Блог статистикасы
195
Жазбалар
4937
Өтініштер
196846
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Пробация қызметі

Қайта әлеуметтендіру басты мақсат!

            Пробация қызметінің есебінде тұратын пробациялық бақылауы бар сотталған тұлғалар қасақана немесе абайсызда заң талаптарын бұзып, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот органдарының үкімдері бойынша жазаларын өтеуге тура келеді.Бірақ сотталған азаматтардың Қазақстан Республикасының Конститутциясында белгіленген еңбек ету,деңсаулық сақтау,жеке қауіпсіздік,білім алу және басқа да құқықтарынан айырылмайды. Өмірде аяғын шалыс басып,қылмыс жасап жазаға тартылып жатқан сотталған азаматтарды тәрбиелеуде оларды түзету жолына түсіруде тым қатаң шараларды қолданбаса да болады. Егер біз сотталған азаматтарға тым қаталдық танытатын болсақ,онда біздің қылмыскерден айырмашылығымыз қандай? - деген сұрақ туындары анық. Жалпы адам біреуден ізгілікті қарым – қатынас күтетін болса,өзі де оған сондай қарым – қатынас таныту керек. Өйткені өшпенділік - өшпенділікті,сүйіспеншілік – сүйіспеншілікті тудырады Жамандыққа жамандықпен жауап беру әркімнің де қолынан келеді,және кейбіреулер солай да етеді.Ал,жамандық жасаған жақсылық жасау екенің бірінің қолынан келе бермейтін шара,ол үлкен адамгершілікті қажет етеді. Бұл орайда, Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың ҚР 2017-2019жылға арналған  кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы Арқалық қаласының пробация қызметінің басты мақсаты болып тұр. Пробация қызметінің есебінде бас бостандығынан айыру орнынан бас бостандығын шектеу жазасы жеңіл жаза түрімен алмастырылған сотталған  Николай деген азамат өз ризашылығын пробация қызметіне сөзбен жеткізе алмай , алғысын бір парақ қағазда көрсеткен болатын. Аталған сотталған тұлғаға пробация қызметі бей қам қарамай, жеке куәлігі бір жылдан аса уақытта ала алмай жүрген Николайдың, Ресей федерациясы консульствасы арқылы азаматтығын анықтап, жеке куәлігін алды. Сонымен қатар, пробация қызметі, тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрғызып, соңыра Арқалық қаласының ЖЭС-на  «авариялық құтқарудың теміршебері» ретінде жұмысқа орналастырды. Осылайша, пробация қызметі бірнеше сотталған тұлғаларға қажетіне қарай көмек көрсетуде. Мүмкіндігінше ізгілендіру қағидаларының жақсы жақтарына назар аударып,соны пайдалану арқылы біз қоғамға және азаматтарға қайта әлеуметтендіру болашаққа жаңаша  жол бастаудың бағыты деп білеміз!


Пробация

              Жалпы қылмыстық-атқару жүйесіне  қазіргі таңда пробация қызметі деген қосымша атау енгізілген. Пробация дегеніміз – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі. ((«Пробация туралы» ҚР Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 38-VІ ҚРЗ ). Осы Заң пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және пробация ұғымын, мақсатын, міндеттерін, қағидаттарын, түрлерін және жүзеге асыру нысандарын, сондай-ақ өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың және оны жүзеге асыратын субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілейді.

       Пробацияның мақсаты («Пробация туралы» заңының 2-бабы):

      1) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу;

      2) сотталған адамды әлеуметке қосу;

      3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.

      3. Көрсетілген мақсатқа сәйкес мыналар пробацияның міндеттері болып табылады:

      1) пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

      2) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау;

      3) бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, шартты түрде сотталғандарға, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау жасауды жүзеге асыру;

      4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамды босатуға дайындауға қатысу. 


«Пробация туралы» заңынан үзінді

Пробация қызметі мемлекеттік органдармен, азаматтармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де заңды тұлғалармен пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өкілеттіктерді атқарады.

11-бап. Азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де заңды тұлғалардың пробацияны жүзеге асыруға қатысуы

      1. Азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де заңды тұлғалардың пробацияны жүзеге асыруға қатысуы өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмекті ұсынуға ерікті түрде жәрдемдесу арқылы мынадай нысандарда іске асырылады:

      1) пробация қызметінің жұмысын және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмекті жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру;

      2) социологиялық және өзге де мониторингтер жүргізу;

      3) пробацияны реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және қоғамдық талқылауға қатысу;

      4) пробация мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші және сарапшы органдардың жұмысына қатысу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандарда өзге де жәрдем көрсету.

      2. Пробацияны жүзеге асыруға қатысатын адамдар өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың дербес деректерін, сондай-ақ жеке өмірі туралы мәліметтерді олардың жазбаша келісімінсіз жариялауға құқылы емес.

      3. Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар пробация қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және өзге де міндеттемелеріне сәйкес көмек көрсете алады.


