Блог статистикасы
195
Жазбалар
4937
Өтініштер
196865
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қала шаруашылығы

I. ҚАЛАНЫ СУМЕН, ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ 



«Арқалық жылу-электр компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны             

Мекен-жайы: Арқалық қаласы, Қайырбеков, 25

Басшысы: Бекешев Батыр Әбдусаламұлы

Байланыс телефондары: 8 (71430) 7-05-78; 7-26-67

     «Арқалық ЖЭК» КМК Арқалық қаласы әкімінің 2000 жылғы 23 шілде № 202 шешімімен қаланың және ықшам аудандарының инженерлік және магисталдық желілердің бойында орналасқан түтынушыларға ұсыналатын коммуналдық қызметтердің сенімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында құрылған. 

     Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қостанай облысы бойынша депатаментінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 108-ОД бұйрығымен «Арқалық ЖЭК» келесі реттелетін қызметтер бойынша «Қостанай облысы бойынша Табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне» қосылды:

1.    жылу энергиясын шығару, жеткізу, бөлу және жабдықтау қызметтері;
2.    (Арқалық қаласы, Молодежный шағын ауданы) жылу энергиясын шығару, жеткізу, бөлу және жабдықтау қызметтері;
3.    (Ашутасты ауылы) жылу энергиясын шығару, жеткізу, бөлу және жабдықтау қызметтері;
4.    тұрмыстық және ауыз суды көтеру және өткізу жататын су шаруашылығы қызметтері;
5.    тұрмыстық суды көтеру және өткізу,
6.    Фурманов ауылының тұрмыстық және ауыз сулары
7.    Ашутасты ауылының тұрмыстық және ауыз сулары
8.    Жалғызтал, Матросов, Целинный ауылдарының тұрмыстық және ауыз сулары
9.    Кәріз жүйесі қызметтері
10.  Электр энергиясын жеткізу және бөлу қызметтері
       Табиғи монополия субъетілеріне жатпайтын қазметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өткізу жүргізіледі: 
11.  Шиналардан электр энергиясын жіберу
12.  Ыстық сумен жабдықтау үшін жылыту жүйесіндегі химиялық тазаланған суды өткізу
13.  Басқа (жүйелерді жөндеу, жүйеге қосу және сөндіру, суды жеткізу жене негізгі қызметтермен байланысты т.б. қызмет көрсету түрері)

Тұтынушылар тарифтер мен төлемдер туралы ақпаратты Қайырбеков, 25 мекен-жайы бойынша алуға болады

Дүйсенбі - сенбі - 8.00-ден 12.00-ге дейін.

Дүйсенбі - жұма - сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін

Байланыс телефондары: 7-08-98, 7-04-85


II. ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЯ

     «Костанайюжэлектросервич» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны              
     Мекен-жайы: Арқалық қаласы, Родина ауылы, Энергетиктер көшесі, 1
     Басшысы: Искендиров Анас Оразтайұлы
     Байланыс телефондары: 8 (71430) 7-98-20; 7-98-03
      e-mail: kues1@mail.ru  

Негізгі қызмет түрлері
- электр энергиясын жеткізу және бөлу; 
- электр жүйелері мен подстанцияларды пайдалану; 
- қайта сату мақсатында электр энергиясын сатып алу; 
- энергетикалық құрылғыларды жөндеу және монтаждау.


III. ҚОҚЫС ШЫҒАРУ

«Тазарту-Арқалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мекен-жайы: Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Полевой тұйықкөшесі, 21

Директоры: Қасымов Алиякбар Төлеубайұлы

Негізгі қызмет түрі: Қалдықтарды шығару және көмуывоз (қатты-тұрмыстық, күл мен шлак, құрылыс қалдықтары)

Негізгі емес қызмет түрі: Ашық конкурс түрімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде мердігерлік жұмыстар (жалпы қолданыстағы орындар мен көшелерді қардан тазарту, жаз уақытында механикаландырылған сыпыру, жергілікті маңызды автожолдарды ұстау және оларды ағымдағы жөндеу және т.б.) Бұл жұмыстарды орындау үшін кәсіпорында барлық қажет техника мен механизмдер бар.   

Қалдықтарды шығару мен көму қызметтерінің тарифтері:   

Заңды тұлғалардан:

Қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару – 1049,79 теңге

Қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму – 390,24 теңге

Күл мен шлак қалдықтарын шығару және көму – 4203,56 теңге

Құрылыс қалдықтарын шығару және көму – 4203,56 теңге

Жеке тұлғалардың:

Жайлы жабдықталған тұрғын үй –  1 адам басына 180 теңге

Жайсыз үй – 1 адам басына 195,61 1 теңге

Бағалар ҚҚС-ты қосып есептелген








хат жіберу