардың назарына ұсынылды.

Сонымен қатар Екідің ауылының киелі жерлері   Екідің І, Екідің ІІ ғұрыптық тас ескерткіштеріне, Жауке батыр кесенесіне саяхат жасаумен аяқтадық.



Махат саханасы кесенесі Республикалық деңгейдегі киелі мекен. 

           Уақыты: ХХ ғасырдың басы

           Орналасқан жері: Арқалық қаласы Екідің ауылының аумағына қарасты 52 шақырым   жерде Караторғай өзенінің шығыс   жағында орналасқан.

          Махат саханасы кесенесі 1923 жылдардағы тарих және сәулет ескерткішіне жатады. Кесенеде Арғын тайпасынан тараған   төлек руы ұрпақтарының сүйектері жатыр.

          Кесененің ерекшелігі жер астында 2 камера орналасқан (ерлерге және әйелдерге). Бұл зороастризім салт – дәстүрі   бойынша  тек өздерінің түп тамырынан тараған ұрпақтарын жерлеуге арналағн орын.

         Тарихтағы деректер бойынша Кесенені тұрғызған өте бай әрі оқымысты адам болған. Кесене қазіргі уақытқа дейін  жақсы күйінде сақталған.Кесененің кіретін жері тар болғандықтан оған тек бір-бірден кіруге мүмкіндік бар. Кесене қабырғасына Махаттың қайтыс болған ұрпақтарының денесін қойылған. Ертеректе қазақтар адамды жерлегенде жерге көмбеген тек жер асты бөлмесіне қойған. Жер асты бөлмесі ақ матамен екіге бөлінген, біреуінде ерлердің екіншісінде әйел адамдардың денесі сақталған. Кесененің ішінде тағы бір ортақ ашық үңгір қазылған, ол үңгірге  ертеректе қайтыс болған ұрпақтарының денесі тасталып оныың орнына жаңа қайтыс болған ұрпақтарының денесін сақтап отырған.

Кесенеде қазіргі уақытта Махаттың 20 дан астам ұрпақтары жерленген.

Жер астындағы бөлмеде мәйіттен шығатын жағымсыз иістер жоқ. Ол жер ертеректе қасиетті мекен болып саналған. Қасында Сарыторғай өзені ағып жатыр, сондықтан бөлмедегі ылғалдылық әрқашан бір қалыпта тұрады. Кесенені тұрғызғандар осы жерді ең қолайлы жер екенін білген.



«Жаңа қазақ әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу» жайлы өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы ақпарат

     «Арқалық қаласының қорғаныс істері бөлімі» ММ-сі мен Арқалық қазақ жасөспірімдер театры ұжымының қатысуымен 2018 жылдың 2   шілдесінде ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру» жайлы №569 Жарлықпен   бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға (№637) сәйкес жаңа редакцияда жазылсын»   деген қаулысына сәйкес ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспары бойынша кездесу ұйымдастырылды.

     «Арқалық қаласының қорғаныс істері бөлімі» ММ-сі бастығы Аян Бозаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»   мақаласындағы тың жобалар мен міндеттерді сөз етті. «Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік   мекемесінің әдіскері Муханбетжанова Жазира Мизамхановна өз баяндамасын оқып, жиын қатысушыларына «жаңа қазақ әліпбиін»   түсіндіріп, жалпы өзгешеліктері мен артықшылықтарын айтып жеткізді. 



«Жаңа қазақ әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу» жайлы өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы ақпарат

    Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі оқытушыларымен және №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы   оқырмандарының қатысуымен 2018 жылдың 31 шілдесі мен 1 тамызында ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақ әліпбиін   кириллицадан латын графикасына көшіру» жайлы №569 Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі   әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға (№637) сәйкес жаңа редакцияда жазылсын» деген қаулысына сәйкес ақпараттық-түсіндіру   тобының жұмыс жоспары бойынша кездесу ұйымдастырылды.

    Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің басшысы – С.О.Алматова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани   жаңғыру» мақаласындағы «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» бастамасын бірауыздан қолдайтындарын білдіріп,   қазіргі күні латын қарпіне көшудің маңыздылығын сөз етті. Дөңгелек үстел барысында «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасы   хатшысының І орынбасары кеңесшісі – Ж.Е.Рахметов, Арқалық аймақтық мұрағатының басшысы С.К.Байгенжин жиын қатысушыларымен «латын әліпбиіне көшудің» тиімді тұстарын талқылады.  



