Блог статистикасы
196
Жазбалар
2593
Өтініштер
112893
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

"БЖЗҚ" АҚ жаңалықтары

«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз.  (09/01/2018)

1.     Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады?  

БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

 

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшыға (алушыға) ол таңдаған хабарландыру әдісімен жүргізіледі. Бұл үшін алушы (салымшы) келесі хабарландыру әдістерінің бірін таңдауы тиіс:

- БЖЗҚ  офисіне жеке өзі келген жағдайда немесе Интернет арқылы байланысқа шыққан болса, салымшылардың  (алушылардың) ақпараттықанша рет сұратуына шек қойылмаған ;

- ЖЗШ ашуға жазылған арыздың реквизиттерінде немесе ақпараттандыру әдісін өзгерту/таңдау туралы қосымша келісімде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына ақпарат таңдалып алынған әдіс бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, бір жылда) бір мәрте;

- пошта байланысы арқылы – жылына бір мәрте; 

    - интернет-ақпараттандыру – онлайн режимінде; ақпараттандырудың бұл әдісі арқылы жеке зейнетақы шоты бойыншаenpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы ғана емес, смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильді қосымшасы арқылы да ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, жеке зейнетақы шоты туралы электрондық үкіметтің сайтындағы «Әлеуметтік қамсыздандыру» -- «БЖЗҚ-ның зейнетақы шотынан үзінді-көшірме» бөлімінен ҚР электрондық үкімет порталында тіркеліп, электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда алуға болады. 

 

2.     Салымшы (алушы) мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы БЖЗҚ-ын ескертуге міндетті ме?

2013 жылдың  21 маусымында қабылданған № 105-V «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 39 бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес,  міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының салымшылары мен БЖЗҚ-ның алушылары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай БЖЗҚ-ны Қор міндеттемелерін орындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы бұл өзгерістер туындаған сәттен бастап, он күнтізбелік күн ішінде ескертуі тиіс.

Бұған салымшы  тиісті хабарландыру тәсілін таңдаған болса, электрондық және пошта мекен-жайын өзгерту жатады.

1) Зейнетақымен қамтамасыз ету келісім-шартта көрсетілген пошта мекен-жайының өзгергені туралы, егер Сіз «пошта арқылы» деген зейнетақы салымдары туралы хабарландыру тәсілін таңдаған болсаңыз, БЖЗҚ-на жеке өзіңіз барып немесе пошта байланысы арқылы, аты—жөніңіз, тегіңіз, туған жыл, ай-күніңіз, жеке идентификациялық номеріңіз (ЖИН) көрсетілген, жеке куәлігіңіздің көшірмесі салынған хабарлама арқылы ескерте аласыз.  

2) Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім-шартта немесе ақпараттандыру әдісін белгілеу/өзгерту туралы қосымша келісімде ақпараттандыру әдісі ретінде «электрондық пошта(e-mail)» деп көрсеткен болсаңыз, осыэлектрондық мекен-жай өзгерген жағдайда,  бұл туралы Қорды  ескертуіңіз керек. Көңіл аударатын жәйт, Сіз электрондық мекен-жайыңыздың өзгергені туралы тек ЖЗБҚ офисіне өзіңіз барып қана ескертуіңізге болады. 

Егер салымшы (алушы) өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін тұрғылықты мекен-жайын өзгертіп, бұл туралы Қорды ескертпеген болса, 2017 жылға пошта арқылы жіберілген үзінді-көшірме БЖЗҚ-ға қайтып келеді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңға сәйкес, БЖЗҚ келесі жылы үзінді-көшірмені пошта арқылы жөнелтпеуге құқылы. 

Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына салымшының (алушының)  тиісті жылдың 1 қаңтарына ЖЗШ-да қаржысы болмаса немесе оны хабарландыру әдісі туралы тиісті келісім жасалмаса, БЖЗҚ оны зейнетақы жинақтау шотының жай-күйі туралы хабарландырмауға құқылы.  БЖЗҚ мамандары салымшыларға өздерінің жеке мәліметтерін жаңартып, және/немесе хабарландырудың жаңа тәсілін таңдау үшін Қордың жеке қызмет көрсету орталықтарына баруға кеңес береді.  

3.     БЖЗҚ офисіне бармай –ақ реквизиттердегі мекен-жайды өзгертуге бола ма? 

 

БЖЗҚ  2017 жылы өзінің электрондық қызмет көрсету жүйесін кеңейтіп, салымшыларға Қор сайтындағы жеке кабинеті арқылы реквизиттеріне өзгеріс енгізуге мүмкіндік берді. Енді БЖЗҚ-ың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген   реквизиттердің (жеке куәлік туралы ақпарат, тұрғылықты жердің мекен-жайы, электрондық мекен-жай (e-mail), телефон номерлері) өзектілігін электрондық сандық қолтаңбаның өзекті кілті бар жағдайда өз бетінше тексеріп, қажет жағдайда өзгерістер және (немесе) түзетулер  енгізуге болады.  Бұл үшін БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» атты бөлімге кіріп, «Реквизиттерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу» атты электрондық қызметке жүгініп, керекті өзерістерді енгізу қажет.

 

4.     Егер зейнетақы қорымен келісім-шарт жеке куәлік негізінде жасалған болса,  ақпараттандыру әдісін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған кезде ҚР азаматының төлқұжатын пайдалануға бола ма? 

 

Иә, ҚР азаматының төлқұжатын хабарландыру тәсілін өзгерту/ белгілеу туралы  келісімге қол қою  үшін пайдалануға болады. Бұл ретте салымшының (алушының) негізгі деректемелерініңсәйкестігісалымшының бұрын жеке басты куәландыратын басқа құжат (әкесінің аты көрсетілген жеке куәлік, тұруға ықтиярхат) беруі салдарынан пайда болған «әкесінің аты» деректемесіндегі алшақтықты есепке алмай-ақ тексеріледі.

5.     ЖЗШ-да қалған қаржы мен оның есеп-қисабы туралы Анықтаманы кім талап ете алады? 

Зейнетақы жинақтары туралы құпияны зейнетақы жарналарын аударып жүрген салымшыға, алушыға немесе кез-келген үшінші тұлғаға тек салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген жазбаша келісімі арқылы ғана беруге болады. 

ЖЗШ-да қалған қаржы және олардың қозғалыстары туралы есеп туралы анықтама:

1) алдын-ала анықтау және алдын-ала тергеу органдарына олардың өндірісіндегі қылмыстық істерге қатысты; 

       2) соттарға – сот ұйғарымы бойынша  олардың өндірісіндегі істерге қатысты; 

3) сот орындаушыларына – сот санкциясы бойынша сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың өндірісіндегі атқару құжаттары негізінде; 

4) мемлекеттік кіріс органдарына – тексеріліп жатқан тұлғаның  міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, төлеу  мәселелеріне байланысты; 

5) өкілетті органға–салымшының (алушының) арызына немесе өкілетті органның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын тексеруіне байланысты   туындаған мәселелергеқатысты; 

6) прокурорға  -  қарауындағы материалға қатысты оның өкілеттігі аясында тексеру жүргізу туралы қаулыға сәйкес;

7) қаржылық мониторинг жөніндегі өкілетті органға –  ҚР«Қылмыстық жолмен алынған  табыстарды жариялауға және лаңкестікті қаржыландыруға тосқауыл қою   туралы» Заңында көрсетілген мақсаттарда және тәріпте; 

8) салымшының (алушының) өкілдеріне – нотариалды бекітілген сенімхат немесе сот шешімінің негізінде; 

9) Орталыққа – міндетті зейнетақы қорлары, кәсіби міндетті зейнетақы қорлары бойынша салымшылардың (алушылардың) мәліметтер базасын жасау және міндетті зейнетақы жарналары, кәсіби міндетті зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуын, салымшының зейнетақы төлемдеріне құқын алу сәтіне нақты салымдарының инфляция деңгейін ескере отырып, қамтамасыз ету мақсатында; 

10) орталық атқарушы органға – салымшы (алушының) арызына байланысты туындаған мәселелерге орай; 

11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына жыл сайын аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;

12) Халыққа қызмет ету орталықтарына – салымшыға (алушыға) немесе оның  арызы бойынша, олардың өкіліне нотариалды бекітілген сенімхат бойынша немесе сот шешімі бойынша.

Сонымен қатар, жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы, ондағы қалдық пен қаражат қозғалысы туралы анықтама салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікке сәйкес мұрагер болып табылатын азаматтарға немесе өсиетхатта көрсетілген тұлғаларға олардың жазбаша арызы бойынша, соттарға - олардың өндірісіндегі мұрагерлік туралы істер бойынша беріледі. 


2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы (07/12/2017)

Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. Ол халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. Сондықтан зейнетақы заңнамасындағы өзгерістердің мән-мағынасын Қазақстан Республикасының әрбір азаматына жеткізу өте маңызды.

2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерістер күшіне енеді. Бұл ретте базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі, сондай-ақ зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі ескерілетін болады. Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібі мен оларды алу кестесі де өзгеріске ұшырайды.  

2014 жылы Елбасының Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына (бұдан әрі - Тұжырымдама) сәйкес зейнеткерлік жасқа толуға және I, II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу барысында зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын біржола алуды жою жоспарланған болатын. Бұл ретте жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет толығымен төленеді. Ал егер алушы зейнетақы төлемдерін алу үшін зейнетақы Қорына жүгінген күні оның зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен асатын болса, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады. 

Айта кету керек, Тұжырымдаманың бұл нормалары зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның[1] ережелеріне 2015 жылы енгізілген болатын. Ал 2017 жылдың қыркүйегінде 2018 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетін Ережелерге[2] тиісті өзгерістер енгізілді.

Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.   

Егер Қорға жүгінген күні зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған болса, оларды толығымен алуға мүмкіндік бар екендігін тағы да еске саламыз. 2018 жылы бұл сома: 33 745 x12 = 404 940 теңгені құрайды. Бұл сомадан артық қаражаттың барлығы тек ай сайын төленеді. Қорыта келе айтар болсақ, БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері Үкімет Қаулысымен бекітілген, Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес, зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде (12/1) айқындалады. Әдістеме бойынша зейнетақы жинақтарының сомасын, алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті ескеріледі. Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті – зейнетақы жинақтарының инвестициялық басқаруда болған мерзімін есепке ала отырып, олардың болашақтағы құнын ескеретін көрсеткіш. зейнетақы төлемдерін алушының жасына қарай оның зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп 12-ге бөлінеді. Одан шығатын сома зейнетақы Қорынан жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем болып табылады. Бірақ, ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмайды.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып тағайындалады.  Яғни, базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді.

Бүгінде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге 14 466 теңге көлемінде төленеді (ең төмен күнкөріс деңгейінің жартысынан сәл жоғары). Сонымен, зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.

Ал ортақ зейнетақыға қатысты айтар болсақ, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Яғни, 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша ортақ зейнетақы төленбейді.      

Дегенмен, бұл азаматтар мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктерін алуға құқылы (бұл бүгінгі базалық зейнетақы). Біртіндеп ортақ құрамдауыш келмеске кетеді, сәйкесінше 2030 жылға дейін және одан кейін жинақтаушы құрамдауыштың үлесі біртіндеп арта түседі.   

Зейнетақы жүйесін жаңғыртуда басты міндет - оны нығайту және зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру. 

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасы зейнетақыны әр түрлі төлем көздерінен берілетін төлемдер жиынтығы ретінде қарайды. Бұл төлем көздері: мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақылар (ортақ зейнетақы) және салымшының өзінің зейнетақы жинақтары (жинақтаушы құрамдауыш, БЖЗҚ-дан төлемдер). Бұл жердегі басты мақсат – зейнет жасындағы азаматтарды тұрақты негізде ай сайын лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдері салымшы өтініш жасаған күннен бастап белгіленіп, таусылғанша жүзеге асырылатындығын тағы да еске салады. Зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына дер кезінде жүгіну қажет.

«БЖЗҚ» АҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (кеңсеге өзі келген кезде/пошта байланысы арқылы/электрондық цифрлық қолтаңба пайдалана отырып «БЖЗҚ» АҚ веб-сайты арқылы/үшінші тұлға арқылы) зейнетақы жинақтарының төлемін ресімдеуге қажет барлық құжат тізбесін, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды, өтініштердің бланкілерін, сенімхаттардың үлгілерін, кеңселердің мекенжайларын, жұмыс тәртібін және байланыс телефондарын www.enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан таба аласыз. Онда ақпарат үнемі жаңартылып тұрады, сондай-ақ байланыс орталығының 1418 телефонына хабарласа аласыз (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін).

Азаматтардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын дер кезінде жүзеге асыруға мүмкіндіктері болу үшін БЖЗҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері жұмыс істейтін болады.     

«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері барлық операциялық бөлімшелердің таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтіндігін хабарлайды. Басты мақсат – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған немесе туындайтын салымшылардың осы төлемдерді рәсімдеу құқығын жүзеге асыру.


[1] «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

[2] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 Қаулысымен бекітілген,

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары.

 

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік (05/12/2017)

2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ филиалдарында биыл төртінші рет Ашық есік күні өтеді.  Бұл жолы салымшылар үшін өзекті әрі маңызды мәселе зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттің беретін кепілдігі туралы тақырып төңірегінде өрбімек.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларды зейнетақы жүйесіне байланысты барлық мәселе бойынша хабардар ете отырып, жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде. 

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында елімізде зейнетақы жүйесін реттеудің заңнамалық базасы қалыптастып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік енгізілгені көрсетілген. Тұжырымдамалық ережеге сәйкес жарналар жинақталып, қаржы құралдарына инвестиция түрінде құйылып, кіріс инвестициялық қызметтің нәтижелері мен қаржы нарықтарының жай-күйіне байланысты қалыптасатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зейнетақы жинақтары есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары тізбесіне енгізілген қаржы құралдарына зейнетақы активтерін орналастыруды жүзеге асырады.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей үлгісі қолданысқа енген. «Бұл үлгіге сәйкес «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабы негізінде төлемдерді алу құқығы басталған кезде әрбір алушыға инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) сомасы және жеке зейнетақы шотындағы олардың зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма сомасы жеке есептеледі. Осылайша, 5-бап  зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдікті көздейді» -деп «БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалында атап өтіледі. 

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары қалай жиналып, түрлі қаржы құралдарына қалай инвестицияланады, кімнің мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алуға құқығы бар, сондай-ақ, төлем алу бойынша қайда хабарласу керектігін мамандар 12 желтоқсанда өтетін тұсаукесерде жан-жақты түсіндіріп беретін болады. Сондай-ақ,  БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының тұсаукесерден кейін бірден өздерін қызықтыратын барлық сауалдарға толық әрі жан-жақты жауап және жеке консультация алуларына мүмкіндіктері бар. 

«БЖЗҚ» АҚ-да бірінші Ашық есік күні ағымдағы жылдың 31 наурызында өткенін және «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» тақырыбына арналғанын естеріңізге саламыз.  Екінші іс-шара 30 маусымда «БЖЗҚ барлығына қол жетімді» тақырыбында өтсе, «Төлемдер – жинақтар нәтижесі» атты үшінші Ашық есік күні 29 қыркүйекте өтті.  Қор келесі жылы салымшылардың барынша қызығушылығын тудырған түрлі тақырыптар бойынша тоқсан сайын бір рет осы тектес іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.   


5 сұрақ (09/11/2017)

1.  Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында  зейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құжаттар топтамасы ұсынылған соң БЖЗҚ белгіленген мерзімде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады (ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ережеге сәйкес 10 жұмыс күні белгіленген, бірақ іс жүзінде бұл бар болғаны 3-4 күнді алады).

Қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (Қорға өзі келгенде/пошта байланысы/үшінші тұлға арқылы жүгінгенде), сондай-ақ төлем валютасының түріне қарай өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ веб-сайтында орналастырылған.  

БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы және алушының банктік шоты туралы мәліметтер қажет.   

Сенім білдірілген тұлға немесе қамқоршы арқылы жүгінгенде:

1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

2) нотариат куәландырған сенімхат немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі/заңды өкілдің куәлігі/заңды өкілді тағайындау туралы анықтама;

3) сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

4) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Пошта байланысы арқылы жүгінгенде: БЖЗҚ белгіленген нысандағы алушы өздігінен толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтініш бланкісінің өзекті нысаны  - №3 қосымша, БЖЗҚ web-сайтында орналастырылған), бұл ретте алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса); 

2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

3) БЖЗҚ белгіленген нысанға сәйкес зейнетақы төлемдерін жасау тәртібі мен талаптары туралы қосымша келісімді алушының өзі 2 нұсқада толтырады және қол қояды (келісім бланкісінің өзекті нысаны «БЖЗҚ» АҚ web-сайтында орналастырылған);

4) алушының банктік шоты туралы мәлімет.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

2.  Зейнетақы жинақтарын алу барысында түпкілікті сомаға қандай салық салынады?

             «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 158, 160 және 170 - бабына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерi төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын табысқа жатады. Зейнетақы төлемдерін алушыдан Салық кодексінде қарастырылған түзетулер мен салық шегерімдерін ескере отырып, 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынады. Жеке табыс салығы зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалардан салық шегерімі қолданылған соң барып зейнетақы төлемдерінен ұсталады. Салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы салынбайтын, ең төмен жалақы мөлшеріндегі салық шегерімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген. Ол әрбір табыс есептелген айда қолданылады.  