Арқалық қалалық пробация қызметінің күнделігінен

     Арқалық қалалық пробация қызметі 2019 жылдың 11.03.-17.03 айы аралығында Республикалық профилактикалық «Пробация» атты іс-шарасы өткізілді.    
     Осы іс-шараны өткізу барысында пробация қызыметі   Арқалық қалалық ПБ-ның ЖП қызметкерлерімен бірігіп қылмыстың алдын-алу, қылмысты болдырмау мақсатында инспекция есебінде тұрған барлық шартты сынақ мерзіміне, бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандарды тұрғылықты мекен–жайлары бойынша тексеріп олармен және оларға ықпал жасай алатын тұлғалармен профилактикалық бағыттағы әңгіме өткізілуде.
    Іс –шараны өткізу барысында қоғамдық орындарда тәртіпті бұзып, ол үшін әкімшілік жазаға тартылған азаматтарға жиналған іс-құжаттар Арқалық қалалық сотына дайындалып  жолданды. Бас бостандығын шектеу жазасы берілген сотталғандарды кешкілік мерзілде тексеріліп, жаза өтеу тәртібін бұзғандарға Арқалық қалалық пробация қызметі сотталғандарға тәртіптік жаза түрі берілді.
     Осы іс-шарада пробация қызыметі бақылауынан бой тасалап тіркеуге келмей жүрген тұлғаларды анықтап, олармен қайталама қылмыс жасамау мақсатында тыңғылықты жұмыстар атқарылды.
Арқалық қалалық пробация қызыметі өз жұмысын әрі қарай жалғастыруда

«Қақпа алдында кездесу»

     28 ақпан  2019 жылы  УК 161/12 түзеу мекемесімен бірлесіп әлеуметтік жобада   «Қақпа алдында кесдесу» отырысы өткізілді.
     Бұл әлеуметтік жоба Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітілген.
     Осы кездесуде Арқалық қалалық прокуроры Муратханов Досымхан, Арқалық қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды дамыту  орталығынын маманы Жалмишева Зарина,  Арқалық қаласының өңірлік ауруханасының  дәрігері Омарбекова Айдана,  және Арқалық қаласының пробация қызметінің бастығы Нурканов Серік  ат салысты.
     Арқалық қаласының пробация қызметінің бастығы С.С.Нурканов  сотталғанға түзеу мекемесіннен шыққаннан кейін өзі тандаған тұрғылықты мекен жай бойынша пробация қызметіне есепке тұруы, және де пробация қызметінде тұрған уақытта барлық әлеуметтік көмекті алуына құқылы екендігі айтылды. Яғни жұмысқа орналасуға, тегін медициналық көмек алуына басқада әлеуметтік мәлелері бойынша пробация қызметі көмектесетіндігі толығымен сотталғанға түсіндірілді.   

 Арқалық қаласының ПҚ аға инспекторы әділет капитаны   М.К.Кенжегулова


Жас келсе іске

Арқалық қаласының пробация қызметі  2018 жылғы 13 қарашадағы №784 Жарлығымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп  жариялануына байланысты және де 2018 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты  жөніндегі  Кеңестің XXII отырысы хаттамысының 2.2 бөлігін  орындауына байланысты жастардың барлық санатын қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар арасында жастар қылмысының өсуің алдын алу бойынша профилактикалық шаралар кешенін қабылдау мақсатында  «Жас келсе іске» атты  атаумен «Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы»КММ ұйымдастыруымен жастар кәсіпкерлігін қолдау, қажетіне қарай дамыту үшін ақпараттық түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға қала және ауыл жастары, жас кәсіпкерлер, кәсіп ашуға ынталы топтар,маргинальды жастар, пробация қызметінің есебінде тұратын жастар, тағыда басқа жастар санаттары қатысты. Іс-шараның  мақсаты мемлекет тарапынан кәсіп ашуға жасалып жатқан мүмкіндіктерді  жастарға жете түсіндіру. Осы мақсатта түсіндіру жұмыстарына кәсіпкерлік саласына «Арқалық қаласы әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі» ММ, «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Арқалық қалалық филиалы шақырылып,  жастардың қойған сұрақтарына жауап берді.  Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында  жастарға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру мүмкіндігін  жасау, мемлекеттік бағдарламаларға барынша қатыстыру, жастардың кәсіптік оқу, шағын несие алу жолдары, кепіл зат қою, мал бордақылау  сынды көптеген сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Шара соңында мамандар жастарды жеке-жеке қабылдап ойларында жүрген бизнес идеяларымен бөлісті.

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД 
Арқалық қаласы пробация қызметінің бастығы әділет капитаны   С. Нурканов

Арқалық қаласының пробация қызметінің күнделігінен...

Қоғамымыздың қалыпты дамуына, болашақ ұрпағымыздың өсіп - өнуіне зор қауіп – қатер төндіріп отырған нашақорлыққа қарсы күрес шараларын жүргізуге қазіргі кезде тек құқық қоорғау органдары ғана емес, ұрпақ тәрбиесіне жауапты буындардың бәрі мүдделі болып отырғандығының өзі көп нәрсені аңғартады.

Қазіргі замандағы қылмыстық үлкен бір өрісі табылатын есірткені немесе наша шөбін пайдалану, басқа да улы заттарды қолдану, оны тасымалдау мен өкізу. Ол қылмыс болып саналатыны сөзсіз. Арқалық қаласының пробация қызметінің есебінде қазіргі кезде жоғарыда көрсетілген қылмыс үшін сотталғандар да есепте тұрады. Мысалы, Н. деген азамат Арқалық қаласының көшесінен жүріп келе жатқанында қағаз бумасын тауып алады. Сол қағаз бумасының ішінде жасыл шөпті көреді. Көріп тұрып оны жоймай, оның қаншалықты зиян екенін біле тұра өз жеке басына пайдалану үшін және де қажет болған жағдайда сату мақсатында алып қалады. Біраз уақыт өткен сон Н. деген азаматты полиция қызметкерлері ұстап, жеке басын тексеру кезінде қағаз бумасын тауып, оның адам денсаулығына зиян шөп екенін анықтайды. Н. деген азаматты Арқалық қалалық сотымен ҚР ҚК-нің 296 бабы 2 бөлімі бойынша 90 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасын береді. Қазіргі уақытта азамат Н. өз істеген қатесіне өкінеді және де алдағы уақытта ондай қайталамайтынын айтып, өз жазасын Арқалық қаласының пробация қызметінде өтеп жатыр.

Арқалық қаласының пробация қызметінің
инспекторы әділет кіші лейтинанты С.Д.Оразгалиев

хат жіберу