«Жаңа қазақ әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу» жайлы өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы ақпарат

     Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ-дың химия, биология және география кафедрасы оқытушыларымен және Арқалық қаласының   қорғаныс істері бөлімі» ММ-сі, қалалық тілдерді оқыту орталығының тіл үйренушілерінің қатысуымен 2018 жылдың 31 шілдесі мен   1  тамызында ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру» жайлы №569   Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға (№637) сәйкес жаңа редакцияда   жазылсын» деген қаулысына сәйкес ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспары бойынша кездесу ұйымдастырылды.

    Химия, биология және география кафедрасының меңгерушісі М.Әбілбекұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»   мақаласындағы «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» бастамасын бірауыздан қолдайтындарын білдіріп, қазіргі күні латын   қарпіне көшудің маңыздылығын сөз етті. Кездесу барысында жиын қатысушыларына «жаңа қазақ әліпбиін» түсіндіріліп, жалпы   өзгешеліктері мен артықшылықтары талқыланды.  



 Жәуке Назарғұлұлы кесенесі

 Нысан мерзімі: 1995 жыл.
 Нысанның орналасқан жері: Арқалық қаласының әкімдігіне қарасты аумақ, Екідің ауылы.
 

 Жәуке батыр (1819-1889) – Торғай даласының тумасы, Орта жүздің арғын (төлек) тайпасынан шыққан. Әйгілі батыр, әскербасы, Кенесары ханның жақын серігі және ХІХ ғасырдың екінші ширегіндегі ұлт-   азаттық көтерілістің белсенді қатысушысы болған.
 

 Екідің құрылыстарының аралығындағы табиғаты көркем өңірде Жәуке батырдың 1990 жылдардың ортасында ұрпақтары табиғи тастан салған жаңа мазары орнатылған.


 Мейрам Көшекбайұлы Оспан.

 (Кіші Арғын Төлек руының шежіресі.214бет)

   Екі Діңнің орналасқан жері – Қостанай облысы, Арқалық қаласы, сол қос дің турған жер Екідің ауылы деп аталады.                      

   Осындай Діңдер Қазақстанның басқа да жерлерінен ұшырасуы мүмкін. Өйткені, шамамен XIII-XIV ғасырларда Ақсақ Темірдің Тоқтамыс ханға жорығы кезінде пайда болған деген дерек бар. Сыртқы көлемі –   25-30 шаринг метр, биіктігі – 3 метр, киіз уй секілді тастан өріп, қалың да берік қаланғанына қарағанда “Жаугершілік мақсатта салынған. Төбесіне бір шаршы метрдей тесік қалдырылып, кіретін есігі тас   баспалдақпен қаланған.”

   Бір Дің Қараторғай өзенінің Солтүстік Шығыс жағында орналасса, екіншісі өзеннің Оңтүстік Батысында орналасқан. Екеуінің арасы 2-3 шақырымдай. Екеуі де төбелердің биік жерінде салынған. Төрт құбыланың қай жағынан да жау және өз адамдары көрінсе, шалғыншы сарбаздар Діңнен от жағып төмендегілерге түтін арқылы белгі беріп отырған. Сондықтан да Екі Діңнің әрбір тасы бізге қымбат асыл мұра болып, әр азаматтың жүрегінде сақталмақ. 


 Әбдіғаппар Жанбосынұлы кесенесі
 

Нысан мерзімі: 2010 жыл.
 Нысанның орналасқан жері:Арқалық қаласының әкімдігіне қарасты аумақ, Жаңақала ауылы.
 

Әбдіғаппар Жанбосынұлы (1870-1919) – Торғай тумасы, Орта жүздегі қыпшақ руының әйгілі биі Нияздың немересі. Әбдіғаппар Жанбосынұлы ел ішінде зор ықпалға және беделге ие бола отырып, 1916   жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде А. Имановтың туының астында мыңдаған әскерді біріктіруге үлес қосты. Көтерілген халық оны ақ киізге отырғызып, Торғай қыпшақтарының ханы деп жариялады. Ол   биліктің хандық құрылымын қалпына келтірді, бірақ хан атағынан ресми түрде бас тартып, әмір деп танылды. 1919 жылдың қараша айында ол қызыл әскерлердің қолынан қаза тапты.