Кіріс түзетулері қолданылмайтын адамдар үшін жеке табыс салығы салынбайтын салық шегерімінің сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшеріне тең. Басқа сөзбен айтқанда, биыл ең төмен жалақы мөлшері 24 459 теңгені құрайды. Сәйкесінше жеке табыс салығы салынбайтын жылдық сома 293 508 теңгені құрайды деген сөз (12 x 24 459). Мысалы, зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы 937 350 теңгені құрайтын болса, бұл сомадан 293 508 теңгені алып тастаймыз, сонда 643 842 теңге қалады. Мінеки, осы 643 842 теңгеге жеке табыс салығы салынады. 

БЖЗҚ кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдеріне өткен жағдайда да республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күніне қарай қолданыста болған бір ең төмен жалақы мөлшерінде салық шегерімі қолданылады. Сәйкесінше егер кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің сомасы ең төмен жалақыдан аз болатын болса, онда зейнетақы төлеміне жеке табыс салығы салынбайды.

3.     Қазір зейнеткерлер өздеріне тиесілі зейнетақы жинақтарының жылдық сомасын тұрақты пайыздық сыйақы алу мақсатында банк депозитіне салу мүмкіндігіне ие. Ал 2018 жылдан бастап олар бұл мүмкіндіктен айрылады. Сонда зейнетақы жинақтарының табыстылығы қалай болады, олар құнсызданып кетпей ме?

Қазіргі таңда зейнеткерлердің басым бөлігі БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша жылына бір рет, яғни «жыл сайынғы» кесте бойынша алады. Ал «ай сайын» және «тоқсан сайын» алу мүмкіндігін пайдаланғылары келмейді. Сәйкесінше алушылар БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін зейнетақы ретінде емес, жәй жинақталған сома ретінде қабылдайды. Сөйтеді де жылдық соманы алып, оны балалары мен немерелерінің оқуларына, той-томалаққа және әр түрлі сатып алуларға жұмсайды.  

Тек кейбір зейнеткерлер ғана бұл соманы ай сайын немесе жыл сайын пайыздық сыйақы алып тұру үшін депозитке салады. Дейтұрғанмен, депозит бойынша сыйақы ретінде есептелген пайыздар, күнделікті қажеттілік үшін жоғары табыс әкеле қояры неғайбыл. Ал БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары тұрақты түрде инвестицияланады және табыс әкеледі. Заңға сәйкес БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сенімгерлікпен басқарады.

ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық стратегиясы зейнетақы активтерін әртараптандыруға бағытталған. Қазіргі таңда зейнетақы активтері ұзақ мерзімді келешекте тұрақты табыс алу және тәуекелдерді төмендету мақсатында теңге және шетелдік валютада номинирленген әр түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады.

Қазіргі таңда зейнетақы активтері мемлекеттік құнды қағаздарға, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланған. Сонымен қатар екінші деңгейдегі отандық банктер мен шетелдік банктердің депозиттеріне салынады және сенімді шетелдік эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алуға жұмсалады. Инвестициялық басқару нәтижесінде инвестициялық табысқа қол жеткізіледі және ол салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына күн сайын есептеліп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, зейнетақы шотынан зейнетақы төлемдері төлене бастаса да, шотта қалған қаражат инвестицияланып, оларға табыс түсіп отырады.

«Қазақстанда зейнетақымен қамзсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет зейнеткерлік жасқа толған алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.

4.     Салымшы қанша қаражат жинағандығын және шотына қандай инвестициялық табыс есептелгендігін қалай біле алады?

Бұл салымшы үшін ең басты ақпарат. Оны мынадай жолдармен алуға болады: Нақты айтар болсақ: 

- салымшы зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);

- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жеткізіледі);

- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады);

- логин мен құпия сөзді (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөліміне кіріп, (логин мен құпия сөзді қолдану арқылы ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады) өтініш жасау арқылы ала алады.

- egov.kz электрондық үкіметі арқылы. Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтар» категориясы – «Әлеуметтік қамсызданлдыру» айдары - «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде қолжетімді. Бұл қызметті пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталында тіркелу қажет.   

2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 786 365 мың адам үзінді-көшірмелерін өздерінің электрондық мекенжайларына алса, шамамен 3,7 млн адам ақпаратты сайт арқылы және әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие.  

Бір миллионнан астам адам ұялы қосымшаны пайдалана бастады. Мұның барлығы тұрғындардың зейнетақы жинақтарына деген қызығушылығының арта бастағандығын көрсетеді.  Ал оның көлемі тұрақты түрде артып келеді. Естеріңізге сала кетелік, 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,5 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бергі өсім 853 млрд теңгені құрады.

2017 жылдың 9 айы ішінде салымшылардың зейнетақы шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 462 млрд теңгеден асты. 2017 жылдың 1 қаңтарынан 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,68 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция 4,2 пайыз болды.

5.     Зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның жинағын кім және қалай ала алады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабының 5-ші тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, зейнетақы Қоры қажет жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде (2269*52,4 = 118 895, 6 теңге) жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бірақ, бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. Айта кетелік, жерлеуге арналған соманы Қазақстан Рееспубликасының резиденті алатын болса, оған салық салынбайды. Егер, жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған ақшаның сомасы ең төмен зейнетақы мөлшерінен (биыл бұл соманың көлемі - 31 245 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемге қосылып төленеді.

Зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және аталмыш Заңның 31-33 – баптарының 2 тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес мұраға қалдырылады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады. Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi - тең үлеспен алады. Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады. Мұрагерлікке құқығы бар тұлғалардың толық тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген. Ал қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарын алуға қажетті негізгі құжаттардың бірі, ол – мұрагерлік құқығы туралы куәлік. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дағы мұраға қалдырылған зейнетақы төлемдері мысалы, мұрагерлік құқығы туралы куәлікте көрсетілген үлес бойынша бір жолғы төлем ретінде жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы төлемдеріне 10 пайыз көлемінде жеке табыс салығы салынады және салық заңнамасында қарастырылған түзетулер ескеріледі (алушыда жеке табыс салығы бойынша жеңілдік бар болған жағдайда). Бұл ретте мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ-ға негізгі құжаттармен қатар:  

зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылады.

Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алуға арналған құжаттардың толық тізімі БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» айдарының «Алушыларға» деп аталатын бөлімінде орналастырылған. 


БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті (13/10/2017)

Қазақстандықтардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты сонау екі мыңыншы жылдардың басында жасасқаны белгілі. Ол кезде енді-енді жеке зейнетақы қорлары пайда бола бастаған шақ.

            Әрине, барлығымыз да шартқа өзіміздің пошталық мекенжайымызды көрсеттік. Ол кезде электрондық пошталары бар адамдар саусақпен санарлық болатын. Жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған кезеңнен бері салымшылардың көпшілігі өздерінің жеке деректемелерін өзгертуге асықпады. Қорға келіп, дерекқордан өздерінің мекенжайын, телефон нөмірін тексеріп те жатпады. 

            «Жұмыс беруші аударып жатыр ғой. Демек, барлығы да дұрыс» - дегендер де болды. Жасыратыны жоқ, көпшілігіміз әлі күнге дейін бұрынғы дағдылы әдіспен,жинақтарымыздың жай-күйі туралы деректерді пошта байланысы арқылы аламыз. Ал уақыт бір орнында тұрмайды. Бүгінде адамдар өмір ағысына қарай, бұрынғыға қарағанда жиі көшіп-қонатын болған.

            Сол үшін де көпшілігіміздің мұндай конвертті көрмегенімізге бірнеше жылдың жүзі болып қалғанын жоққа шығаруға болмайды.

            БЖЗҚ жыл сайын салымшылардың бұрынғы мекенжайларына пошта байланысы бойынша ішіне үзінді-көшірме салынған конверттерді жыл сайын жібереді. Бірақ, өкінішке қарай талай конверт «Хат алушы көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайды» деген белгімен кері оралады. 

            Ал енді ойланып көріңізші, осы конверттерді дайындап, салымшыға жеткізуде қаншама жұмыстар атқарылды, қаншама ақша шығындалды десеңізші!Міне осыдан барып, «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?» деген жауыр болған сұрақтар тағы да мазалай бастайды.  

Егер бірінші сұрақтың жауабы айтпаса да түсінікті болса, екінші сұраққа  толығырақ тоқталайық. 

            «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабы 4-ші тармағының 1) тармақшасына сәйкес

міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барлық өзгерістер туралы хабарлауға міндетті.

            Нақты айтар болсақ:

1. Егер Сіз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты «пошта байланысы» арқылы алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген пошталық мекенжайдың өзгергені туралы, 

БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзіңіз келгенде немесе пошта байланысы арқылы хабарлауыңызға болады. Бұл ретте фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты, туған күніңіз, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіліп, жеке куәліктің қосымшасы қоса беріледі. 

2. Егер Сіз зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты «электрондық пошта (e-mail)» бойынша алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ақпарат беру тәсілін өзгерту/айқындау туралы келісімде көрсетілген электрондық поштаны өзгерту туралы тек БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзіңіз келгенде барып хабарлай аласыз. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Заңға сәйкес атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етеді.

            Егер Сіз бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта ақпарат беру тәсілін белгілемеген болсаңыз, БЖЗҚ кеңсесіне өзіңіз келіп, БЖЗҚ-мен хабарлау тәсілін өзгерту/айқындау туралы келісім жасау арқылы ақпарат беру тәсілін таңдай аласыз немесе өзгерте аласыз.   

Хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісім жасау үшін және (немесе) Жеке деректемелеріңізге өзгерістер енгізу үшін, қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы керек. Онда жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген болсын. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беруді салымшы (алушы) таңдаған тәсіл бойынша жүзеге асырады. 

            Ал бұл:

1) БЖЗҚ кеңсесіне келіп өтініш жасау;

2) электрондық тәсіл –бұл ретте, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады;

3) пайдаланушының логині ретінде тіркелген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпия сөзі (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып интернет арқылы алу; 

4) пошта байланысы арқылы алу.

Жоғары технология заманында әрине, жеке зейнетақы шоты туралы ақпарат алудың ең қарапайым, ыңғайлы және үнемді тәсілі ол – ақпаратты интернет арқылы алу.Хабарлаудың осы тәсілін таңдау арқылы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет қана емес, Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.

Бұл қосымша Google Play (Android), АppStore (iOS) и Windows Phone Marketplace (Windows Phone) ресми қосымшылар дүкендерінде орналастырылған. Оны тегін жүктеп алуға болады.

Қосымша қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларда жұмыс істей береді.

Сондай-ақ жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты

ҚР электрондық үкіметі порталында (www.egov.kz) тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алған жағдайда осы сайттың «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімдеріне кіріп алуға болады. Ал электрондық цифрлық қолтаңбаны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясынан алуға болады.

БЖЗҚ-ның салымшылары (алушылары) онлайн тәртібінде өздерінің жеке зейнетақы шотыныңжай-күйін үзінді-көшірме арқылы көре алады.

Айтпақшы, Сіз үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық)таңдай аласыз.

Үзінді-көшірмелерді онлайн сервистер (БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайты, электрондық үкіметтің www.e-gov.kz сайты немесе ұялы қосымша) арқылы алу барысында салымшыға жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы маңызды деректерді онлайн тәртібінде – тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы алу мүмкіндігі беріледі.  

            Осылайша, БЖЗҚ өзінің салымшыларына зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілін ұсынады. Әрбір салымшы өзіне ыңғайлы тәсілді таңдап, жинақтарының жай-күйін біле алады.

            Бұл үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті бөлімшесіне (қазіргі таңда олардың саны республика бойынша - 231) бір рет барып өтініш білдірсеңіз болғаны. Сол жерде жеке деректемелеріңіздің өзгергені жайында немесе зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлаудың өзіңізге ыңғайлы бір немесе бірнеше тәсілін таңдағаныңызды жеткізесіз. Барлық операция 10 минуттан аспайды, есесіне алдағы уақытта қаншама уақытыңыз үнемделеді! Бұл БЖЗҚ және пошта байланысы қызметкерлері үшін де қуанышты жағдай.

 

БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады (14/09/2017)

«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-да, 11:00-де, 12:00-де, 13:00-те, 14:00-те, 15:00-те, 16:00-да Қостанай, к. Әл-Фараби, 74  мекенжайында өтетін Ашық есік күніне шақырады.


            Шараға қатысушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы толыққанды және маңызды ақпараттар беріледі. Болашақ зейнеткерлер мына төмендегі сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңес ала алады:    

-         белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға  құқығы бар?

-         2018 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?

-         ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?

-         шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі қандай?

-         қайтыс болған салымшының жинақтарының мұраға қалдырылуы;

-         зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі;

-         зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысындағы салық салу;

-         зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару.

Барлық қатысушылардың зейнетақы төлемдеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жеке ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар. 


Төлемдер – қор жинаудың жемісі (14/09/2017)

2017 жылғы 29 қыркүйекте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалында  биылға осымен үшінші рет Ашық есік күні шарасы өтеді. Тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған бұл шараның кезекті тақырыбы «Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» деп аталады. Бұл  салымшылардың көпшілігін толғандыратын маңызды тақырыптардың бірі екендігі белгілі.  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Әрине, осындай жұмыстар барысында зейнетақы төлемдеріне қатысты сұрақтардың барлығы да қамтылатындығы сөзсіз.  

Ал, қазақстандықтар алдағы болатын Ашық есік күні шарасына қатыса отырып, кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі туралы толыққанды мағлұматтар алатын болады.  

«Салымшылардың көпшілігі зейнет жасына жақындағанда барып зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі мен ерекшеліктері туралы білуге талпына бастайтындығы жасырын емес. Көп адам ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі мен зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда оларды сақтандыру ұйымдарына аударға болатындығы жайында тіпті бейхабар. Одан басқа, өмірде әр түрлі жағдайлар орын алады емес пе!? Мысалы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеуге немесе зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыруға қатысты мәселелер туындайды. Сондықтан, біз тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғыстыру қажеттігін көріп отырмыз», - деді «БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының мамандары.   

Зейнетақы төлемдерін алу құқығы, зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың заманауи тәртібі және оның болашақта қандай өзгерістерге ұшырайтындығы туралы Қор мамандары өздерінің 29 қыркүйектегі шара аясында өткізетін таныстырылымы аясында жан-жақты әңгімелейтін болады.  

Сонымен қатар, БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушылары осы таныстырылымнан кейін өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар ала алады. 

Естеріңізге сала кетелік, «БЖЗҚ» АҚ алғашқы Ашық есік күні шарасы ағымдағы жылдың 31 наурызында өткізілген болатын. Оның басты тақырыбы «Зейнетақы жүйесі қалай құрылған» деп аталды. Ал, «Барлық салымшыға қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбына арналған екінші шара 30 маусымда өткізілді. Зейнетақы Қоры әр түрлі тақырыпқа арналған осындай шараларды алдағы уақытта да үш ай сайын өткізіп тұруды жоспарлап отыр.      


«БЖЗҚ» АҚ-тың проблемалық эмитенттердің жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілген активтерімен жұмысы (04/09/2017)

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін шоғырландыру нәтижесінде «БЖЗҚ» АҚ портфеліне облигацияларының атаулы құны бойынша 161,45 млрд теңгеге 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді.  

Облигациялардың атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы 2014 жылдан бері 161,45 млрд теңгеден 36,45 млрд теңгеге азайды. Ал проблемалық эмитенттердің саны 32-ден 19 компанияға қысқарды. Екі компания бойынша берешек толығымен өтелді (атаулы құны бойынша 1,3 млрд теңге). Төрт компания бойынша банкротқа ұшырау және таратылу рәсімінің аяқталуына байланысты қаржы құралдары есептен шығарылды (атаулы құны бойынша 10,2 млрд теңге).Жеті компания бойынша берешек қайта құрылымдалды/реттелді (атаулы құны бойынша 113,4 млрд теңге).

Эмитенттердің көпшілігі дефолтқа 2006-2010 жылдар аралығында жол берген. 

 2016 жылы атаулы құны бойынша берешек сомасы 4,1 млрд теңгеге 2 эмитенттің дефолты тіркелді. Олар:

- «Имсталькон» АҚ;

- SAMARCO Mineracao S.A. (Бразилия).

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы Қоры дефолтқа жол берген 21 эмитентке қатысты атаулы құны бойынша 40,5 млрд теңге болатын берешекті (зейнетақы активтерінің 0,6 пайызынан төмен) қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл эмитенттердің қаржы құралдары зейнетақы активтерінің құрамына кіреді. 

Бұл эмитенттер бойынша мынадай жұмыстар жүргізіліп жатыр:

-         «Қазақстан қағазы» АҚ эмитентіне қатысты оңалту жұмыстары жүргізіліп

жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы – 12,5 млрд теңге.

-         «Имсталькон» АҚ эмитентіне қатысты оңалту рәсімінің күші жойылды.

Банкроттық туралы азаматтық іс қайта қаралып жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы – 3,4 млрд теңге. 

-         13 эмитент бойынша берешектерді Қор пайдасына өндіріп алу туралы сот

шешімі шығарылды, қазір орындаушы өндіріске ілеспе қызмет көрсетіліп жатыр  («Казнефтехим» АҚ, «ТөртҚұдық» «Кен-байыту комбинаты» АҚ, «Mineral Resources of Central Asia» АҚ, «Техно-Life» АҚ, «Сары-Арқа Сарбазы» Күзет корпорациясы» ЖШС, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Тема и Ко» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС, «РОСА» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Өрнек XXI» АҚ, «Альтернативные финансы» АҚ; Берешектердің атаулы құны бойынша жалпы сомасы  – 8,8 млрд. теңге);

-         5 эмитент банкрот болып танылды («Трансстроймост» АҚ, «VITA» АҚ,

«GLOTUR» АҚ, «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты» АҚ; Берешектердің атаулы құны бойынша жалпы сомасы – 15,1 млрд. теңге);

-         1 эмитент бойынша сотқа дейінгі реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

(SAMARCO MINERACAO SA; Берешектің атаулы құны бойынша жалпы сомасы – 0,6 млрд. теңге).

2014 жылдан 2017 жылдың 31 шілдесіне дейінгі аралықта Қор алдында өтелген берешектердің жалпы сомасы 1,67 млрд теңгені құрады, оның ішінде: 

– 2014-2015 жылдары – 1,3 млрд. теңге;

– 2016 жылы – 0,194 млрд теңге; 

– 2017 жылы – 0,192 млрд теңге;

Проблемалық активтер бойынша мүмкін болатын шығындарға қарсы арнайы провизия (резервтер) құрылған. Қор өндіріп алған берешек сомалары провизияларды қалпына келтіруден түскен табыстар болып есептеледі және салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына үлестіріледі.

Атап өту керек, берешектерді азаматтық тәртіпте өндіріп алу тәсілдері таусылған жағдайларда, Қор проблемалық эмитенттердің қызметін және олардың лауазымды тұлғаларының компанияны төлем қабілетсіздігіне жеткізгендіктерін тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгіну туралы шешім қабылдады. 

Зейнетақы Қоры 16 эмитент бойынша прокуратура органдарына және аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық зерттеу қызметіне арыз жолдады.  

БЖЗҚ зейнетақы активтеріне Қазақстан Республикасы аумағында ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де залал келтірген тұлғаларға қатысты сот шешімдерінің шығарылуына күш салады. 


Жұмыс берушінің жауапкершілігі (04/09/2017)

Еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жас мамандардың көпшілігі зейнетақыға қатысты мәселеге бас қатырып жатпайтыны рас.Бұл туралы сұрай қалсаң: «Қайдағы зейнетақы, не айтып тұрсыз?», - дейтіні сөзсіз.Өйткені олар үшін бүкіл өмір алда ғой!

Бірақ, өмір заңы бар емес пе, аға ұрпақ секілді біз де өсеміз, есейеміз және қартаямыз.

Иә, мойын бұрып қарағанша, қамшының сабындай өмірде зейнеткерлік жасқа жетіп қалғаныңды білмей де қаласың...

Бәрін айт та бірін айт, қазіргі таңда азаматтар болашақ зейнетақысы туралы жас кезінен бастап ойлануы керек. Бұл заман талабы.

Дегенмен бұл туралы қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер: «Мені үкімет асырайды, далада қалдырмайды», - деп ойласа, басқалар: «Дүниені балаларыңа жина, солардың біліміне жұмса. Сонда олар жақсы білім алады, жақсы қызметке тұрады.Сөйтіп ата-анасын да асырай алады», - дейді.

Ал енді біреулер тек өзіне ғана сенеді, жалақыларын конвертсіз, ашық түрде алады. Міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде төлейді. Тіпті ерікті зейнетақы жарналарын да төлеуді ойластырады.

Қазіргі таңдазейнетақы жүйесінің құрылымы үш мүдделі тарапты –мемлекетті, жұмыс берушіні және жұмыскерді біріктіреді. 

Мемлекет зейнетақы жүйесін реформалап, оған жинақтаушы құрамдауышты қоса отырып, азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға шақырады.

Бұл жүйеде салымшы өзінің бүкіл еңбек жолында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қанша қаржы жинаса, зейнеткерлік жасқа толғанда сонша қаржы алады. Бұл ретте оның жинағына зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңі бойынша инвестициялық табыс есептеліп отырады. Егер зейнетақы жинағының жалпы сомасы инфляция деңгейінен төмен болатын болса айырма сомасы республикалық бюджеттен біржолғы төлем ретінде зейнеткерлік жасқа толған алушының банк шотына аударылады.

Бұл ретте қаржы жинақтауда салымшыға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Егер ол ресми түрде жұмыс істеп, міндетті зейнетақы жарналарын тұрақтыаударып тұратын болса, онда оның зейнетақы төлемдерінің мөлшері біріншіден:

1) оның зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына;

2) жүйеге енгізілген зейнетақы жарналарының саны мен сомасына; 3) жинақталған инвестициялық табысқа және

4) айлық табыстың өсу қарқынына тәуелді болады.  

Мемлекет ешкімді ескерусіз қалдырмайды. Керісінше олардың қамын ойлайды. Яғни, республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады және инфляция деңгейін ескере отырыпзейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді.

Сонымен қатар жұмыс берушіге де үлкен жауапкершілік жүктелген. Ол міндетті зейнетақы жарналарын дер кезінде және толық көлемде аударып отыруы тиіс. Ал 2020 жылдан бастап өз қаражаты есебінен жұмыскерінің пайдасына жалақысының 5 пайызын оның шартты зейнетақы шотына аударуға міндеттенеді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақмен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкесжұмыс берушілер салымшының зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады. Міндетті зейнетақы жарналары жұмыскердің айлық табысының 10 пайызын құрайды. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жұмыскердің айлық табысының 5 пайызын құрайды және оларды жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына төлейді. Міндетті зейнетақы жарналарын(МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімі жоғарыда аталған Заңмен реттеледі. 

МЗЖ және МКЗЖ дер кезінде төлеу – жұмыс берушінің өз жұмыскерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар заңнама талабы.

Жұмыс берушілер уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған МЗЖ және МКЗЖ сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге жұмыскерлерінің пайдасынаагенттер аударуға тиіс.

Сондықтан БЖЗҚ азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін және жұмыс беруші аударатын жарналардың дер кезінде, тұрақты және толыққанды аударылуын жеке зейнетақы шотынан алынатын үзінді-көшірме арқылы бақылап отыруға кеңес береді.

Үзінді-көшірмені алудың бірнеше тәсілі бар. Олар:

Қор кеңсесіне өзі келу, электрондық және дәстүрлі пошта байланысы, Қордың сайты немесе «ENPF» ұялы қосымшасы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен egov.kz электрондық үкіметі арқылы алу.   

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне шартты-жинақтаушы құрамдауыш, яғни жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Бұл үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыскерлердің атына  шартты зейнетақы шоттары ашылады. Оларға барлық жұмыс берушілер еңбек жағдайына қарамастан өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына олардың айлық табысының 5 пайызын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары ретінде аударатын болады. Бұл жарналардың артықшылығы сол, шартты зейнетақы шотындағы қаржы таусылып қалса да, бұл жарналардың есебінен зейнетақы төлемдері зейнеткерге өмір бойына төленеді. Бірақ, бұл үшін шартты зейнетақы шотына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 5 жыл, яғни кемінде 60 ай тұрақты түрде аударылуы тиіс. Шартты зейнетақы шотына аударылатын жарналар жыл сайын капиталданады және қаржы құралдарына инвестицияланады.

Алғашқы жарналар 2020 жылдан бастап енгізіле бастайды. Ал алғашқы төлемдер сәйкесінше 2025 жылдан бастап төленеді.

Егер міндетті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарынакәдімгі ақшалай қаражат жинақталатын болса, шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары тек белгіленіп отырады, яғни тіркеледі. Бұл шоттағы зейнетақы жинақтары жұмыскердің меншігі болып табылмайды және мұраға қалдырылмайды: егер салымшы (алушы) жүйеден шығатын болса оның шартты зейнетақы шотындағы қаражат басқа қатысушылар арасында үлестірілетін болады.  

Осылайша, зейнетақы жүйесінің бұл құрамдауышы ортақ және жинақтаушы жүйенің артықшылықтарын қамтиды.

Сәйкесінше бизнестің өз жұмыскерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі арта түседі. Ал бұл, бүкіләлемдік үрдіс.


2017 жылғы 1 тамыздағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу 

     2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Жыл басынан бергі өсім 588 млрд теңгені (8%) құрады.

     2017 жылғы 1 тамызда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39,83 мың бірлікті құрады.

     2017 жылғы шілдеде келіп түскен жарналардың жалпы сомасы 59,5 млрд теңгеге жетсе, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 56,7 млрд теңгені құрады.

     2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,8 пайыз болды.

     2017 жылдың басынан бері БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 134,31 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 16,13 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан шамамен 106,58 млрд теңге төленген, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 10,95 млрд теңгені құраған.

     Салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (оның ішінде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бірінен, сондай-ақ пошта байланысы, электрондық пошта, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

     2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 769 мың адам зейнетақы шоты бойынша үзінді-көшірмені электрондық мекенжайына алады. Ал 3,5 миллионға жуық адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие. 2017 жылдың шілдесінде сайт немесе ұялы қосымшаны пайдаланушылардың қатарына шамамен 100 000 салымшы (алушы) қосылды. Олар бұл үшін ақпарат алу тәсілін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған.

     Бір ай ішінде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 67,4 мыңға артып, барлығы 917,7 мың бірлікті құрады.Естеріңізге сала кетелік, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 509,7 мың жүктеуді құраған болатын.

     Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.

     БЖЗҚ әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылады. Салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы – Қор мен салымшылар арасында тиімді қарым-қатынас орнатудың қосымша тәсіліне айналғандығын айта кеткен жөн. Осы жоба аясында Қазақстанның барлық өңірінде БЖЗҚ қызметкерлерінен көшпелі командалар құрылған. Қор қызметкерлері ақыл-кеңес беру үшін салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгізу және қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құжаттарды жинап Қорға жеткізуге көмектеседі. Одан басқа БЖЗҚ мобильді тобы таныстырылымдар өткізу, зейнетақы заңнамасы және отандық зейнетақы жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру үшін әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарға барып тұрады. Барған жерлерінде сондай-ақ зейнетақы қызметтерінің барлық түрін көрсетеді. Олардың ішінде салымшының деректемелерін өзгерту/толықтыру туралы өтінішті рәсімдеу, жаңа редакциядағы өтінішті ұсыну, ақпарат беру тәсілі туралы келісім жасау және ЖЗШ-дан үзінді-көшірме беру секілді қызметтер бар. Жыл басынан бері мобильдік агенттер 4 мыңнан астам рет көшпелі шара өткізіп, осы шаралар барысында 113,2 мыңнан астам операция жасаған. Қор қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі 7 120 адамға қызмет көрсете отырып, оларға төлемдер мен аударымдарды рәсімдеу, зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірме беру, деректемелерді және ақпарат беру тәсілін өзгерту бойынша 19,5 мың қызмет көрсеткен.


Зейнетақы жүйесіндегі жаңа қызметтер... (24/08/2017)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі секілді, отандық зейнетақы жүйесі де тұрақты дамып жатыр. Редакция БЖЗҚ қызметкерлерімен бірге өз оқырмандарына жаңа сервистер туралы маңызды 5  сұраққа жауаптар әзірледі.   

Мен зейнетақы шотын ашуым керек. Оны БЖЗҚ кеңсесіне бармай-ақ ашуға бола ма?

2017 жылдың 30 маусымынан бастап БЖЗҚ веб-сайты арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беруге болады. Бұл қызметтер сайттың «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі және Жеке кабинетінде қолжетімді.

Жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кілтін алу жеткілікті. Жеке зейнетақы шотын ашу бойынша өтініш беру рәсімі мейлінше қарапайым – ЭЦҚ арқылы авторланып, ұсынылған өтініш нысанының міндетті бағандарын толтырса жеткілікті. Бір ай ішінде бұл қызметті (2017 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша) 27 адам пайдаланып үлгерген.  

Бұдан басқа, әлеуетті салымшы үшінші бір тұлғаның атына сенімхат рәсімдеп, өзінің орнына БЖЗҚ кеңсесіне барып тиісті өтінішке қол қоюға қатысты оған барлық құқықты бере алады.

Айта кетелік, сенім артылған тұлға Қор кеңсесіне өтініш жасауға барғанда жеке басын куәландыратын құжатты, нотариат куәландырған сенімхат немесе сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін және салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуы қажет.

Зейнетақы калькуляторын қалай пайдалануға болады?

«БЖЗҚ» АҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторы болжамдық сипатқа ие. Таяу жылдары құрметті демалысқа шығатын адамдардың алатын зейнетақы төлемдерінің сомасын дәл есептеу үшін қосымша ақпараттар қажет. Дегенмен, осы калькулятордың көмегімен болашақ зейнетақының неден құралатындығын және оның мөлшерін қалай алдын-ала жоспарлауға болатындығын түсінуге болады.      

Калькуляторды Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» – «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінен табуға болады.

Болжамды зейнетақыны есептеу үшін ұсынылған нысанды толтыру қажет. Оған салымшының жынысы мен туған күнінен бөлек, шоттағы зейнетақы жинақтарының сомасы, ерікті жарналардың мөлшерлемесі, шегерімдерге дейінгі жалақы сомасы, 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі енгізіледі.  

Егер 1998 жылғы дейінгі еңбек өтілі немесе ерікті жарналар жоқ болса тиісті бағанға «0» деген санды енгізу керек.

Зейнетақы калькуляторы арқылы жинақтаушы, ортақ, базалық және ерікті зейнетақы төлемдерін есептеуге болады. Бұл есеп белгілі бір шамалар бойынша жорамалдарға негізделген. Олар: инвестициялық табыстылық пен жалақының өсімі. Есептеу нәтижесі оптимистік, реалистік және пессимистік деп аталатын үш сценарий бойынша көрсетіледі. 

Есептеудегі « Ауыстыру коэфициенті, яғни соңғы жалақыдан зейнетақы үлесі %-бен » деп аталатын соңғы жолға баса назар аударған жөн.

1952 жылы қабылданған Халықаралық еңбек ұйымының «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы» конвенциясына сәйкес ауыстыру коэффициентінің нормасы 40% болуы тиіс. Яғни, зейнетақы жұмыскердің  еңбекақысының 40%-ынан кем болмауы тиіс.

Егер ауыстыру коэффициенті «стандарттан» немесе өзіңіз күткен зейнетақы төлемдерінен төмен болатын болса, онда зейнетақы жарналарының көлемі мен жиілігін арттыруды және ерікті зейнетақы жарналарын төлеуді ойластырған абзал.

Алдағы уақытта базалық зейнетақы төлемдерінің зейнетақы жарналарын жинақтау өтіліне байланысты есептелетіндігі туралы естідім. Осыны толығырақ түсіндіріп берсеңіз.   

Бүгінде елімізде зейнеткерлердің барлығы бірдей 14 466 теңге көлемінде базалық зейнетақы төлемдерін алады. Бірақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлеудің жаңа тәртібі енгізіледі. Мұнда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне байланысты тағайындалады. Бұл жерде 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі де ескерілетін болады. 

Егер қатысу мерзімі жоқ немесе 10 жылға дейін болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады, ал 35 жыл және одан көп болатын болса, онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшеріне тең болады және одан асырылмайды. 

Жаңа енгізілімнің арқасында еңбек өтілі жоғары адамдар үшін базалық зейнетақы төлемдерінің көлемі екі есеге дейін артуы мүмкін. Бұл зейнетақының өсуіне септігін тигізері сөзсіз. 

Осылайша, адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру көзделіп отыр. Яғни, зейнетақы жинақтарының көлемі өскен сайын, болашақта алатын зейнетақының мөлшері де арта түседі.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне келмей-ақ, оның ресми сайты арқылы жолдауға бола ма?

2017 жылғы 30 маусымнан бастап зейнеткерлік жасқа толуға (ерлер 63 жас, әйелдер 58 жас) немесе 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектердің мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті БЖЗҚ веб-сайты арқылы жолдауға болады.

Жаңа сервисті зейнеткерлік жасқа толған немесе I және II таптардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген салымшылар Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» – «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» бөлімі арқылы пайдалана алады. Бұл үшін зейнетақы Қорында олардың міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының болуы шарт. Одан бөлек, зейнетақы төлемдерін тағайындау және/немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы қолданыстағы (бұған дейін Қорға ұсынылған) өтініш болмауы керек. 

Бұл операцияны жүзеге асыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кілтін алу жеткілікті. Одан басқа, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтінішті беру үшін Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютада (теңге) екінші дәрежелі банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та ашылған, 20 саннан тұратын банк шоты туралы мәліметті және екінші дәрежелі банктің деректемелерін көрсету қажет. Ұсынылған нысанды толтырып болған соң өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойылады.   

«БЖЗҚ» АҚ-та тіркелген зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің орындалу мәртебесін Қордың ресми сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөліміндегі «Зейнетақы жинақтарын төлеуге және (немесе) сақтандыру ұйымына аударуға өтініштің орындалуын бақылау» қызметі арқылы тексеруге болады.

Бұл қызметті пайдалану үшін ЭЦҚ кілті немесе ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) мен пароль керек.

Зейнетақы жинақтары мұраға қалдырыла ма?

Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшалар салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайдың өзіндеБЖЗҚ-да мерзімсіз сақталады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31, 32, 33 баптарына сәйкес  бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар толық көлемде және заңнамада белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Одан басқа, Заңға сәйкес, салымшы немесе зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. Бірақ, бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс.Егер, жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының зейнетақы шотында қалған қаражаттың сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемнің сомасына қосылып төлененді.