Әбдіғаппар ханның бейіті Жаңақала ауылының маңындағы ескі зиратта. 2010 жылдың жазында Торғайдағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс көшбасшысының 130 жылдығына орай Әбдіғаппар ханның   зиратының жанына оның тікелей ұрпақтары ақ тастан жаңа кесенені тұрғызды.


"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын іске асыру барысы туралы ақпарат  

 

          Арқалық қаласында "Рухани жаңғыру" бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында ұйымдастырушы-дайындық жұмыстары жүргізілді. 2017 жылғы 22 маусымдағы №196 Арқалық қаласының әкімінің өкімімен келесі жобалар бойынша комиссиялар және жұмыс топтарының құрамы бекітілді:

"Туған жер", "Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі", "Қазақстанның киелі жерлері", «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы», "Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде".

Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру бойынша ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен Арқалық қаласының   2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жобалық менеджмент "Рухани жаңғыру" бағдарламасының облыстық және республикалық семинарлар аясында қала әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары, бөлімдердің басшылары мен бас мамандары оқудан өтті. Негізгі жұмыс бағыттары мен нәтижелерінің индикаторлары анықталды.

          "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жобаларды іске асыру бойынша әзірленген жоспарларға сәйкес ай сайынғы негізде халықпен ақпараттық-түсіндіру іс-шаралар жұмыстары жүргізілуде. Есепті кезеңде халықтың 8681 адамын қамти отырып, 137 шара ұйымдастырылды.

Бағдарламаны іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар және жастар тартылуда. Қазіргі кезде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ауылым алтын бесігім" әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. "Туған жер" жобасын орындауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі тартылған. 2017 жылға        1 млн. 680 мың теңге іске асыруға қарастырылған. Жобаның мазмұны: "Ауылым – алтын бесігім" - жастар көшбасшылары үшін, республикалық және облыстық БАҚ журналистеріне баспасөз-турларын және іс-шаралар өткізуі, Қостанай облысының барлық өңірлерінен шығармашыл жастардың халық батыры Кейкі батырдың жерлері бойынша, Алаш партиясының 100-жылдығына, Алаш-Орда автономиясы мен Кейки батыр қызметінің тарихына арналған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында бұл жоба облыстық жобалар тізілімі мен іс-шараларына енгізілген. Жобаның іске асырылу мерзімі 2017-2022 жылдары. Аталған жоба бойынша Паспорт пен Жарғы әзірленді.

2017 жылдың 1 маусымдағы облыс әкімі жанындағы селекторлық кеңесте берілген тапсырманы орындау бойынша, облыстық семинарда өлкетану жобаларын іске асыру бойынша "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында әкімдердің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар (21 шілде 2017 жыл) үшін "Балалар мен жасөспірімдер ұйымы "Жас Ұлан" қоғамдық бірлестігінің жұмыс тәжірибесі таратылды.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында мемлекеттік-жеке серіктестік аясында "Жігер" стадионы күрделі жөндеуден өтті, жылдың соңына дейін Маясова 46 көшесі бойындағы орналасқан балабақша ғимараты күрделі жөндеуден өтуі жоспарланған. Өңірде тұрған демеушілер мен меценаттарды кіші отанына көмек көрсету үшін жұмысқа тарту басталды.

Медиа-жоспар шеңберінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша ақпараттық іс-шараларды сүйемелдеу ұйымдастырылған. Бағдарламалық мақаланың шыққан сәтінен бастап қалалық баспа басылымдарында - 25 материал, республикалық БАҚ-та ("Казахстанская правда" газеті) – 2 материал орналастырылып, теледидарда – 13 бейнесюжеттер көрсетілді. Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламалық мақаласы әкім сайтында жарияланды.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша көрнекі ақпарат мақсатында 2 билборд орналастырылған, жоспарланған тағы – 2.

Белгіленген ескертулерді назарға ала отырып, жобалардың санынан жоспарлардың кіші бағдарламаларын іске асыру бойынша жергілікті бюджет қаражат есебінен өткізілетін жоспарлы іс-шаралар алынып тасталды, сондай-ақ ерекше назар сапасына, мақсатталған нәтижеге, құралдарды тиімді пайдалану, және қоғамдық санада алты концептуалдық басымдықтарға әсер ету дәрежесін дамытуға аударылды.

Жобалар мен іс-шараларды талқылауға, қоғамдық кеңес мүшелері мен құзыретті мамандар тартылды.




хат жіберу