Сонымен қатар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Салық кодексінің 158, 160 және 170- баптарына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын табысқа жатады. Сондықтан аталмыш кодекстің 158-бабының 1-тармағына сәйкес алушының БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табысына Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салықтық шегерімдерді ескере отырып 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.

Қайтыс болған салымшының (алушының) мұрагері оның зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, сондай-ақ пошта байланысы немесе сенім артылған адам арқылы өтініш бере алады. 

Мұрагер өтінішке қоса мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімін ұсынуы тиіс.

Ұсыну тәсіліне қарай құжаттардың тізімі Қор сайтының «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібі» - «Алушының қайтыс болуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері» бөлімінде қолжетімді. 

Құжаттар пакеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттарды қабылдаған немесе олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.  


Зейнетақы жүйесіндегі жаңа қызметтер...  (17/08/2017)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі секілді, отандық зейнетақы жүйесі де тұрақты дамып жатыр. Редакция БЖЗҚ қызметкерлерімен бірге өз оқырмандарына жаңа сервистер туралы маңызды 5  сұраққа жауаптар әзірледі.   

Мен зейнетақы шотын ашуым керек. Оны БЖЗҚ кеңсесіне бармай-ақ ашуға бола ма?

2017 жылдың 30 маусымынан бастап БЖЗҚ веб-сайты арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беруге болады. Бұл қызметтер сайттың «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі және Жеке кабинетінде қолжетімді.

Жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кілтін алу жеткілікті. Жеке зейнетақы шотын ашу бойынша өтініш беру рәсімі мейлінше қарапайым – ЭЦҚ арқылы авторланып, ұсынылған өтініш нысанының міндетті бағандарын толтырса жеткілікті. Бір ай ішінде бұл қызметті (2017 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша) 27 адам пайдаланып үлгерген.  

Бұдан басқа, әлеуетті салымшы үшінші бір тұлғаның атына сенімхат рәсімдеп, өзінің орнына БЖЗҚ кеңсесіне барып тиісті өтінішке қол қоюға қатысты оған барлық құқықты бере алады.

Айта кетелік, сенім артылған тұлға Қор кеңсесіне өтініш жасауға барғанда жеке басын куәландыратын құжатты, нотариат куәландырған сенімхат немесе сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін және салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуы қажет.

Зейнетақы калькуляторын қалай пайдалануға болады?

«БЖЗҚ» АҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторы болжамдық сипатқа ие. Таяу жылдары құрметті демалысқа шығатын адамдардың алатын зейнетақы төлемдерінің сомасын дәл есептеу үшін қосымша ақпараттар қажет. Дегенмен, осы калькулятордың көмегімен болашақ зейнетақының неден құралатындығын және оның мөлшерін қалай алдын-ала жоспарлауға болатындығын түсінуге болады.      

Калькуляторды Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» – «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінен табуға болады.

Болжамды зейнетақыны есептеу үшін ұсынылған нысанды толтыру қажет. Оған салымшының жынысы мен туған күнінен бөлек, шоттағы зейнетақы жинақтарының сомасы, ерікті жарналардың мөлшерлемесі, шегерімдерге дейінгі жалақы сомасы, 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі енгізіледі.  

Егер 1998 жылғы дейінгі еңбек өтілі немесе ерікті жарналар жоқ болса тиісті бағанға «0» деген санды енгізу керек.

Зейнетақы калькуляторы арқылы жинақтаушы, ортақ, базалық және ерікті зейнетақы төлемдерін есептеуге болады. Бұл есеп белгілі бір шамалар бойынша жорамалдарға негізделген. Олар: инвестициялық табыстылық пен жалақының өсімі. Есептеу нәтижесі оптимистік, реалистік және пессимистік деп аталатын үш сценарий бойынша көрсетіледі. 

Есептеудегі « Ауыстыру коэфициенті, яғни соңғы жалақыдан зейнетақы үлесі %-бен » деп аталатын соңғы жолға баса назар аударған жөн.

1952 жылы қабылданған Халықаралық еңбек ұйымының «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы» конвенциясына сәйкес ауыстыру коэффициентінің нормасы 40% болуы тиіс. Яғни, зейнетақы жұмыскердің  еңбекақысының 40%-ынан кем болмауы тиіс.

Егер ауыстыру коэффициенті «стандарттан» немесе өзіңіз күткен зейнетақы төлемдерінен төмен болатын болса, онда зейнетақы жарналарының көлемі мен жиілігін арттыруды және ерікті зейнетақы жарналарын төлеуді ойластырған абзал.

Алдағы уақытта базалық зейнетақы төлемдерінің зейнетақы жарналарын жинақтау өтіліне байланысты есептелетіндігі туралы естідім. Осыны толығырақ түсіндіріп берсеңіз.   

Бүгінде елімізде зейнеткерлердің барлығы бірдей 14 466 теңге көлемінде базалық зейнетақы төлемдерін алады. Бірақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлеудің жаңа тәртібі енгізіледі. Мұнда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне байланысты тағайындалады. Бұл жерде 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі де ескерілетін болады. 

Егер қатысу мерзімі жоқ немесе 10 жылға дейін болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады, ал 35 жыл және одан көп болатын болса, онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшеріне тең болады және одан асырылмайды. 

Жаңа енгізілімнің арқасында еңбек өтілі жоғары адамдар үшін базалық зейнетақы төлемдерінің көлемі екі есеге дейін артуы мүмкін. Бұл зейнетақының өсуіне септігін тигізері сөзсіз. 

Осылайша, адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру көзделіп отыр. Яғни, зейнетақы жинақтарының көлемі өскен сайын, болашақта алатын зейнетақының мөлшері де арта түседі.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне келмей-ақ, оның ресми сайты арқылы жолдауға бола ма?

2017 жылғы 30 маусымнан бастап зейнеткерлік жасқа толуға (ерлер 63 жас, әйелдер 58 жас) немесе 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектердің мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті БЖЗҚ веб-сайты арқылы жолдауға болады.

Жаңа сервисті зейнеткерлік жасқа толған немесе I және II таптардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген салымшылар Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» – «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» бөлімі арқылы пайдалана алады. Бұл үшін зейнетақы Қорында олардың міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының болуы шарт. Одан бөлек, зейнетақы төлемдерін тағайындау және/немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы қолданыстағы (бұған дейін Қорға ұсынылған) өтініш болмауы керек. 

Бұл операцияны жүзеге асыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кілтін алу жеткілікті. Одан басқа, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтінішті беру үшін Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютада (теңге) екінші дәрежелі банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та ашылған, 20 саннан тұратын банк шоты туралы мәліметті және екінші дәрежелі банктің деректемелерін көрсету қажет. Ұсынылған нысанды толтырып болған соң өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойылады.   

«БЖЗҚ» АҚ-та тіркелген зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің орындалу мәртебесін Қордың ресми сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөліміндегі «Зейнетақы жинақтарын төлеуге және (немесе) сақтандыру ұйымына аударуға өтініштің орындалуын бақылау» қызметі арқылы тексеруге болады.

Бұл қызметті пайдалану үшін ЭЦҚ кілті немесе ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) мен пароль керек.

Зейнетақы жинақтары мұраға қалдырыла ма?

Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшалар салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайдың өзіндеБЖЗҚ-да мерзімсіз сақталады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31, 32, 33 баптарына сәйкес  бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар толық көлемде және заңнамада белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Одан басқа, Заңға сәйкес, салымшы немесе зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. Бірақ, бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс.Егер, жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының зейнетақы шотында қалған қаражаттың сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемнің сомасына қосылып төлененді.

Сонымен қатар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Салық кодексінің 158, 160 және 170- баптарына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын табысқа жатады. Сондықтан аталмыш кодекстің 158-бабының 1-тармағына сәйкес алушының БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табысына Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салықтық шегерімдерді ескере отырып 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.

Қайтыс болған салымшының (алушының) мұрагері оның зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, сондай-ақ пошта байланысы немесе сенім артылған адам арқылы өтініш бере алады. 

Мұрагер өтінішке қоса мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімін ұсынуы тиіс.

Ұсыну тәсіліне қарай құжаттардың тізімі Қор сайтының «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібі» - «Алушының қайтыс болуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері» бөлімінде қолжетімді. 

Құжаттар пакеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттарды қабылдаған немесе олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.  


Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ

БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті

Алматы, Қазақстан

2017 жылғы 30 маусымда, жұма күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалында «Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбында Ашық есік күні болып өтті. 

Бүгінгі таңда 754,5 мыңдай адам «электрондық мекенжай» бойынша ақпарат алу тәсілін таңдаған болса, 3,3 миллионнан астам адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие.

Қостанай облысында 187,5 мыңдай салымшы онлайн тәртібінде ақпарат алу жолын таңдады. Өйткені бұл зейнетақы жинақтарын күн сайын: жарналардың түсуі мен инвестициялық табыстың есептелуін бақылауға мүмкіндік береді. 

БЖЗҚ 2017 жылғы 30 маусымнан бастап www.enpf.kz сайтындғы «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі және Жеке кабинет арқылы мынадай сервистерді жүзеге асырды:

- міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру;

- зейнеткерлік жасқа толуға байланысты немесе 1-ші немесе 2-ші топтардағы мүгедектердің мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру. Алғашқы өтініштер жолданды, онлайн рәсімдеу бірнеше минутты ғана алады;

- төлемдерді тағайындау және (немесе) аудару жөніндегі өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау.

Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кілтін алу жеткілікті. Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру үшін ЭЦҚ-дан басқа Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютада (теңге) екінші дәрежелі банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та ашылған, 20 саннан тұратын банк шоты туралы мәліметті және екінші дәрежелі банктің деректемелерін көрсету қажет.   

Бұл ретте БЖЗҚ алушыға төлемдерді тағайындау/аудару жөніндегі өтініштің орындалуы туралы СМС-хабарлама жіберу арқылы құлағдар етеді.   

Зейнетақы жинақтарын төлеу немесе аудару мәртебесі туралы мәліметтерді Жеке кабинеттен білуге болады. Ол үшін салымшылар (алушылар) алдымен сайтқа тіркеледі. Кейін ЭЦҚ немесе ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) мен құпия сөздің (пароль) көмегімен Жеке кабинетке кіре алады.

Жеке зейнетақы шотындағы ақша қозғалысы туралы құпиялықты сақтау мақсатында зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсілін таңдаған жағдайда ғана ЖСН мен парольді тіркеуге болады. Бұл үшін жеке басты куәландыратын куәлікпен БЖЗҚ кеңсесіне жүгіну қажет.

Ал бұған дейін жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты немесе қосымша келісімді рәсімдеу барысында ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсілін таңдаған адамдар үшін БЖЗҚ кеңсесіне келудің қажеті жоқ. 

Естеріңізге сала кетелік, БЖЗҚ зейнетақы шоты туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады. Дәлірек салымшы зейнетақы шоты туралы ақпаратты:

- бүкіл республика бойынша 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының біріне барып, БЖЗҚ маманынан;

– зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште не болмаса қосымша келісімде көрсетілген пошталық мекенжайына; 

 - зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште не болмаса қосымша келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына;

- электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен құпия сөзін (пароль) (логин ретінде салымшының (алушының) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі) қолдана отырып www.enpf.kz сайтының «ИНТЕРНЕТ ҮЗІНДІ-КӨШІРМЕ АЛУ» бөлімі арқылы ала алады. Интернет арқылы ақпарат алу тәсілін таңдап, www.enpf.kz сайтында тіркелген соң ENPF ұялы қосымшасын да пайдалануға болады. Бұл үйден немесе кеңседен шықпай-ақ (24/7) жеке зейнетақы шотын тексеріп отыруға мүмкіндік береді;

- электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтарға» категориясы – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» айдары – «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімінде қолжетімді. Оны пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба алып, электрондық үкімет порталына тіркелу қажет.

Шара барысында салымшылар БЖЗҚ мамандарының көмегімен бірнеше минут ішінде www.enpf.kz сайтына тіркеліп, ұялы қосымшаны жүктеп алуға қол жеткізді. 

Келушілердің көпшілігін БЖЗҚ-ның электрондық консультанты қызықтырды. Қазіргі таңда Қор кеңселерінде мульти-тач экраны бар ақпараттық киоскілер орнатылған. Келушілер сол арқылы анықтамалық ақпараттар алып, зейнетақы калькуляторы бойынша өздерінің болашақ зейнетақыларының мөлшерін болжалды түрде есептей алады. Сонымен қатар, ақпараттық киоск арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша үзінді-көшірмені электронды мекенжайға жіберуге болады. Қазір республика бойынша 10 ақпараттық киоск жұмыс істейді.     

«Ақпарат алудың заманауи тәсілдері отандық зейнетақы жүйесін әрбір азаматқа жан-жақты әрі оңай түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл жерде зейнетақы жүйесін түсіну кәдімгі жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы мәлімет алудан басталады. БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтары туралы онлайн тәртібінде ақпарат ала отырып, өздерінің жұмыс берушілерін және инвестициялық табыстардың есептелуін қадғалай алады әрі зейнетақының мөлшері бойынша болжам да жасай алады. Осылайша, зейнетақы жарналары тұрақты аударылып тұратын болса, зейнетақы жинақтарының көлемі де артатындығына көз жеткізеді. Бұл болашақ зейнеткердің берекелі тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», -

Қостанай облыстық филиалының директоры Сәуле Козбакова деді.

Шара қонақтары жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты кез-келген сұрақты енді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваға тікелей қоюға болатындығын естіп білді. 

2017 жылдың сәуір айынан бері 170-тен астам қазақстандықтар мен басқа да елдердің азаматтары осы мүмкіндікті пайдаланғанын айта кеткен жөн. 

Бұдан басқа, Қордың сайты арқылы Қоғамдық қабылдауға жазыла отырып, нақты сұрақтар бойынша жекелей немесе топ құрамына ене отырып жауап алуға да болады. 

Аталған шараға жергілікті өңірдің 140 тұрғыны қатысты. Ашық есік күніне осымен екінші рет келген салымшылардың бірі шараның өте қызықты өткендігін жеткізді:

«Мен көптеген жаңа мәліметтер алдым, - деді қонақ, - БЖЗҚ-ның әр кез тың тақырыптарды қозғайтындығы және салымшылардың барлық сұрақтары мен тілектерін ескеретіндігі қуантады».      



БЖЗҚ: қосарлы шоттар қысқартылып жатыр

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі тұңғыш рет 1998 жылы 1 қаңтарда енгізілгені белгілі. Жұмыс істейтін барша қазақстандықтар осы айдан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларындағы өздерінің жеке зейнетақы шоттарына айлық жалақыларының 10 пайызын міндетті түрде аудара бастады.

Сонымен қатар, олар ерікті зейнетақы жарналарын да аудару құқығына ие болды.

Ал техникалық шоттар, яғни сұраусыз қалған шоттар осы алғашқы жылдары-ақ пайда бола бастады. Неге? Әңгімені әріден бастайық.

1998 жылдан бастап Қазақстанда «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры»акционерлік қоғамы мен бірқатар мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. Бұл жерде егер жұмыскер қандай да бір жеке зейнетақы қорымен шарт жасаспаған болса, жұмыс беруші оның міндетті зейнетақы жарналарын автоматты түрде Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға тиісті болды. Яғни, аталмыш Қор 1997 жылғы 20 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес салымшымен қағаз жүзінде шарт жасаспай-ақ, яғни «үнсіз келісім бойынша» оның міндетті зейнетақы жарналарын қабылдауға міндеттенді. Басқа мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына мұндай міндеттеме жүктелген жоқ.

Мінеки, осындай жолмен мыңдаған жеке зейнетақы шоттары ашылды.

Ал, көп адам өз атына Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттарының ашылғанын тіпті білген де жоқ. Бұл шоттарға 2003 жылға дейін міндетті зейнетақы жарналары түсіп тұрды деуге болады. Ал, 2003 жылдан бастап жұмыскерлерге, сондай-ақ жаңадан жұмысқа тұрушыларға ең алдымен өз еріктерімен міндетті түрде қандай да бір жеке зейнетақы қорымен шарт жасасу талабы қойылды. Ал, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорында кезінде автоматты түрде ашылған жеке зейнетақы шоттары сол ашылған күйінде қалып қойды.

Сонымен қатар, көптеген жинақтаушы зейнетақы қорларында салымшының деректемелері (тегі, аты, әкесінің аты, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды және т. б.) қате жазылған шоттардың да болғаны жасырын емес. Өйткені, ол кезде көп жағдайда зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар қолмен толтырылды ғой. Салымшы кейін дұрыс деректемелері бойынша басқа қормен жаңадан шарт жасасқан кезде бұрынғы қордағы шоты сол күйі жабылмай қалып қойып жатты. Тіпті, зейнетақы жинақтарын алмастан шетелге қоныс аударған азаматтар да жетіп артылады. Олардың ішінде мұндай шотының болғанынан бейхабар адамдар да бар.

Мінеки, зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырғанға дейін осы тектес техникалық шоттардың саны шамамен 850 мыңға жетті. Олардағы жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы да аз емес. Бұл жерде мұндай шоттардың басым бөлігі«Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» (ГНПФ) акционерлік қоғамы мен «Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамында болғанын айта кеткен жөн.

2013 жылы 2 шілдеде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Заңы қолданысқа енгізілді. Соның негізінде 2013 жылы тамыз айында  «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы құрылды. Бұл ретте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі екендігін айта кеткен жөн. Сәйкесінше БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және оның сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік беріледі.

Сонымен, 2013 жылдың соңы мен 2014 жылдың басында Қазақстанда зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру үдерісі жүрді. Базаларды біріктіру барысында 28 мыңдай қосарлы жеке зейнетақы шоттары өңделіп біріктірілді. Сөйтіп, біріктіру үдерісі аяқталған шақта өңделмеген техникалық шоттардың саны 821 345 бірлікті құрады.

Жалпы, қосарланған шоттардың иелерін, егер салымшы қайтыс болса оның мұрагерлерін анықтау жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Өйткені салымшының зейнетақы жинақтары тиісті заң талаптарына сәйкес мұраға қалдырылады.

2014 жылы – 32 823, 2015 жылы – 57 214, 2016 жылы – 332 341, ал 2017 жылдың басынан бастап 1 маусымға дейін – 21 065 шот өңделді.

2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы техникалық шоттардың саны 377 902 бірлікті құрады. Яғни, 3,5 жыл ішінде техникалық шоттардың 50 пайыздан астамының иесі табылды.

Әрине, мұндай шоттарды өңдеу оңай емес екені рас. Бұл ыждахаттылықты талап ететін ауыр жұмыс. Қазіргі таңда Қор мамандары фонетикалық іздеу алгоритмі бойынша шоттарды өңдеу, иелерін анықтау жұмыстарын қарқынды түрде жүзеге асырып жатыр.

Басты мақсат – иелерінің қарауынсыз қалған шоттарды толығымен өңдеу және болашақта осындай шоттардың қалыптасуына жол бермеу.   

Айта кетелік, бұл жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтардың бірде-бірі бюджетке аударылған жоқ. Оларға міндетті зейнетақы жарналары түсіп тұрмаса да,әлі күнге дейін,күн сайын инвестициялық табыстар есептеліп тұрады.

Ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес іздеусіз жатқан жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинағыоны алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) талап етпейінше есептен шығарылмайды.

Сәйкесінше оларды автоматты түрде жабуға болмайды деген сөз.

Осыған байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорықазақстандықтарды Қор бөлімшелеріне келіп, өздерінің немесе туған-туыстарының атына ашылған жеке зейнетақы шоттарын тиісті құжаттар негізінде тексеруге шақырады.

 Жаппарберген Айбота


Ерікті зейнетақы жарналары    

      Бүгінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұратыны белгілі. Оның құрамындағы ортақ және жинақтаушы зейнетақы құрамдауыштары  өзара оңтайлы үйлестірілген. 
 
    Бірінші деңгей – бұл ортақ зейнетақы жүйесі. Онда зейнетақы төлемдері мемлекеттік бюджеттен жұмыс істеуші азаматтардың салық аударымдары және басқа да түсімдер есебінен жүзеге асырылады. Бұл зейнетақы екі құрамдауыштан тұрады. Бірі – мемлекеттік базалық зейнетақы. Ол барлық зейнеткерге еңбек өтіліне немесе айлық табысына қарамастан өмір бойына тағайындалады. Екіншісі – еңбек өтіліне қарай төленетін жасына байланысты зейнетақы. Мұнда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ескеріледі. Бұл ретте еңбек өтілі алты айдан кем болмауы тиіс.
 
   Екінші деңгей – міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Мұнда Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың айлық табысының 10 пайызы міндетті зейнетақы жарнасы ретінде зейнетақы Қорына аударылады. Бұдан басқа, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражатынан жалақының 5 пайызын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы ретінде аударуға міндеттенді.
Бұл ретте зиянды өндірістер мен жұмыстардың тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2020 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі.Сәйкесінше Қазақстандағы барлық жұмыс берушілер (олардың ішінде зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражатынан жалақының 5 пайызын аударатын жұмыс берушілер де бар) еңбек жағдайына қарамастан өз қаражаты есебінен қызметкерлерінің пайдасына жалақының 5 пайызын зейнетақы Қорына аударады. 

  Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) негізделген жинақтаушы жүйе. ЕЗЖ мөлшерлемесі, оларды зейнетақы Қорына аудару және зейнетақы төлемдері ретінде төлеу ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.
Сонау 1952 жылы қабылданған, Халықаралық еңбек ұйымының «Ең төменгі әлеуметтік қамсыздандыру нормалары туралы» Конвенциясына сәйкес орнын басу коэффициенті 40 пайызға тең болуы тиіс. Яғни, зейнетақы мөлшері жұмыскер жалақысының кем дегенде 40 пайызын құруы керек.   
  Алайда зейнеткерлікке шыққандардың барлығының бірдей зейнетақысы жоғалтқан жалақыларының 40 пайызына жете бермейді. Бұған зейнеткердің зейнет жасына дейінгі жалақысының төмен болуы, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілінің аздығы, зейнетақы жарналарының тұрақсыз аударылуы және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін.
 
  Бірақ, осы жәйттерге қарамастан, қалайша лайықты зейнетақы алуға болады? Бұл мәселені шешудің бір жолы – ерікті зейнетақы жарналарын төлеу.
  Ерікті зейнетақы жарналары – бұл, салымшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркімен аударатын ақшасы. Бұл ретте салымшы жарнаның сомасын өзі белгілейді және оны өзінің атына ғана емес, туған-туыстарының атына да аудара алады.  
Заңды тұлғалар да жеке тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары болуға құқылы. Мысалы, жұмыс беруші осылайша қызметкерлерінің жұмысқа деген ынтасын арттыруға әрекет жасауы мүмкін. Ерікті зейнетақы жарналары ерікті түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасалады.
Шартта жалақы мөлшерін немесе жалақының Қорға аударылатын пайызын көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені, ерікті зейнетақы жарналарының сомасы салымшының мүмкіндігі мен ықыласына қарай ай сайын өзгеруі мүмкін.
2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен барлығы 39,2 мың шот ашылған. Олардағы жинақтардың жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгені құрайды. 

   Ерікті жарналар да басқа зейнетақы жарналарымен қатар әр түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады, сәйкесінше оларға да күн сайын инвестициялық табыс есептеледі. Ерікті жарналар есебінен құралған зейнетақы жинағының басқа зейнетақы жинақтарынан айырмашылығы сол, оны зейнеткерлік жасқа толмай жатып алуға болады.

   Нақты айтар болсақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.
Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

  
 Әлемдік тәжірибелерді зерделей келе, БЖЗҚ қазіргі таңда ерікті зейнетақы жарналары сынды болашаққа қаражат жинау құралын белсенді түрде пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қор мамандарының есептеуінше, аз мөлшерде тұрақсыз аударылған ерікті жарналары есебінен құралған зейнетақы жинағы зейнеткердің берекелі тіршілігін қамтамасыз етуге елеулі түрде септігін тигізеді.



Барлық адамға қолжетімді    

     2017 жылғы 30 маусымда БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында Ашық есік күні өткізіледі. Қор қызметінің ашықтығын арттыру және тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бұл кезекті шараның тақырыбы «Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ» деп аталады.    
 
    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры заман талабына сай зейнетақы жинақтары бойынша ақпарат беру арналары мен қызмет көрсетудің ыңғайлылығын арттыруға ұмтылып келеді. Осы шараға келген қазақстандықтар Қордың салымшылар мен алушыларға ыңғайлы болуы үшін қандай жаңа технологияларды қолданып жатқандығын білетін болады.     

    «БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының мамандары:
«Қазіргі таңда салымшылар және алушылармен өзара қашықтықтан қарым-қатынас жасау арналарын дамыту қажеттілігі туындап отырғандығын, өйткені мына күнделікті күйбең тірлікте Қордың бөлімшесіне келіп кетуге уақыт табыла бермейтіндігін» жеткізді.     
 
    Бүгінгі таңда, БЖЗҚ деректері бойынша 754,5 мыңдай адам «электрондық мекенжай» бойынша ақпарат алу тәсілін таңдаған болса, 3,3 миллионнан астам адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие. Бұл салымшылар қазір зейнетақы жинақтарының жай-күйін электронды пошта (жылына 12 ретке дейін), сайт немесе ұялы қосымша арқылы (тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн) қадағалай алады. 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ұялы қосымшаның шамамен 797,4 мың рет жүктелгендігін айта кеткен жөн.  

   БЖЗҚ-да арнайы интерактивтік ақпараттық киоскілер желісін дамыту және жаңа онлайн сервистерді енгізу арқылы да көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға баса назар аударылады. Қор сондай-ақ ақпарат беру арналары мен кеңес беруді белсенді түрде дамытып жатыр.


   Қор мамандары электрондық қызметтердің артықшылықтары мен оларды енгізу жоспарлары туралы 30 маусымда, шара барысында ұйымдастырылатын таныстырылымда жан-жақты әңгімелейтін болады. Сондай-ақ, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары таныстырылымнан кейін өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ақпарат алу тәсілін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қоя отырып, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың ыңғайлы тәсілін таңдай алады.       


     Естеріңізге сала кетелік, «БЖЗҚ» АҚ алғашқы Ашық есік күні шарасы ағымдағы жылдың 31 наурызында өткізілген болатын. Ол «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» деген тақырыпқа арналды. Қазіргі таңда Қор мұндай шараларды әр түрлі тақырып бойынша тоқсан сайын өткізіп тұруды жоспарлап отыр.   


2017 жылғы 1 мамырдағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу 

Алматы, Қазақстан. 2017 жылдың 4 айы ішінде зейнетақы жинақтарының таза инвестициялық табысы 92,2 млрд теңгені құрады.
     
2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,93 трлн. теңге болды және өткен жылмен салыстырғанда (2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,69 трлн теңге болған) 240 млрд теңгеге өсті.

     2017 жылғы 1 мамырда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,05 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,58 млн. бірлік болды.

2017 жылғы 1 мамырда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 428 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39 мың бірлік болды. Ал ағымдағы жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 420 мың және 39 мың бірлікті құраған болатын. 
 
   «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес 

зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының, инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілген.

   2017 жылдың 4 айы ішінде түсімдердің жалпы сомасы 240 млрд теңгені құрады. Осы кезеңде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы 91,3 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 8,03 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2016 жылдың осы кезеңінде түсімдердің жалпы сомасы 219,7 млрд теңге, ал төлемдер 73,23 млрд теңге болған еді.

 
2017 жылдан бастап зейнеткерлер мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері артып жатыр.  

Егер 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлер мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге төленетін зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшері шамамен 844 мың теңгені құраса, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап оның мөлшері 937 мың теңгені құрайды, яғни 11 пайызға өсіп отыр.

    Салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (оның ішінде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бірінен, сондай-ақ пошта байланысы, электрондық пошта, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

  2017 жылдың 4 айы ішінде БЖЗҚ-ның дербес қызмет көрсету орталықтарында 1,9 млн. операция, оның ішінде МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ бойынша ЖЗШ ашу үшін шамамен 107 мың шарт жасалды, 300 мыңнан астам үзінді-көшірме берілді және басқа да операциялар жүзеге асырылды.   
 
 Соңғы уақытта адамдар ұтқырлығы, ыңғайлығы және уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретіндігінің арқасында көбінесе зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдап жатыр. Мысалы, 3,4 миллионға жуық адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде электрондық хабарлау тәсілін таңдаған. 193 мыңға жуық адам өздерінің электрондық мекенжайына үзінді-көшірмелер алады, ал 3,2 миллион адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдаланады. 

  2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 743,6 мың болды. Осылайша, жыл басынан бері жүктеп алу саны 234 мыңға дерлік көбейді немесе 46 пайызға артты.
 
 Одан басқа, 2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының
(инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі арқылы электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 395 мың үзінді-көшірме берілген. Салыстыратын болса, осы портал арқылы ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша 352 мың үзінді-көшірме берілген еді.

 
 Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» нысаны, «онлайн-чат», «Төрайымның Блогы» және «Қоғамдық қабылдау» арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.

 
 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу  

Алматы, Қазақстан.
     Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ/Қор) ақпараттық арналарына жиі келіп түсетін сұрақтардың бірі – шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу (ТТК). 
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес
Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
   «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, ішкі істер органдары кету фактісін растайтын құжаттарды рәсімдеген соң жүзеге асырылады.
 
 Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, басқа мемлекеттің азаматтығын алуды жоспарлаған Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам

Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы шешім қабылдаса, белгіленген тәртіпте шетелге кетуге арналған құжаттарды рәсімдеуі керек.
 
 Бұл рәсім шетелге тұрақты тұруға кетіп бара жатқан азаматтардың Қазақстандағы орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет. 

  Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шетелге тұрақты тұру үшін елден кетуге арналған құжаттарын рәсімдеу «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кетуге арналған құжаттарды» мемлекеттік көрсетілетін қызметін стандартымен реттеледі.   

   Шетелге тұрақты тұруға кету үшін елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдеу үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) аумақтық бөлімшелеріне немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) жүгіну қажет. 

  Егер шетелге уақытша кеткен Қазақстан азаматы сол елде тұрақты тұруды ұйғарса, ол бұл туралы Қазақстанның консулдығына немесе дипломатиялық өкілдігіне жүгінуі тиіс. 

   Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін елден кетуді рәсімдеу жайындағы бүкіл ақпарат

ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына (ЖТ МДҚ) тіркеліп отырады. Айта кетелік, бұл ақпараттардың барлығы ҚР ІІМ-нен келіп түседі. БЖЗҚ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын тексеруге алғанда осы Мемлекеттік дерекқорға жүгінеді.  
Алушыдан ең аз құжаттар пакеті талап етіледі.
Соның ішінде өзі келіп өтініш жасағанда:
Шетелдік азаматтың шетелдік паспортының түпнұсқасын, алушының банк шоты туралы мәліметін ұсынады және БЖЗҚ-да тиісті өтінішті толтырады.  
Сондай-ақ, құжаттарды ұсынудың балама жолы да бар. Ол, – құжаттарды үшінші тұлға (сенім артылған) немесе пошта байланысы арқылы ұсыну.  
 
Шетелдіктен немесе азаматтығы жоқ азаматтан             тиісті құжаттарды алған соң, БЖЗҚ «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына (ЖТ МДҚ) Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кетуді рәсімдеу туралы мәліметтер сұрайды.  
Құжаттарға қатысты оң жауап алынып, ешқандай ескертпелер болмаған жағдайда, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде төлемдерді алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады.    

Ал құжаттарға қатысты теріс жауап және (немесе) ескертпелер алынған жағдайда, БЖЗҚ өтініш берген күні құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтінішті қабылдаудан немесе құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті орындаудан бас тартады.


   Іс жүзінде шетелдіктер, олардың ішінде негізінен Ресей Федерациясы азаматтарының жиі өтініш жасайтындығы байқалады. Олар:

1. Белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге арналған құжаттарды рәсімдеместен азаматтық алған. Бұл жерде оларға айтылар бір ғана ұсыныс бар – ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұру үшін елден кетуді міндетті түрде рәсімдеу қажет.  
2. ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кетуге арналған құжаттарды белгіленген тәртіп бойынша рәсімдеген, бірақ:
1) рәсімдеу реттілігін бұзған, яғни алдымен ҚР азаматтығынан айырылуды, ал кейін кетуді рәсімдеген;
2) «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорында ақпарат жоқ және т. б.    

   БЖЗҚ соңғы санаттағы адамдардың мүдделерін қорғау және осы мәселе бойынша жан-жақты түсініктеме алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне арнайы хат жолдады. Соған сәйкес ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті БЖЗҚ, ҚР ІІМ және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің жұмыстық кездесуін ұйымдастырды. Бұл кездесу ағымдағы жылы 21 сәуірде Астана қаласында өтті.   


   Жұмыстық кездесудің нәтижесі бойынша ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету бойынша, оның ішінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу барысында туындайтын мәселелерді шұғыл шешу үшін БЖЗҚ, ҚР ІІМ және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Бұл бағытта БЖЗҚ тарапынан тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатыр.


   БЖЗҚ мен ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің бірлескен жұмысы барысында бұған дейін БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын алу бойынша өтініш жасап келген жекелеген шетелдіктер бойынша «азаматтығынан айрылудан» бастап «шетелге тұрақты тұруға кетуге» байланысты ҚР жеке куәлігінің жарамсыздығы себебі туралы ақпараттың өзектілігі арттырылды.      

 
   Бұл ретте басқа да жағдайлар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жағдайлар ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті жұмыскерлерінің тиісті тексерулерінен кейін реттеледі. 


   Бұдан басқа, БЖЗҚ апта сайын кейбір адамдарға қатысты «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтерді өзекті қылу бойынша мониторинг жүргізіп келеді. Өйткені, БЖЗҚ  «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорында бұл адамдар бойынша Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы мәліметтердің жоқтығына байланысты оларға зейнетақы жинақтарын төлеуден бас тартқан болатын.   


   Ал Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге қатысты мәліметтер жаңартылған сәтте БЖЗҚ алушыларға зейнетақы жинақтарын алу туралы өтінішті рәсімдеу керектігі жайында хабарлайды.  

2017 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша бұған дейін өтініш білдірген 250 адам бойынша «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтер жаңартылды. 

   Демек, алушылар БЖЗҚ-ға ҚР Ішкі істер министрлігі «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы мәліметтерді жіберіп үлгермей жатып асығыс өтініш жасап жатыр деген сөз.    

БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (өзі келіп өтініш жасағанда, үшінші тұлға немесе пошта байланысы арқылы жібергенде) барлық қажетті құжаттар тізілімі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар,
сондай-ақ өтініш бланкалары және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері,
әр түрлі мемлекеттік органдардың түсіндірмелері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік веб-сайтының www.enpf.kz мекенжайында орналастырылған. Ондағы ақпараттар тұрақты негізде жаңартылып отырады.  


Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілген 

   Алматы, Қазақстан.
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Осы моделге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы негізінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жеке зейнетақы шотында жатқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі есептеледі.    
 
Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін:
- зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар;
- мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген I және II топтағы мүгедектер;
- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар алуға құқылы.
Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, бұл төлем ҚР Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте мұрагерге төленеді.   
 
Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.
  Айырманы төлеу туралы өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және МЗЖ мен МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну жөнінде хабарлама жіберіледі.
Өз кезегінде БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сұралған мәліметтерді электрондық форматта ұсынады.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БЖЗҚ-дан мәліметтерді алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді тиісті кезеңге арналған инфляцияның деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарналарының (МЗЖ, МКЗЖ) сомасымен салыстырып тексереді.

   Егер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы:

- инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан артық немесе оған тең болғанда – айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;
- инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан төмен болған жағдайда – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасын есептейді. Республикалық бюджет есебінен айырма төлемі алушының банк шотына аударылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша (Статистикалық бюллетень, «Секвестрленбейтін республикалық бюджет бағдарламалары») мемлекеттің зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдікті міндеттемелері 2016 жылы – 11 615 млн. теңге, 2017 жылдың қаңтар-наурыз айлары үшін – 2 589,0 млн. теңгені құрады.

Толық ақпаратты «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 1414 тегін қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады. 


1. Мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік бере ала ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Яғни, зейнетақы жинақтары заң тұрғысында сенімді қорғалған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау Қағидалары бекітілген.

Бұл Қағидалар зейнетақы төлемдерін алушыларға зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу тәртібін айқындайды.

Қағидалардың 2 тармағына сәйкес айырма төлемі - зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем.

Барлық қажетті құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес акционерлік қоғамына тапсырылған соң, мамандар жеке зейнетақы шотындағы жинақтар сомасының инфляцияны ескере отырып, келіп түскен зейнетақы жарналарының сомасымен салыстыру жұмысын жүргізеді.        

Мемлекет зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлғалардың барлығына айырма сомасын төлейді. Зейнеткерлікке шығу негізіне (жасына немесе мүгедектігіне байланысты) байланысты шектеулер қарастырылмаған.  

  2. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы азаматтарға міндетті түрде хабарлау науқаны қаншалықты жиі өткізіледі?

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы «БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына міндетті хабарлау науқаны жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың басында жүргізіледі.

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал оны алу тәсілін салымшылар мен алушылар өз еріктерімен таңдайды.   

Үзінді-көшірме салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтінішінде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімде көрсетілген мекенжайға, оның ішінде электрондық мекенжайға жіберіледі.   

Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін Қорға хабарламаса, онда 2016 жыл бойынша жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып келеді. Одан басқа, бұл жағдайда БЖЗҚ-ның ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес алдағы жылы үзінді-көшірмені жібермеуге құқығы бар.        

Естеріңізге сала кетелік, салымшы (алушы) белгіленген тәртіпте Қордың өз міндеттемесін орындауға әсер ететін өзгерістер жайында, осындай өзгерістер орын алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 39-бабының 4 тармағының 1 тармақшасы).

Мұндай өзгерістерге егер тиісті хабарлау тәсілі таңдалған болса, электрондық және пошталық мекенжайлардың өзгергендігі жатады.   

БЖЗҚ ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы не хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімде көрсетілген кезең аяқталғаннан кейінгі айдың бірінші күндегі жағдай бойынша салымшының (алушының) ЖЗШ-ында ақша болмаған немесе хабарлау тәсілі таңдалмаған жағдайда салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жібермейді.  

2016 жылы шамамен 1,6 млн. салымшы (алушы) үзінді-көшірме ала алмады. Өйткені, олардың ЖЗШ жай-күйі туралы хабарлау тәсілі таңдалмаған. БЖЗҚ мамандары салымшыларды өздерінің жеке деректерін өзгерту және/немесе хабарлау тәсілін таңдау бойынша Қордың дербес қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге шақырады.

 3. Қордың есептемелері және көрсеткіштері туралы мәліметтерді қайдан алуға болады?

Қор қызметінің маңызды көрсеткіштері ай сайын www.enpf.kz сайтында жарияланып отырады.  

  Қазақстан Республикасының ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады.  

Ұлттық Банктің инвестициялық қызметінің нәтижесімен Қордың www.enpf.kz сайтынан танысуға болады.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша ақпараттар ай сайын жаңарып отырады. Барлық құжаттар хронологиялық тәртіпте жарияланады және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге қол жетімді. БЖЗҚ тоқсан сайын пайдалар мен шығындар және бухгалтерлік теңгерім туралы мәліметтер жариялап отырады. Сонымен қатар жыл сайын сыртқы аудитті жүргізу нәтижесі бойынша есептеме жариялайды.

4. БЖЗҚ-ның қандай негізгі міндеттемелері бар?

БЖЗҚ – міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартумен айналысатын жалғыз ұйым және азаматтардың таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналарын да қабылдайды.  

Зейнетақы Қоры салымшылдардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу және зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндетті.   

БЖЗҚ-ны құрудың негізгі міндеттері мен мақсаттары:

- салымшылардың зейнетақы шоттарын тиісті есепке алу, салымшылардың табиғи қозғалысына байланысты (шет елге шығу, зейнеткерлік жасқа жету және т. б.) өзгерістерді дер кезінде енгізу және зейнетақы жарналарын жүзеге асыру, зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығын қадағалау;
- зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыру.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, тіпті шетелден хабарласып қажетті ақыл-кеңесті қалай алуға болады?

БЖЗҚ-ның басты міндеттерінің бірі – Қордың салымшылары мен алушыларына сапалы қызмет көрсету және оларға лайықты ақыл-кеңес беру. Бұл үшін біз көптеген ыңғайлы және қарапайым құралдарды жасап қойдық. Қор мамандарынан сапалы кеңес алу үшін, Қазақстан Республикасының азаматтары 1418 тегін қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына хабарласулары керек. 

Сондай-ақ біздің www.enpf.kz сайтында «онлайн кеңесші», «онлайн хабарласу» және кері байланыс қызметтері жұмыс істейді. Бұл қызметтер Қазақстан азаматтарына және шетелдік азаматтарға да өте пайдалы. 

«Онлайн кеңесші» қызметі сайттың барлық парақшаларында қолжетімді. Онлайн режімінде қоңырау шалу үшін «электронды қызметтер» бөліміне кіру қажет (стационарлық компьютерлер үшін микрофоны бар гарнитура керек). Қоңырау шалу тегін, алайда ол интернет трафик есебінен жүргізіледі. Бұл ұялы құрылғылар арқылы қоңырау шалғанда қосымша шығынға әкелуі мүмкін.   

Осы бөлімде онлайн форманы пайдалана отырып Қорға өтініш жіберуге болады. Мамандар қысқа мерзімде толыққанды жауаптар әзірлеп, оларды сұрақ қоюшылардың электронды поштасына жібереді.  


Жинақтарымыздың сақталуы және табысы

Бүгін сіз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сіз бен біздің жинақтарымызды сақтау кепілі туралы БЖЗҚ-дан 5 анағұрлым өзекті мәселелерге жауап аласыздар.

1. Зейнетақы жинақтарын төлейтін кезде құнсыздану деңгейі ескеріледі ме, жинақтарды қорғайтын қандай да бір кепілдік бар ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқығын алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде кепiлдiк бередi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидасында кепілдік таралатын тұлғалар тізімі белгіленген, олар:

1. зейнет жасына толған сәтте (63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер);

2. егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер;

3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

Айырмашылық төлеміне құқығы бар тұлға қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте беріледі.

Төлем құқығын алған кезде әрбір алушыға жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі бүкіл кезең үшін табыстылық пен құнсыздану деңгейі жеке есептеледі. Егер инвестициялық табыс  құнсыздану деңгейінен асып түспесе, айырма мемлекеттік бюджеттен салымшының банк шотына есептелетін болады.

Қайта есеп алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ бөлімшесі) барып сәйкесті өтініш толтыру қажет.

2. Қор қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалай және қайда инвестициялайды?

Заңға сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды ҚР ҰБ және БЖЗҚ арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартының негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) жүзеге асырады.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 86 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан басқа, инвестициялық шешім Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсыныстарына сәйкес, оның ішінде Қордың зейнетақы активтерін орналастыруға рұқсат берілген құралдардың тізбесі бойынша қабылданады.

ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді келешекте табыстылықтың теңгерімділік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында теңгеге, сондай-ақ шетелдік валютаға номиналданған түрлі қаржы құралдарына активтердің түрленуіне негізделген, сонымен қатар тәуекелдерді төмендету мақсатында түрлі қаржы құралдарына инвестициялауға бағытталған.

Бүгінгі таңда зейнетақы активтері мемлекеттік бағалы қағаздарға, квазимемлекеттік сектор компанияларының қағаздарына, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланған, екінші деңгейдегі банктердің және шетелдік банктердің салымдарына, сонымен қатар сенімді шет ел эмитенттерінің құралдарына орналастырылады. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат жүйелі түрде Қордың www.enpf.kz  («Қор туралы» - «Инвестициялық қызмет» - «Зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құрылымы», «Инвестициялық қызметке шолу»)  ресми сайтында жарияланады.

3. Осы жылы инвестициялық табыс қандай болмақ? 

Ұзақ мерзімді кезеңге зейнетақы активтерінің болжалды инвестициялық табысына нақты есеп жасау мүмкін емес. Инвестициялық табыс тұрақты шама емес және инвестициялық портфельдің құрылымы мен қаржы құралдарымен жасалынатын операцияларға байланысты. Оның шамасы нарықтық жағдай, қаржы құралдарын қайта бағалау, валюта бағамдарының өзгеруі және т.б. осы сынды бірқатар факторларға байланысты күн сайын өзгереді.

Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелетін инвестициялық табыс көлемін жеке алып қарасақ, ол жинақтар көлеміне байланысты, яғни жинақтар көп болса және оларды толтыру кезеңділігі тұрақты болғанда есептелетін инвестициялық табыс та жоғары болады.  

Дегенмен, БЖЗҚ өз салымшыларына enpf.kz сайтының «Электрондық қызметтер» бөліміндегі «Зейнетақы калькуляторы 1» құралын пайдалануды ұсынады. Оның көмегімен міндетті зейнетақы жарналары есебінен құрылған зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемінің көлемін есептеуге болады. Бұл калькулятор жинақтаушы, ортақ, базалық, сондай-ақ ерікті зейнетақыны болжалды есептеуге арналған. Есеп инфляцияның, инвестициялық табыстылықтың өсуі, жалақының өсуі бойынша болжамдарға негізделген. Есеп нәтижесі оптимистік, шынайы және пессимистік сынды түрлі болжамды деректермен ерекшеленетін үш сценарийде беріледі. Зейнетақы калькуляторы зейнетке шығар кезде күтілетін төлемдер туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Нақты түсіп отыратын зейнетақы жарналарының жиілігі зейнетке шығар кездегі зейнетақы төлемдерінің жиынтық сомасын есептеудегі негізгі белгілердің бірі болып табылады.  

4. Ұзақ уақыт бойы жалақы алмадым, демек аударымдарда жасалған жоқ. Осы уақыт аралығында инвестициялық табыс есептелген жоқ па? Қандай жағдайларда ол есептелмейді?

Инвестициялық табыс тұрақты түрде есептеледі. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында қаражаттарға оны тауысқанға дейін, яғни егер адам зейнетке шықса да және оны алып жүрсе де, оның әлі де түртілмеген жинақтарына инвестициялық табыс есептеле береді.

БЖЗҚ осыған орай қызықты бір оқиғамен бөлісті: осыдан біраз уақыт бұрын Қордың операциялық залына жас жігіт жаңадан жұмысқа орналасқандықтан өз зейнетақы шартын жаңартуға келген. Ол бұған дейін екі жыл бойы жұмыссыз жүрген екен және сәйкесінше оның шотына жарналар түспеген. Оның өз есептері бойынша оның жеке зейнетақы шотында 600 мыңнан астам теңге болуы керек еді. Алайда үзінді көшірмені алған жас жігіт біршама таңырқау күйде қалды: жұмыссыз жүрген көптеген айлар ішінде оның шотындағы зейнетақы жинақтары 120 мыңға ұлғайған және барлығы 720 мыңнан астам теңгені құрады. Егер де шот үнемі толтырылып тұрса, онда сандар көбейеді.

Есептелген  инвестициялық табыс туралы ақпаратты бірнеше тәсіл арқылы алуға болады, яғни үзінді көшірмені Қорға келіп өтініш білдіре отырып немесе электрондық не кәдімгі пошта арқылы және сайт не ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.

5. Инвестициялық табысқа салық салынады ма?

Қор салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасымен көзделген жағдайлар (зейнет жасына толғанда, мерзімсіз 1,2 топтағы мүгедектігі белгіленсе және т.б.) орын алғанда ЖЗШ-дан төленетін есептелген инвестициялық табысқа Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады.

Осылайша, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (ҚР Салық кодексі) 160-бабының 3-тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық салынатын табысқа жатады.

ҚР Салық кодексінің 170-бабына сәйкес салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары; ерікті зейнетақы жарналары есебінен құрылған салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан жүзеге асыратын төлемдер жатады. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын зейнет жасына жеткен салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты кесте бойынша төлемдерді алған кезде, салық төленетін табыс көлемін кемітетін салық шегерімдеріне құқылы. Басқалай айтқанда, табыс салығы барлық төлемге емес, тек оның бөлігіне салынады. Түпкілікті салық сомасын анықтау үшін «жыл үшін зейнетақы төлемінен» «белгіленген салық шегерімін» алып тастау қажет.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағының 13) және 13-2) тармақшаларына сәйкес азаматтардың кейбір санаттарының ең төменгі жалақы мөлшерінің 75 еселенген шегінде табысты түзетуге мүмкіндігі бар. 


Зейнет жасына келіп қалған адамдар мен зейнетке шығып қойған зейнеткерлерді зейнетақы есебіндегі жыл сайынғы өзгерістер толғандыратыны сөзсіз. Сіз үшін бұл қиын ба? Біз сізге осы мәселенің шешімін табуға көмектесеміз. Сол үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу мен алу тәртібіне қатысты ең өзекті сауалдарға берілетін жауаптарды Сіздің назарыңызға ұсынамыз (16.02.2017)  

Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне кімнің құқығы бар?

Белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:

- 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда); 

 - егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар.

Зейнет жасына толғанда және бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген кезде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін қандай құжаттар керек?

Жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған немесе бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген кезде зейнетақы төлемдерін алушы кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті ресімдеу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барып, өтініш жасай алады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын аудару үшін алушының банк шоты туралы мәліметтерді алып келеді. Сондай-ақ алушы зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін құжаттарды сенім білдірілген тұлға немесе пошта байланысы арқылы ұсына алады. Толық ақпаратты сайттан (www.enpf.kz) алуға болады.   

Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш берілгеннен кейін БЖЗҚ қанша уақыт ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады?

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкесетін құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы мынадай шамаларда есептеледі және:

1) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аспайды (2017 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңында ең төмен зейнетақы мөлшері 28 148 теңге болды, соған сәйкес зейнетақы төлемдерінің сомасы  844 440 теңгені құрайды (30*28 148);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан аспайды. Зейнетақы жинақтарының сомасы 63 жастағы алушы – ерлерде 8,067 млн. теңгеден артық болған, ал 58 жастағы алушы – әйелдерде 8,963 млн. теңгеден артық болған жағдайда осы есеп қолданылады. 

Зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аз болса (2017 жылы - 844 440,00 тг.), алушы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады.

Төлем жасалғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз соманы құраса (2017 жылы – 28 148,00 тг.), бұл қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.

БЖЗҚ белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін жыл сайын өз бетінше Қағида ережелерін ескере отырып, қайта есептейді.

Зейнетақы төлемдері қандай валютамен жасалады?

БЖЗҚ өтініште көрсетілген алушының банк шотына зейнетақы төлемдерін:

1)   Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоттарына аудару кезінде тек ұлттық валютамен;

2)   Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аудару кезінде АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе ресей рублімен аударады.

Зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салына ма?

Зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық салынатын табысқа жатады (ҚР Салық кодексінің 160-бабы). Зейнетақы төлемдеріне ҚР Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салық шегерімдерінің сомасы ескеріле отырып, 10 пайыз мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.

Мысал ретінде ең төмен зейнетақының 30 еселенген мөлшеріндегі кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерін қарастырып көрейік  (30*28 148 = 844 440 теңге).

Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушы – зейнет жасына толған резидент тұлғалар – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан салық шегерімдеріне құқығы бар тұлғалар (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 170-бабы). Демек, ЖТС салық шегерімдері қолданыла отырып ұсталады. ЖТС салынбайтын зейнетақы жинақтарының  сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшеріне тең. 2017 жылы бұл көрсеткіш – 24 459 теңге, демек ЖТС салынбайтын сома – 293 508 теңге (12*24 459). 550 932 теңге (844 440 - 293 508) сомасына ЖТС салынады.  ЖТС мөлшері – 55 093,20 теңге (844 440 - 293 508) * 10%). Алушының банк шотына 789 346,80 теңге (844 440 - 55 093,20) мөлшеріндегі сома аударылады.

Бұдан басқа, салық жеңілдіктері қолданылатын азаматтар санаты бар. Олар үшін ағымдағы қаржы жылына белгіленгенең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері шегінде ЖТС-қа түзету көзделген (75*24 459 = 1 834 425 теңге).

Мұндай тұлғаларға:

· Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;

· Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар;

· 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

· I, II, III топтардағы мүгедектер;

· мүгедек бала;

· «мүгедек бала» санатындағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін оның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы;

· «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына, оның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы;

асырап алған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуі жатады.

БЖЗҚ туралы 5 сауал (21.12.2016)

Оқырмандарымыздың сауалдарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары жауап берді.

- Менің қызым келісім-шарт бойынша шетелде жұмыс істейтіндіктен зейнетақы қорына аударым жасамайды. Айтыңызшы, біз оның орнына БЖЗҚ-дағы оның шотына ақша аудара аламыз ба? Ол үшін не істеу керек және аударымдар қандай валютамен қабылданады?

- Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жұмыс істей отырып, Сіздің қызыңыздың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатысуға мүмкіндігі бар екенін айта кету керек.

Сонымен қатар Сіз қызыңыздың болашақ қамын жасай аласыз және үшінші тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналары туралы шарт жасай аласыз не қызыңыздың өзі осындай шартты өз пайдасына жасай алады. Мұндай тәсіл өте ыңғайлы, өйткені жарналардың кезеңділігін және мөлшерін адам өзі белгілей алады. Айтып өткеніміздей, ерікті жарналарды өз туыстарының және жақындарының пайдасына аударуға болады. БЖЗҚ сайтында орналастырылған зейнетақы калкуляторы келешектегі зейнетақының болжалды мөлшерін есептеуге көмектеседі және тұрақты аударылатын ең аз ерікті жарналардың өзі зейнетақы жинағыңызды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретінін көрнекті түрде көрсетеді.  Оларды теңгемен салу керек.

- Жақында зейнетке шығамын, шотыма 2,5 миллионға жуық теңге жинап үлгердім. Айтыңызшы, мен құрметті демалысқа шыға салысымен барлық соманы бірден ала аламын ба немесе оны бөліп-бөліп бере ме? Неге? Егер барлық соманы алатын болсам, қанша пайыз жоғалтамын? БЖЗҚ осындай қызмет үшін сыйақы алады деп естідім.

- Тиісті қаржы жылына (2016 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен ең төменгі зейнетақы мөлшері – 25 824 теңге) белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болған жағдайда ғана барлық зейнетақы жинағын алуға болады. Яғни, қазіргі сәтте бұл сома - 774 720 теңге (30-ды 25 824 теңгеге көбейту). Демек, зейнетақы жинақтарыңыздың қалдығын ескерсек, сіз барлық соманы бірден ала алмайсыз. Сіз жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептеуге болатын зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын белгіленген кесте бойынша алуға құқылысыз. Осылайша, сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы жинақ шамамен үш жыл ішінде төленетін болады. Мұндай тәртіп БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидасымен белгіленген. Қағида ҚР Үкіметінің 02.10.2013 жылғы №1042 қаулысымен бекітілген.

Сіздің сұрағыңыздың екінші бөлігіне келер болсақ, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 160-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері – төлем көзіне жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын табыс. Осыған орай кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушыдан міндетті түрде Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салықтық шегерімдер ескеріле отырып 10 пайыз мөлшерінде ЖТС ұсталады. Салық салынбайтын зейнетақы төлемдерінің сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі еңбекақының 12 еселенген мөлшеріне тең. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ өтініште көрсетілген алушының банк шотына аударады. Оларды айырбастау және шетелдік банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына аудару қызметтерін қоспағанда, зейнетақы жинақтарын аударуға, есепке жазуға және төлеуге байланысты банк қызметтерінің ақысы БЖЗҚ-ның меншікті қаражаты есебінен төленеді.

- Келесі жылы зейнетке шығамын және менің жинақтарым қалай қорғалған, оларға дағдарыстық үдерістер, құнсыздану және басқалар әсер етті ме деп жиі ойлай бастадым?

- Азаматтардың зейнетақы жинақтарын қорғау және оларды индекстеу тетігі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында  тұжырымдалған. Зейнетақы жинақтарын Қазақстан экономикасындағы құнсыздану деңгейін ескере отырып сақтау жауапкершілігін мемлекет өз мойнына алды. Заңның 5-бабына сай мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі құнсыздану деңгейін ескере отырып, нақты салынған жарналар мөлшерінде сақтауға кепілдік береді. Бұл бап зейнетақы жинақтары бойынша жинақталған табыстылық деңгейі жинақталған құнсыздану деңгейінен төмен болған жағдайда қолданылып жүр және қолданылады. Төлемге құқығы бар азаматтар мемлекеттік бюджеттен тиісті өтемақы алады. Жинақтарды сақтау бойынша мемлекеттің осындай тікелей жауапкершілігі әлемнің еш жерінде жоқ екенін айта кету керк.

- Мен қоныс аударып едім, енді жаңа мекенжайыма БЖЗҚ-дан шотымның жай-күйі туралы деректері бар хаттар келмейтін болды. Айтыңызшы, бұл ақпаратты білудің басқа жолдары бар ма?

- БЖЗҚ-ға өзіңіздің жаңа мекенжайыңызды хабарлауыңыз қажет еді, оны хабарламағандықтан, сіз жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы жыл сайынғы үзінді көшірмені алмайсыз. Сондықтан БЖЗҚ бөлімшесіне бір рет келіп, не өз деректемелеріңізге түзетулер енгізіңіз, не ең дұрысы, хабарлау тәсілін өзгертіңіз.

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше арнасы бар. Сіз салымшы ретінде өзіңізге қолайлысын таңдай аласыз. Бұл – жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе жеке келісімде көрсетілген салымшының электрондық мекенжайына хабарлама жіберу. Ақпарат алудың ең жедел тәсілі – www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі арқылы алу. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса немесе логин мен парольді тіркесеңіз, сіз үйден немесе кеңседен шықпай-ақ өз шотыңызды тексеріп, жұмыс берушіден түскен түсімді бақылай аласыз. Біздің мамандар смартфондар мен планшеттерге арнап әзірлеген ENPF ұялы қосымшасын да пайдалануға болады. Жинақтар туралы ақпаратты egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы алу мүмкіндігі бар. Қызмет «Азаматтар» санатының «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде. Оны алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталына тіркелу қажет. Сізге ақпаратты БЖЗҚ мамандарының бергенін қаласаңыз, сіз үшін республика аумағында 232 дербес қызмет көрсету орталығы ашылған. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште көрсетілген мекенжайға пошта арқылы хабарлау тәсілі әлі де қолданылады.

2016 жылғы 1 қазанда 2,5 миллионға жуық адам немесе әрбір төртінші салымшы зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде электрондық хабарлау тәсілін таңдады. Оның 214 мыңнан астамы үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алады және 2,3 миллион адамның сайт арқылы немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 245 мыңнан астамға артқан және 2016 жылғы 1 қазанда жүктеп алу 357,9 мыңға жетті.

- 2018 жылдан бастап зейнеткерлердің зейнетақысына өтіл үшін үстеме қояды деп естідім. Бұл шын мәнінде солай ма? Егер солай болса, оны алу үшін өтіл қандай болу керек?

- 2018 жылдың шілде айынан бастап базалық зейнетақы төлемін есептеу тетігі өзгеретін болады. Қазіргі уақытта ол барлық алушыға бірдей төленеді және 11 965 теңге. 2018 жылдан бастап оның мөлшері әр түрлі болады: өтілі он және одан кем болғанда немесе ол болмаған жағдайда – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы. Әрбір келесі толық жылға базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2 пайызға өсетін болады. Яғни, өтілі 20 жыл болғанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайтын болады, 30 жыл – 90 пайыз, ал 35 және одан көп жылдық өтіл кезінде – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызы. Өтіл ескерілген зейнетақы тағайындауға қатысты толық ақпарат алу үшін «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» бара аласыз, Астанада 8 (7172) 75-37-10 телефонына, Алматыда 8 (727) 331-21-13 телефонына немесе 1411 нөміріне (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін) хабарласа аласыз.

БЖЗҚ ұялы қосымшаны жаңартты

     2016 жылдың шілде айында БЖЗҚ ұялы қосымшасы жаңартылып, 2.0 нұсқада шықты, ол қосымшаның бірінші нұсқасына қатысты пайдаланушылардың тілектері мен пікірлерін ескерген өзгерістерді қамтиды. Қазір жаңарту Android платформасына арналған Play Market ішінде тұр. Жақын арада iOS пайдаланушылары үшін де жаңарту шығады.
     Екінші нұсқаның жаңалығы неде? Ең бастысы, қосымшаның барлық бөлімі авторланбаған пайдаланушылар үшін қолжетімді болып отыр. Енді байланыстар туралы ақпаратқа тез қол жеткізіп, Қордың қаржылық көрсеткіштері мен соңғы жаңалықтарын біле аласыз. Сонымен қатар қосымшаны планшеттерде пайдалану мүмкіндігі бар. Оның үстіне, қосымшадан бір басу арқылы БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарымен хабарласа аласыз.  
Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу үшін логин мен пароль енгізу қажет. Сол жерде көптеген пайдаланушылардың сұрауы бойынша ЭЦҚ арқылы авторлану қызметі пайда болды. «Интернет байланысы арқылы» немесе «электрондық пошта бойынша» хабарлау тәсілін таңдаған пайдаланушылар үшін жеке кабинетте тіркеу және бір реттік пароль алу қызметі қолжетімді. Сондай-ақ, үзінді көшірмеден төлемдер талдамасын көру мүмкіндігі қосылды, ол салымшының жеке шотына зейнетақы қаражатын аударатын агент (ұйым) туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Қосымшаның қызметімен қатар дизайны да едәуір пысықталды. БЖЗҚ мамандары қосымша ішіндегі навигацияны ыңғайлы және интуициялық түрде түсінікті етіп жасауға тырысты.
     БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


Әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің 50% жарнасын аудару рәсімі аяқталды

     2016 жылғы 10 тамызда жоспар-кестелерде көзделген әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған тұлғалардың пайдасына бюджет қаражаты есебінен бұрын аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару шаралары аяқталды.
     Аталған шараның 2016 жылғы 18 ақпанда басталғанын еске сала кетейік. Жоспар-кестелерде белгіленген мерзімдер мен шаралар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілді.
     Әскери қызметшiлердің және әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына бюджет қаражаты есебінен бұрын аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару – аталған санаттағы азаматтарды толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырудың міндетті талабы. Аталған шара олардың зейнетақы мөлшерін елеулі түрде көбейтуге мүмкіндік береді.
Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігін пайдалану құқығы әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлеріне зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес жалпы негіздер бойынша беріледі. Қандай да бір себеппен жарналарының 50 пайызы қайтарылмаған әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлері де зейнетақы төледерін осы талаптарда алады.
Әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылды. Осы кезеңнен бастап «толық емес» көлемде еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін алатын (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызмет мерзімі 10 жылдан аз болған) әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің зейнетақы мөлшері міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызды жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы БЖЗҚ растау-анықтамасының негізінде қайта есептеледі.
Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызды жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы БЖЗҚ растау-анықтамасын өткізу – 1998 жылғы 1 қаңтарда қызметке алғаш кіріскен әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдары бойынша мемлекеттік бюджеттен зейнетақы тағайындау талаптарының бірі.
     «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. «БЖЗҚ» АҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.
     Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 


«БЖЗҚ» АҚ 1418 қысқа нөмірін іске қосты

     Алматы, Казақстан, 2016 жылғы 7 шілде – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет көрсетуді жетілдіре отырып, салымшылар (алушылар) үшін байланыс орталығына  қоңырау шалатын 1418 - қысқа нөмірін іске қосты.
     Енді БЖЗҚ салымшылары (алушылары) күн сайын сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін қысқа әрі тез жатталатын нөмірді тере отырып, Қорға қоңырау шалып, өздеріне керекті барлық сұрақ бойынша кеңес алатын болады.
    Осы нөмірге ҚР кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмірінен және стационарлық (қалалық) телефоннан қоңырау шалу тегін әрі қолжетімді.
1418 нөмірі қалалық телефоннан тегін қоңырау шалынатын «БЖЗҚ» АҚ байланыс орталығының 8 800 080 11 77 нөмірімен қатар жұмыс істейтін болады.
 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру» ММ арқылы БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қорды басқару кеңесіне берілді.
     Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ  www.enpf.kz)


2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

   Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,35 трлн. теңгені құрады. Шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,15 млн. бірліктен асты, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалғаны шамамен 9,7 млн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны – 405 713 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 075 бірлік.
     Таза инвестициялық табыс сомасы - 378,82 млрд. теңге, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегіден (156,63 млрд. теңге) 222,19 млрд. теңгеге артық. Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтері бойынша жылдық табыстылық (2015 жылғы шілде – 2016 жылғы шілде) 17,7% деңгейіндегі құнсызданудан асып, 19,1%-ды құрады. 2016 жыл басынан бергі табыстылық   6,4%-ды құрады, бұл ұқсас кезеңдегі құнсыздану деңгейінен (5,2%) 1,2%-ға жоғары.
     Жыл басынан бері БЖЗҚ жасаған зейнетақы төлемдері мен аударымдары 106,58 млрд. теңге мөлшеріндегі соманы құрады, бұған 10,95 млрд. теңге мөлшеріндегі сақтандыру ұйымдарына аударымдар кірді.
     Әрбір салымшы (алушы) кез келген күнге өз ЖЗШ-ындағы жинақтары туралы 236 БЖЗҚ бөлімшесінің бірінен немесе Қор сайты арқылы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімінен біле алады. Сондай-ақ салымшыларда (алушыларда) өз зейнетақы шотын түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы бақылау мүмкіндігі бар. 2016 жылғы 1 тамызда ұялы қосымша жүктеп алуының жалпы саны 267,6 мыңға жетті. Көшбасшы – Android, осы платформадағы қосымша 215,6 мың рет жүктеп алынған, бұл барлық жүктеудің 80,6%-ын құрайды. Екінші орында iOS: iPhone және iPad үшін қосымшаны 47,1 мың рет жүктеп алған, үшінші орында Windows Phone – 4,9 мың жүктеп алу.
    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерілген) беру» қызметі іске қосылған 2015 жылдың ақпан айынан бастап 2016 жылғы 1 тамызға дейін электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 315 мыңнан астам үзінді көшірме берілген.
     БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


БЖЗҚ туралы 5 сұрақ   

 БЖЗҚ-ға күнделікті түрлі байланыс арналары, атап айтсақ, байланыс орталығы, БАҚ, әлеуметтік желілер және т.б., т.с.с. арқылы көптеген сұрақтар түседі. Олардың ішіндегі ең көп қойылатын сауалдар «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» дәстүрлі айдарында.  

 1.     Зейнетақы жинақтарының сомасы мен БЖЗҚ салымшыларының жалпы саны бүгінде қандай?  

           2016 жылдың 1 маусымында зейнетақы жинақтарының сомасы 6,14 трлн. теңгені құрады. 2016 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шарттардың жалпы саны 10,13 млн. бірліктен асып түсті, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен шарт жасасқан салымшылардың (алушылардың) саны шамамен 9,7 млн. болса, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жасалған шарттар саны 400 903 бірлікті құрады. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 38 871 бірлік.   

 2.     Азаматтар зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты  қандай тәсілдер арқылы ала алады? Мәліметті телефон арқылы қоңырау шалып білуге бола ма?

  БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілі бар. Салымшы (алушы) олардың ішінен өзі үшін ең ыңғайлысын таңдай алады, мысалы:   

- салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде (Қазақстан бойынша БЖЗҚ-ның 236 кеңсесі бар);

 - электрондық почта арқылы, оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішінде не хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық мекенжайға жолданады;   

- логин мен пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып, www.enpf.kz  сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі арқылы алуға болады. Сондай-ақ, хабарландырудың «интернет арқылы өзі хабарласу» тәсілін таңдап, БЖЗҚ мамандары Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде қызмет жасайтын смартфондар мен планшеттер үшін әзірлеген ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға болады; 

- egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы. Бұл қызмет www.egov.kz порталындағы «Азаматтар» санатының «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдары, «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде қолжетімді. Қызметті алу үшін ЭЦҚ мен электрондық үкімет порталына тіркелу қажет. 

- Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе өтініште көрсетілген мекенжайға пошта байланысы арқылы ақпарат жіберу әдісін пайдалана алады.                                  

 Қор Сізге интернет-ресурстар арқылы қашықтықтан ақпарат алу тәсілін таңдап, логиніңіз бен пароліңізді тіркеп немесе ЭЦҚ бар болған жағдайда үйден не кеңседен шықпай-ақ, өз шотыңыздың жағдайы туралы ақпарат алудың ыңғайлы, жедел және үнемді тәсілдерін пайдалана отырып, жұмыс берушіден міндетті зейнетақы жарналарыңыздың уақтылы түсуіне бақылау жасау мүмкіндігіне ие болуды ұсынады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Зейнетақы қағидаларында жеке зейнетақы шотының жағдайы туралы ақпаратты қоңырау шалу арқылы алу тәсілі көзделмеген.   

 3.     Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыруға бола ма?

 Міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары заңнамамен белгіленген тәртіпте өсиетхат арқылы да, заң бойынша да мұраға қалдырыла алады. Жалпыға ортақ белгіленген тәртіп бойынша мұрагерлік құқықтарын ресімдеген және зейнетақы жинақтарын төлеу үшін қажетті заңнама талаптарына сәйкес құжаттарды БЖЗҚ-ға өткізген соң, зейнетақы жинақтары мұрагерлердің зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерінде көрсеткен банк шоттарына аударылады.

 4.     Елден алыс шет елге шыққан кезде төлемдерді қалай алуға болады? 

         Зейнетақы заңнамасына (Қазақстан Республикасының 02.08.2015ж. «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілген түзетулерді ескере отырып, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 және 32 бб.) сәйкес,  міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен (ТТК), Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие.   

     Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы төлемін ресімдеу үшін БЖЗҚ-ға құжаттарды тапсыруды мына тәсілдердің бірін қолдану арқылы іске асыра алады. Біріншіден, БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп тапсырса болады. Бұл жағдайда олар БЖЗҚ-ға шетелдік паспорт көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасын, сондай-ақ, алушының банктік шоты туралы мәліметтерді ұсынады. 
Егер төлем үшінші (сенім білдірілген) тұлға арқылы жүзеге асырылатын болса, онда БЖЗҚ кеңсесіне сенім білдірілген тұлға келген кезде алушының шетелдік паспортының (белгі соғылған беттерінің) нотариат куәландырған көшірмесін, үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, және салыстыру үшін оның түпнұсқасын, нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін, сондай-ақ алушының банктік шоты туралы мәліметтерді ұсынады.      

     Бұдан бөлек, төлем алуға өтінішті почта байланысы арқылы да беруге болады. Мұндай жағдайда БЖЗҚ-ға БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысандағы алушының өзі толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініші, ондағы алушының қолын нотариат куәландырады, алушының шетелдік паспортының (белгі соғылған беттерінің) нотариат куәландырған көшірмесі және алушының банктік шоты туралы мәліметтер  жолданады.   
Егер құжат көшірмесінің түпнұсқаға сәйкестігін, алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын растау, сенімхатты куәландыру бойынша нотариаттық әрекеттер шет мемлекетте жүргізілетін болса, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарда басқаша белгіленген жағдайларды қоспағанда, оларды заңдастыру қажет.   
Өткізу тәсіліне қарай құрастырылған қажетті құжаттар тізімі, соның ішінде өтініштердің бланкілері мен оларды толтыру үлгісі, сондай-ақ сенімхаттардың үлгілері www.enpf.kz адресі бойынша БЖЗҚ-ның корпоративтік веб-сайтына орналастырылған.    

     Егер ұсынылған құжаттар пакеті Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сай болса, зейнетақы жинақтарының сомасы алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтінішінде көрсеткен банктік шотына құжаттарды қабылдаған не олардың БЖЗҚ-ға түскен күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде аударылады. 

 5.     Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер қалай қатысады?

 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

Адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, кәсіби медиатор, сондай-ақ дара кәсiпкер өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өз бетінше айқындайтын табыс алатын табыс болып табылады. 

Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.


Зейнетақы 5%-ға көбейеді

     2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының қосымша 5%-ын белгілеу есебінен жаңа шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесін (ШЖЖ) енгізу қарастырылды. Анықтамасының өзі анықтап тұрғандай, бұл салымдарды жұмыс беруші енгізеді, сондықтан олар азаматтардың меншігі болмайды және мұраға қалдырылмайды.    
     Осыған байланысты соңғы кездері халық арасында түсінбеушілік, одан қала сенімсіздік орын алуда. Оның себебі де бар. Жұмыс істейтін азаматтардың көпшілігі  10% міндетті зейнетақы жарналары болғандықтан, ЖМЗЖ-ның не үшін енгізілетінін білмей дал болуда. Олардың көпшілігінде жаңа өзгерістердің енгізілуіне орай жұмыс берушілер де жалақыны дәл сол 5%-ға азайтуы мүмкін деген үрей бар. 
     Халықтың бұлай үрейленуі еліміздегі азаматтардың қаржылық сауаттылығының әлі де болса төмен деңгейде болуына байланысты. Ақпараттың қолжетімділігіне қарамастан, елімізде салымшылардың инвестициялық табысын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) алып отыр деп ойлайтын адамдар да кездеседі. Мұндай жаңсақ пікір қасақана ниеттен емес, зейнетақы мен қаржы жүйесінің жұмысын түсінбегендіктен туындап отыр. 
Енді ШЖЖ енгізу мәселесін барынша қарапайым тілмен түсінідіріп көрейік. Бүгінгі таңда зейнетақы үш бөліктен тұрады, олар – базалық, ортақ және жинақтаушы.
     Базалық  – ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) 50%-ы. Зейнетақының бұл бөлігі еңбек өтіліне қарамастан зейнеткерлердің барлығына мемлекеттік қазынадан төленеді.
     Ортақ. Бұл зейнетақыны 1998 жылға дейін аз дегенде жарты жыл еңбек өтілі болған адамдар алады (оған ЖОО-да оқыған кезең де кіреді). Яғни зейнетақының бұл бөлігін 1979-1980 жылдары туылған азаматтар соңғы рет алатын болады. Зейнетақының бұл бөлігі де бюджеттен беріледі.
Енді жинақтаушы зейнетақы бөлігіне тоқталайық. Бұл әлдеқайда жеңіл. Жинақтаушы жүйе дегеніміз салымшының өзі аударатын жинақ бөлігі, басқа сөзбен айтқанда 1998 жылдан бастап жалақыдан жеке зейнетақы шотына аударылып отыратын, дәулетті кәрілікті қамтамасыз етуге арналған 10% зейнетақы.  
Бұдан «зейнетақы бір нәрседен болса да жиналуда, онда ШЖЖ не үшін енгізу керек?» – деген сұрақ туындайды.
Мұның сырын анықтау үшін ортақ зейнетақыға оралайық. Сонау Кеңес одағы кезінде бір зейнеткер үшін төрт адам жұмыс істеген. Төрт еңбеккер тиісті салығын төлеп отырса, бір адам құрметті демалысының рахатын көріп отырған. Алайда, үкімет құлап, дағдарыс орын алған кезде халықтың жұмыс істейтін бөлігі айтарлықтай қысқарды, ал бұл мемлекет қазынасындағы түсімге де әсерін тигізді. 1998 жылға қарай бір зейнеткерге 1,8 жұмыскерден келіп отырды.     
Бұған қоса, сұрапыл соғыстан кейінгі 50-60 жылдары бала туу өте жоғары деңгейді көрсеткен болса, 90-шы жылдары бала туу деңгейі өте төмен көрсеткішке жеткен. Осыған орай, бүгінгі жұмыс істейтін жастар (25-30 жас) зейнеткерлерді (65-75 жас) толық көлемде қамтамасыз ете алмайды, себебі жұмыс істейтін халық саны кеңес заманымен салыстырғанда екі есеге азайған. Бірақ бүгінде бір зейнеткерге шаққанда жұмыс істейтін әрі зейнетақы жарналарын үздіксіз аударатын адамдар саны 90-жылдардың аяғына қарағанда біраз болса да көбейген - 2,2. Осы деректерді және 1998 жылға дейінгі еңбек өтілінің барған сайын азайып келе жатқанын ескере келіп, ортақ зейнетақы бөлігін біртіндеп ауыстыру қажеттілігінің туындағанын көреміз.      
Қазақстан халқының белгілі бір бөлігінің БЖЗҚ-ның үлгілі салымшылары емес екенін ұмытпаған жөн, олар зейнетақы аударымдарын өте сирек жасайды, не мүлде жасамайды. БЖЗҚ-дағы 10 миллион шоттың ішіндегі БЖЗҚ-ға үздіксіз жарналар аударатын салымшылар саны 6,4 миллион адамды немесе халықтың жұмыс істейтін бөлігінің 75%-ын құрайды. Қалған белсенді, бірақ жарна аудармайтын тұрғындар да (ал ол 3,5 миллионнан асады) зейнет жасына толғаннан кейін «лайықты» зейнетақысын алғысы келеді.
         Сондықтан жан-жақты есептеп, халықаралық тәжірибені игергеннен кейін ғана заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде базалық зейнетақы да бар. 2018 жылдан бастап 10 жыл және одан аз өтілі болған немесе өтілі мүлдем болмаған жағдайда зейнетақы мөлшері ЕТК-ның  50%-на тең болады. Ол әрбір келесі толық жыл үшін 2%-ға ұлғайып отырады. Яғни 20 жылдық өтіл болғанда, базалық зейнетақы 70%, 30 жыл болғанда - 90%, ал өтіл 35 жыл және одан да көп болғанда 100%  ЕТК-ны құрайтын болады. Бұған қоса өтіл еңбек кітапшасындағы жазбалармен ғана емес, БЖЗҚ-ға тұрақты аударылған зейнетақы жарналарымен де расталуы тиіс.
     Зейнетақының жалпы сомасына жұмыс беруші есебінен төленетін жарналар да қосылуы тиіс. Жұмыс берушінің жаңа 5% міндетті зейнетақы жарналарының басты артықшылығы мынада: жұмыс беруші осы жарналарды аударатын зейнеткер (5 және одан да көп өтілі болғанда) өзінің шартты зейнетақы шотындағы қаражаты таусылса да, осы құрамдауыштағы зейнетақыны өмір бойы алатын болады. Жинақтар мұраға қалдырылмайтын болғандықтан, жүйеден кеткен (қайтыс болған/басқа жаққа кеткен)  адамдардың жинақтары басқа пулға қатысушылардың шоттарына бөлінеді. 
ШЖЖ үлгісі эксперимент үшін жасалған жаңа үлгі емес. Бұл Швеция, Норвегия, Латвия секілді және т.б. батыс елдерінде толыққанды жұмыс істеп келе жатқан зейнетақы үлгісі. 
     Зейнетақы жүйесі үздіксіз дамып отырады. Қазақстанның зейнетақы үлгісінде үш тараптың: мемлекеттің, жұмыс беруші мен салымшының қатысуы және олардың мүдделі болуы көзделген. Мемлекет зейнетақының базалық деңгейіне, зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдігіне және БЖЗҚ-ның қызметіне жауап береді. Жұмыс берушіге және бәрімізге міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы әрі толық аудару мен қызметкердің шартты-жинақтаушы шоттарын толықтыру жауапкершілігі жүктелген. Өйткені бұл – БІЗДІҢ болашағымыз.




БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

БЖЗҚ enpf.kz сайты мен әлеуемттік желілердегі Қордың ресми сайттарының оқырмандары мен кірушілері жиі қоятын сұрақтарға жауап береді.           

1. Мен әлі жаспын, ешқандай зейнетақы аударымдарым да жоқ. Болашақ зейнетақымның жақсы болуы үшін қазір не істеуім керек? 

2018 жылдан бастап зейнетақы төлемдерінің, оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға байланысты болады.

Мәселен, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса не мүлдем болмаса, мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – ЕТК) шамасының 50%-на тең болады, оның мөлшері он жылдан артық зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің әрбір толық жылы үшін  2 пайызға ұлғаяды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТК шамасының 100%-нан аспайды.

Бүгінгі таңдағы зейнетақының жинақтаушы бөлігі:                                           

-         10% қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары (бұл біз 1998 жылдан

бастап ай сайын өз жалақымыздан 10% аудара отырып, жинап келе жатқан сома);

-          5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұл еңбек жағдайлары зиянды (аса

зиянды) қызметкерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан төлейтін агент (жұмыс беруші) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап аударатын - қызметкердің ай сайынғы табысының 5 % мөлшеріндегі сома) ;

-         ерікті зейнетақы жарналары.

Бұған қоса, 2018 жылдан бастап, қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне

өзгерістер, яғни шартты-жинақтаушы құрамдауыш немесе жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетін болады. Оны жұмыс беруші зейнетақы жарналарын аудару үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 % мөлшерінде барлық қызметкерлеріне олардың еңбек жағдайларына қарамастан аудару үшін өз қаражаты есебінен төлейді.

Сіз әлі жассыз, бірақ қазірден бастап зейнет жасындағы тұрмысыңызды  ойлағаныңыз абзал. Сіздің зейнетақыңыздың негізгі бөлігін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері, яғни зейнетақы жинақтары құрайды.       

Болашақта зейнетақыңыз жеткілікті болсын десеңіз, міндетті зейнетақы жарналарының БЖЗҚ-ға тұрақты түрде әрі толық көлемде түсіп тұрғанын қадағалап отыру аса маңызды. Басқа жинақтаушы құралдар туралы да ойлаған артық болмайды, мысал ретінде ерікті зейнетақы жарналарын алуға болады. Ерікті жарналарды кез-келген қазақстандық төлей алады, ол ерікті зейнетақы шотын ашып,  сол арқылы өз зейнетақы жинақтарын көбейтеді. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.    

Сонымен, егер Сіз зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (шарттарды) жасамаған болсаңыз, БЖЗҚ кеңселерінің біріне жеке куәлігіңізбен келіп, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті (өтініштерді) ресімдегеніңіз жөн.

2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары дегеніміз не?

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс беруші еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін аударатын жарналар.

Бұл кәсіптердің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1562 қаулысымен белгіленген. Жарналар мөлшері міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 %-ын құрайды. 

3. 2016 жылғы 1 мамырда БЖЗҚ-да жинақтардың жалпы сомасы 76,2 млрд. теңгеге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша 398 472 зейнетақы шоты ашылған. Зейнетке шыққан кезде өзімнің барлық жинақтарымды бірден алуыма бола ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БЖЗҚ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндетті. Аталған тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 ж. № 1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру
қағидаларында (бұдан әрі – Қағида) айқындалған.

Мәселен, Қағиданың 3-тармағына сәйкес зейнетақы төлемдері белгіленген кесте бойынша ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын жүзеге асырылады.

Бұл ретте, белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы мынадай шамаларда есептеледі және:

1)      республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен

зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аспайды (2016 жылы «2016-2018 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында ең төменгі зейнетақы мөлшері 25 824 теңгеге көбейтілді  және 774 720 теңге болды (30*25 824));

2)      зейнетақы жинақтары сомаларының Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді

жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан аспайды. Бұл есеп алушының, яғни 58 жасқа тоған әйелдердің зейнетақы жинақтарының сомасы 8,223 млн. теңге және одан көп болған, ал 63 жасқа толған ерлерде 7,401 млн. теңге және одан көп болған жағдайда қолданылады.

Егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аз болса, алушы зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын ала алады.

Төлем жасалған соң жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз болған жағдайда, бұл қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.

4. БЖЗҚ мобильдік кеңсесі дегеніміз не?

БЖЗҚ-ның барлық салымшылары мен алушыларының БЖЗҚ көрсететін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мерзімсіз болып белгіленген І, ІІ топтағы мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі адамдарға барып қызмет көрсететін жаңа «Мобильдік кеңсе» жобасы 2015 жылы қолданысқа енгізілді. Қордың бастамасымен құрылған осы Жоба салымшыларға жаңа мүмкіндіктер беріп отыр.  

Жобаның басты мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, мүгедектерге ақпараттық-кеңестік көмек беру, салымшыларға зейнетақы қызметі бойынша  Қор кеңсесінен тыс жерлерде тиімді қызмет көрсету. «Мобильдік кеңсе» жобасын іске асыру үшін салымшыларға барып қызмет көрсететін мамандар командасы құрылды. Команданың құрамында БЖЗҚ-ның әр филиалынан бір-екі өкіл бар. 

БЖЗҚ-ға мүмкіндігі шектеулі салымшылар (алушылар) туралы мәліметтер БЖЗҚ мен «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» (ЗТМО) арасындағы ақпарат алмасу туралы шарт аясында ЗТМО дирекциясының «Азаматтарға арналған Үкімет» КЕАҚ филиалының деректері негізінде беріледі. Сондай-ақ ЗТМО деректерінің негізінде 2015 жылғы шілдедегі жағдай бойынша төлем алуға құқылы, бірақ Қорға өтініш жасамаған халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі Қордың ИААЖ базасынан алынды. 

Таяу арада мамандардың барып қызмет көрсетуі арқылы мүмкіндігі шектеулі салымшылардан (алушылардан), ал Қордың 88000801177 Байланыс орталығы мен сыртқы enpf.kz сайты арқылы түзімдік және ерекше күзет объектілеріндегі тұлғалардан өтініштер қабылдау қызметін іске асыру жоспарланды.

5. Менің қызым күйеуге шыққан соң, тегін ауыстырды. Бұл туралы БЖЗҚ-ға хабарлау керек пе?

БЖЗҚ салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты, туған күнінің өзгеру деректері туралы ақпаратты ЗТМО-дан автоматты түрде алады. Салымшыда қордың ақпарат беру жөніндегі міндеттемелеріне әсер ететін қандай да бір басқа өзгерістер (мекенжайы, электрондық мекенжайы және т.б.) болған жағдайда, салымшы бұл туралы БЖЗҚ-ға белгіленген тәртіппен хабарлауға міндетті.    

Сондықтан, Қор барлық салымшыларынан БЖЗҚ-дағы деректерін тексеруді сұрайды  және оларға өз жинақтары туралы ақпарат алудың барынша ыңғайлы, заманға сай, үнемді әрі жылдам тәсілін таңдап алуға кеңес береді. Себебі бұл тәсілге олардың мекенжайының, орналасқан жерінің өзгергені әсер етпейді.   

 

 

хат жіберу